“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ өткізілген латын шрифтінде жазылған диктант қортындысы жарияланды

[жариялау күні: 05.05.2018, 15:45:34, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Қарағанды облысында бірінші рет ҚМИУ өткізілген қазақ тілінде латын шрифтімен сынамалы түрде диктант жазу іс-шарасының қортындысы жарияланды. Осы іс-шараға 10 нан 68 жас аралығында шамамен 300 астам адам қатысты. Қортынды нәтиже бойынша бірінші орынды ҚМИУ студенті Ақерке Сатыбалды және ТПТК шебері Сабитхану Айдарбек жеңіп алды.

 

– Біздің Президент кезең бойынша латын графикасына өтуге қатысты шешімді қабылдаған кезде, мен біздің аталарымыз Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және т.б. қолданған жазуды зертетй бастадым – дейді «Металды қысыммен өңдеу технологиясы» -15қ тобының студенті Ақерке Сатыбалды. – Бізге кураторымыз университетте латын графикасын қолданумен сынамалы диктант жазу шарасы өткізілетінін хабарлаған кезде  мен қуандым, мен үшін бұл өте маңызды жаңалық болды. Өткізілген іс-шара еліміз үшін маңызды. Латын графикасына өту Қазақстанның халықаралық және саяси қатынастарының дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Диктантты жазуға қатыстқан және тапсырманы үздік  орындаған Ақерке Сатыбалды және басқа қатысушылар 3 мамыр күні жалпыбілімдік орта мектептердің түлектеріне арнап ұйымдастырылған ҚМИУ өткізілген Ашық есік күні салтанатты жағдайда дипломдар, сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

Екінші орынды №15 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалқар Рустамова и ҚМИУстуденті Жандос Атабеков бөлісті.

– Барлық латын әліпбиінің әріптері маған таныс, маған тапсырманы орындау жеңіл болды дейді – Шалқар Рустамова. – Заң шыққан күннен бастап біз мектепте латын графикасын қолданамыз. Біздің оқушылар да осы диктант жазуға қатысты. Олар ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқиды, онда да латын графикасы қолданылады, жаңа қазақ әліпбиін игеру олар үшін жеңіл. Диктант қортындысы бойынша біздің оқушылар Балауса Смагұл и Мағжан Думанов сыйлықтармен марапатталды.

Үшінші орынды №9 лицей-мектеп оқытушысы Жаңагүл Караева және сол мектептің оқушысы Әсем Жолдасова жеңіп алды.

Сынамалы диктантты жазу «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының бастамасымен және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (ҚМИУ) басшылығының қолдауымен ұйымдастырылды, жас мөлшерлері әртүрлі және әртүрлі ұлттар өкілдері қатысты. Олардың ішінде – қалалық мектептер және колледждер, әртүрлі ұйымдар өкілдері, сонымен қатар ҚМИУ студенттері қатысты. Диктантты жазу шарасымен жаңа шрифтке қатысты көпшіліктің назарын аудару жоспарланды. Іс-шара басталғанға дейін барлық қатысушыларға латын әріптері жазылған жаңа қазақ шрифтері жазылған парақтар таратылды.

– Біздің оқытушылар және студенттер, сонымен бірге Теміртау қаласының жастары  осы іс-шараға белсенді қатысты – дейді ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Абдикарим. – Бірінші қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті. Ең жас қатысушы Гүлназ Жұмагұл, -10 жаста, ең үлкен қатысушы Жетпісбес Ахметов – 68 жаста. Оларға алғыс хаттар мен кітап тапсырылды. Қатысушылар арасында орыс тілді он шақты қатысушы да болды. «Металлургия-17» тобының студенті Ольга Самохваловада диктантты жақсы жазып шықты және алғыс хатпен марапатталды.

Жетпісбес Ахметов ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасында аға оқытушысы.

– Мен Алматы қаласында ҚазМУ студент болған кезімізде латын тілін оқыдық. Біздің мемлекетіміз латын графикасына көшіп жатқан кезде  мен өзімнің білімімді және күшімді сынап көрейін дедім – дейді Жетпісбес Ахметов. – Диктантты жазу кезінде кейбір қазақ әліпбиінің әріптері қалай жазылатынын білмегендігім қиындық тудырды. Мен латын әріптері жазылған қағазға қарап жаздым, сондықтан диктантты баяу жазуға тура келді. Бұл ұйымдастырылған іс-шара қажетті және маңызды – бұл біздің еліміз үшін психологиялық және практикалық тұрғыдан қажет, латын графикасына көшу әлемдік білімдік кеңестікте өзіміздің орнымызды иеленуге мүмкіндік береді.

Ольга Самохвалова дикнат жазуға өзіне қызық болған үшін қатысқанын айтады.

– Мен дәрісханаға диктант басталғанға дейін қырық минут бұрын келдім – дейді Оля. – Бұл маған диктантты жақсы жазып шығуыма көмектесті. Әріптерді жазуда бірнеше қате жібердім.

ҚМИУ ректорының алғыс хатымен осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Теміртау қаласының мектептерінің, лицей және колледждерінің  директорлары, сонымен бірге қалалық білім бөлімі марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі