“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Информатика мұғалімдері Cisco Желілік академиясының нұсқаушылары болды

[жариялау күні: 04.07.2018, 15:27:43, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Cisco Желілік академия бағдарламасы бойынша IT Essentials курсын сәтті аяқтаған барлық Қарағанды облыс мектептерінің отыз информатика пәнінің мұғалімдері сертификатталған нұсқаушылар болды және енді өз мектептерінде филиалдар ашу құқығы бар.

Оқу екі апта бойы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде өтті. Дәрістерді Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедра өкілдері  жүргізді, олар сондай-ақ Қазақ инфокоммуникация Академиясының жаттықтырушылары.

Ақпараттық технологиялар негіздеріне арналған курс тәжірибелік пен зертханалық жұмыстарға құрылған. Барлық тыңдаушылар 28 маусымда белгілі білімдер мен дағдылар алғандығын растайтын сертификаттар алды. Өз біліктілігін арттырғандар арасында Теміртау, Қарағанды, Саран, Сәтпаев, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Осакаровка, сондай-ақ, Абай, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарының информатика пәнінің мұғалімдері. Енді педагогтар компьютер жаңғырту, жөндеу немесе құрастыру, Windows операциялық жүйесін орнату және оны басқару, интернетке қосылу үшін құрылғыларды реттеу, күрделі аппараттық және бағдарламалық ақауларды іздеу және жою, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көптеген басқа үшін қолайлы компоненттерді қауіпсіз таңдай алады.

Естеріңізге сала кетейік: Cisco американдық трансұлттық корпорациясы желілік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы және білім беру мекемелері үшін пайдалануда қарапайым және үнемді компьютерлік желілерді әзірлеу және құру бойынша бағдарламалар бастамашысы болып табылады. Білім беру қызметкерлеріне өз желілерін дамыту және қызмет көрсетуі үшін тиісті білім мен дағдылар талап етіледі. Cisco Желілік академия бағдарламасы – бұл жаһандық экономика жағдайында қажетті интернет технологиясы саласындағы тыңдаушыларға білім ұсынатын электронды оқыту жүйесі. Онда интернет арқылы қол жетімді материалдар, білімді бағалау құралдары, білім алушылардың академиялық жетістіктерін қадағалау, практикалық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ кәсіби сертификаттар алу үшін оқытушыларды қайта даярлау курстары кіреді. Желілік Академиядағы көптеген интерактивті онлайн емтихандарды және практикалық сынақты біріктіретін білім бағалау жүйесі, оқу үрдісін бағалауға және жетілдіруге мүмкіндік береді және тыңдаушылар мен оқытушылардың оқыту нәтижелеріне жауапкершілігін нығайтады. Күн сайын Академияның бағдарламасы шеңберінде бүкіл әлем бойынша  орта есеппен 30 мыңнан астам онлайн-тестілеу жүргізіледі.

Cisco Желілер Академиясы 20 жыл бұрын АҚШ-тың 64-ші білім беру мекемелері базасында құрылған, осы уақытқа дейін 165-тен астам елге таралды. Мүдделі оқу мекемелеріне Cisco Академиясының мәртебесі беріледі.

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу және сандық экономика үшін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Cisco Желілік Академиясымен ынтымақтастықта Қарағанды аймағында сандық дағдылармен жаңа кадрларды даярлау мен жаңа сандық технологияларды енгізудің базалық алаңы болды. Cisco Академиясының Қазақстандағы қазіргі қызметі – бұл біздің еліміздің үкіметі қол қойған келісімнің нәтижесі, оған сәйкес Cisco Digital Kazakhstan бағдарламасын қолдайды. Келесі үш жылда Желілік Академиясы Қазақстан аумағында бірқатар оқыту бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отыр.

ҚМИУ баспасөз қызметі