“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ-де XLIХ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

11-12 сәуір аралығында «XXI ғасыр жастары – қазіргі әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» атты XLIХ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы М.Остоградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) және Г.И.Носова атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университет (Ресей) бірлесіп өтті.

Аталған республикалық ғылыми-практикалық конференциясы Ғылым күні мен академик Сәтпаев Қаныш Имантайұлының 120 жылдығы аясында өткізілді.

Конференцияның пленарлық мәжілісін ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор – Айкеева Алтын Аманжолқызы ашты.

Одан әрі конференция қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөзін ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің электромеханика, энергия үнемдеу және басқару жүйелері институтының директоры, т.ғ.д., профессор А. П. Черной және Г. И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми-әдістемелік жұмыс және білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі проректоры Сергиенко С. А. сөз сөйледі.

Конференция жұмысы 9 секция бойынша өтті:

– «Металлургия мен металлтану дамуындағы инновациялар»;

– «Машина жасау технологиясының өзекті мәселелері»;

– «Химия, химиялық технология және экология»;

– «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру»; -«Қазіргі физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар»;

– «Сәулет және құрылыс»;

– «Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстандағы бизнестің дамуы»;

– «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөлі»;

– «Филологиялық ғылымдар».

Конференция барысында 300-ден астам баяндама айтылды. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияның жабылуы 12 сәуірде ҚМИУ жаңа корпусының акт залында өтті.

ҚМИУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жаутіков Бахыт Ахатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның ресми бөлігі жағымды сәттен басталды. Сахнада салтанатты түрде Тұңғыш Президенттің әріптесі, Құрметті металлург, 1967 жылдың түлегі Ысқақов Тоқтар Ыбырайұлына қазақ салт-дәстүрімен шапан берілді.

Одан әрі республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған студенттерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімі өтті.

«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасындағы республикалық олимпиадада жүлделі екінші орын алғаны үшін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректорының алғыс хатымен келесі студенттер марапатталды:

1) Райымбек Нұрқазы ТОМ-17к тобынын студенті

2) Дәулетбай Шүкір ТТТТ-17к тобынын студенті

3) Мырзабеков Нұрсұлтан ТТТТ-17к тобынын студенті

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректорының алғыс хатымен студенттерді дайындаған үшін «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының оқытушысы Азимбаев Куатхан Әлібекұлы марапатталды.

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 3 орын алғаны үшін ректордың алғыс хатымен МиТНМ-16 тобының студенттері Сапаров Дастан және Асаинова Диана марапатталды. Осы олимпиадаға студенттерді дайындағаны үшін «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушылары Балабаева Айнұр Айтжанқызы және Ахметова Гүлжайнат Есенжолқызы марапатталды департаментінің жетекші инженері Жасұлан Рымгүл Құатқызы, СМЖ бөлімнің басшысы Ольга Клементьеваға және «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Қасенова Әйгерім Нұрсұлтанқызына берілді.

Одан кейін барлық секциялар бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Металлургия мен материалтануды дамытудағы инновациялар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – М-18нм тобының магистранты Моисеев Андрей

2 орын – М-18нм тобының магистранты Булекова Гулзат

1 орын – МиТНМ-15 тобының студенті Асаинова Диана

“Машина жасау және көлік технологиясының өзекті мәселелері” секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТМиО-15к-1 тобының студенті Меирбекова Алтынай

2 орын – ТОМД-15к тобының студенті Қамбар Мадина

1 орын – ТОМД-15 тобының студенттері Шостикова Алия және Тымченко Александра

«Химия, химиялық технология және экология» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – «№21 ЖББОМ» КММ 10 сынып оқушысы Сиверская Екатерина

2 орын –ХТОВ-18 тобының студенті Калашник Константин

1 орын –ХТОВ-15 тобының студенті Федасов Олег

Сонымен қатар «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік жұмыс» номинациясы бойынша №21 орта мектептің 11 сынып оқушысы Хегай Лаураны марапаттады. «Жұмыстың ең үздік тәжірибелік маңыздылығы» номинациясы бойынша ХТОВ-18мн тобының магистарнты Тлепберген Ерзат пен ХТОВ-15к тобының студенті Иманғали Алдияр марапатталды.

«Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТЭ-15 тобының студенті Попов Федор

2 орын – ЭЭ-15к тобының студенттері Батырбек Әлібек, Смайл Арайлым

1 орын – АиУ-18к тобының студенті Абсалиев Муқағали

«Қазіргі физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – Теміртау политехникалық колледжінің студенттері Царегородцев Никита, Ибраимова Сымбат

2 орын – №21 мектептің 6 сынып оқушысы Киселев Ян

1 орын – ВТиПО-17с тобының студенті Захватов Константин

“Архитектура және құрылыс» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – С-16к тобының студенті Ахмедов Хуршид

2 орын – С-17к тобының студенті Серікбай Азамат

1 орын – С-15к-2 тобының студенті Сапар Аида

«Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстандағы бизнестің дамуы» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – Э-16 тобының студенті Подгурский Роман

2 орын – «№21 ЖББОМ» КММ 8 сынып оқушысы Гульнова Анастасия

1 орын – УиА-18 тобының студенті Казбеков Ануар

«Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөлі» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТОМ-18 тобының студенттері Сулейменова Олжас, Бағдат Жарылқасын, Исенов Жанибек

2 орын – Теміртау индустриялды-технологиялық колледжінің Ш-17-1 тобының оқушысы Усерова Аяужан

1 орын – ТОМД-17к тобының студенттері Жұмабекова Ақмарал және Дюсебекова Маржан

«Филологиялық ғылымдар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТОМД-18к тобының студенті Батырхан Забира

2 орын – №27 ші орта мектебінің 3 сынып оқушысы Толегенова Жибек

1 орын – ТОМД-17 тобының студенті Елефтериади Савелий

Одан әрі пленарлық отырыстың баяндамашылары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:

– ҚМИУ МС-16мн тобының магистранты Лутченко Никита

– ҚМИУ С-18-с тобының студенті Сакенова Жазира

– ҚМИУ МО-17 тобының студенті Бобылев Артем

Жыл сайынғы металлургия бойыншша Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне белсенді қатысқан командалар ҚМИУ ректорының алғыс хатымен марапатталды:

3 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командасы: Нұрсапарова Ажар, Малыбаева Алуа және Еңсебаева Камила

2 орын – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы: Жұмабаева Жұлдызай, Манасов Нұрсұлтан және Давлетова Әйгерім

1 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы: Пушанова Әсемай, Өтемұратова Аружан және Биғалиұлы Талант

Жүлделі орындарға ие болғандар үшін дипломдар Білім және ғылым министрлігінен кейін беріледі.

Байқау комиссиясының талқылау қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

3 орын – Қарағанды техникалық университетінің студенті, Мырзагулова Зарина

3 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенті, Еңсебаева Камила

3 орын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, Бақытжанова Үміт

2 орын – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті, Жұмабаева Жұлдызай

2 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Утемуратова Аружан

1 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Пушанова Әсемай

Өткізілген конференция мен олимпиада елімізде қаншалықты талантты студенттер бар екенін көрсетті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Форум жалғасуда 

Филадельфияда екінші қазақстан-американдық университетінің ректорларының форумы жалғауда.

Қазақстан делегациясының құрамында ҚР БҒМ вице-министрі А. Аймағамбетов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, З. Төребекова, бірқатар жоо, оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогический университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, С.Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Аматы энергетика және байланыс университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті,  Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, тараз инновациялы-гуманитарлық университеттерінің ректорлары бар.

Халықаралық жоғары білім саласының қызметкерлерінің қауымдастығы – NAFSA – әлемдегі коммерциялық емес үлкен ұйым, ол халықралаық білім және алмасу іс-шараларымен айналысады, оның құрылғанына 70 жыл болды. NAFSA құрамына 150 астам елдің 10 000 өкілі мүше. Бүгін 31 мамыр күні NAFSA-2018 шеңберінде президенттер және ректорлар саммиті өтеді. Осыған байланысты NAFSA маңызды оқиға көрме залдарымен кеңауқымды форума дайындалды, мұнда әрбір университет өзінің білім саласындағы жетістігін көрсету мүмкіндігіне ие. Жоғары білім жәрмеңкесінің көрме залында  американдық университеттер отандық жоо серіктестік келісім шарттарын, сонымен бірге қазақстандық университеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған келісім шарттарға қол қойылды.

Кешегі күні форумының жұмысы Халықаралық білім орталығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Пенсильвания Университетінің лауазымды тұлғаларының құттықтау сөзімен басталды. Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі брифинг өткізді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық білім орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.

ҚМИУ ректоры Б. А. Жаутіков мәжілісті дискуссиялардың бірінде «Қазақстандық университеттерге арналған ағымды басымдылықтар, мәселелелер және мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады. Сол күні B2B шеңберінде қазақстандық және американдық университеттер арасындағы кездесу өткізілді.Қазақстандық делегация Pennsylvania State University кампусын және жоо бизнес-инкубаторында болды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


АҚШ ректорлар форумы

Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда.

Кеше 29 мамыр күні Пенсильванияда Annual Conference & Expo 2018 NAFSA конференциясы басталды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Michigan State University арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл құжат ҚМИУ студенттеріне шетелде өзара тиімді оқыту процестерін дамытуға бағытталған Американдық семестр (ASP )бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Енді  ҚМИУ өзінің студенттерін Michigan State University бір оқу семестріне, оқу жылына не жазғы қысқамерзімді курстарға жібере алады.

Бүгін ректорлар кездесуі Pennsylvania State University өтуде. Спикерлер арасында – Халықаралық білім институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, АҚШ және Қазақстан университеттерінің ректорлары бар.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Астанада Global Challenges Summit-2018 өтті

Қазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы  өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, және уранизация, ұзақмерзімділік және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдениетті ығысуға қатысты мәселелер негіз болды.

Форумға 500 спикерлер және 111 елден 5000 қатысушы қатысты. Спикерлер арасында – БҰҰ сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple негізін қалаушы  Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, инфроқұрылымды инвестициялық Азия банкінің  директоры Цзинь Лицюнь және т.б. қатысты.

Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ашты:

– Биылғы форум жаһандық шақыруларға тиімді жауап іздеуге бағытталған. Бүгін тарихи уақытта шексіз тығыздылық басымдылық алды. Әлем жылдам өзгеруде, адамзат кезекті жол таңдау алдында тұр. Осы таңдау қайда бетбұрады, соған адамзаттың тағдыры тәуелді: даму не тоқырау кезеңі – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев планетаның дамуына қатысты бес негізгі бағытты айқындады: адамның барлық іс-әрекетін цифрландыру, таза энергия жағына әлемдік энергетикалық революция қозғалысын бағыттау, планетадағы адам санының жылдам көбеюі, урбанизация темпі және сипатының өзгеруі, еңбек нарығының жаһанды трансформациялануы.

Форум экономикалық идеялар және практиканы байланыстыратын халықаралық алаң ретінде қалыптасты. 10 жыл ішінде осы іс-шараға 150 астам елдің елу мың делегаты қатысты. Форумның тиімділігі – әлемде және елдегі экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаңа идеялармен алмасу және халықаралық инвесторларды тарту.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

Ғаламтор материалдары қолданылған


Польшадағы кездесу

Варшава қаласында қазақстандық университеттердің ректорларының  поляк әріптестерімен кездесулері өтуде.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары бірінші күні Perspektywy-2018 инженерлік білім саласындағы көшбасшыларының Халықаралық форумына қатысты. Кейін келіссөздер Ғылым және жоғарғы білім министрлігінде өтеді, мұнда әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады. Бірқатар жоғары оқу орындары арасындағы келісім шарттар және стратегиялық ынтымақтастық келісімдері бекітіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 783 студенті Польшада білім алып жатыр. Көптеген Польшаның университеттері және Қазақстандық университеттерімен екіжақты ынтымақтастық келісім шарттарын жасаған, осы келісім шарттары кеңауқымда жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ректорларының делегациясының бұл сапары жақында Астана қаласына жұмыс сапармен келіп кеткен Варшава технологиялық университетінің ректоры Я.Шмидта, Технологиялық университетінің ректорының Ополе М. Тукиендорфа және  «Perspektywy» Білім қорының президенті  В. Сивинскидің жұмыс сапарларының нәтижесі.

ҚМИУ баспасөз қызметі