“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Абдикарим Нурзия Абдикаримовна

Білімі: 1988 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша  Архангай педагогикалық техникумын үздік нәтижемен тәмамдаған. 1989 жылы шығыс тілдері мамандығы бойынша МХР Ховд мемлекеттік университетіне түсіп, ІІІ курстан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ауысты және оны 1995 жылы аяқтап шықты. 2010 ж. 20 қазанында 10.02.20 –  Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Академиялық тәжірибесі: 1988 ж. бастап университеттегі оқуымен қоса МХР Ховд қ. №2 ОМ бастауыш сынып мұғалімі лауазымында педагогикалық қызметпен айналысты;

1.09.1992 бастап 30.08.1995 дейін Шет ауданындағы Шет ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

01.09.1995 бастап 01.11.1995 ж. дейін Теміртау қ. Әубәкіров ат. гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.10.2001 бастап 28.08.2007 дейін Қазақстан-Ресей институты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Теміртау қ. бөлімшесінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы;

01.09.2007 бастап 30.08.2009 дейін ҚМИУ жанындағы лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.09.2009 бастап 30.08.2011 дейін ҚМИУ жанындағы ГТК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

01.09.2011 бастап қазіргі кезге дейін «ҚТжЖП» кафедрасының доценті.

Оқытатын пәндері: Қазақ тілі мен әдебиеті, Кәсіби қазақ тілі, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас.

Куәліктері немесе кәсіби тіркеуі: Қазақстан-Ресей университетінде біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат. 04-11 желтоқсан 2006 ж. №195.

Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат. 05-15 қазан 2009ж. №0141243.

«Өнертанудың, филологияның және мәдениеттанудың көкейкесті мәселелері» тақырыбындағы ХҒПК қатысушысы сертификаты, 18 қаңтар 2012ж., Новосибирск.

Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters  ресурстары бойынша Онлайн-семинардың қатысушысы сертификаты. Scitntific&Scolarly Research, 27-31 мамыр 2013 ж.

Чебоксары қ. өткен «Заманауи ғылыми ой: мәселелері және даму келешегі» тақырыбындағы ХҒПК қатысушысы, (30 тамыз 2013 жыл).