“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

САЛПЕНОВА МАДИНА МЕЙРАМҚЫЗЫ

БІЛІМІ   ЖОҒАРЫ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің үздік дипломы

ЖОҒАРЫ ЗАҢГЕРЛІК

Қазақстан-Ресей университетінің үздік дипломы

МАГИСТРАТУРА

«Құқықтану» мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды университет

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

1996 – 1997 жж. – №12 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы (Қарағанды қ.)

1997 – 2000  жж. – педагог-ұйымдастырушы, облыстық балалар мен жасөспірімдер Сарайының әдіскері (Қарағанды қ.)

2000 – 2001 жж. – №10 ОМ тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары (Теміртау қ.).

2001  – қаңтар 2005 жж. – «Теміртау қ. ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.

Қаңтар 2005 ж. – мамыр 2007 ж. – «Теміртау қ. ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы.

Мамыр 2007 ж. – қыркүйек 2007 ж.  – «Зеркало» газетінің бас редактор орынбасары

Қазан 2007 ж. –  мамыр 2012 ж. – «Нұр Отан» ХДП Теміртау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Мамыр 2012 ж. – желтоқсан 2014 ж. – “Теміртау жастар клубы”ҚБ жастар бағдарламасының директоры

Мамыр 2012 ж. – қазан 2014 ж. – Теміртау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі, Теміртау қаласы әкімі аппаратының веб-сайт редакторы.

Қараша 2014 ж. – қаңтар 2016 ж. – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қосымша білім беру Орталығының жетекшісі.

Қаңтар 2016 ж. – қ.уақытқа дейін– тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент директоры.

Әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың арасында: «Заманауи Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі дін және конфессияаралық келісімге қол жеткізу жолдары» (ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясы, Астана қ.), «Қазіргі заманғы партиялық құрылыс: мәселелер мен перспективалар» («Нұр Отан» ХДП Парламентаризм Институт жанындағы партиялық оқу орталығы, Астана қ.) және басқалар.

Семинар-тренингтерде оқыды, оның ішінде – «Халықтық IPO» Бағдарламасының негізгі аспектілері (ұйымдастырушы: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ); Алматы қ. «Медиация және Бітімгершілік Бірыңғай Орталығы» ҚБ ұйым жанындағы «Медиация» негізгі курсы; СОРОС Қазақстан фонды, Ұлттық еріктілер желісінің қолдауымен «Ұйымдағы еріктілерді оқыту әдістемесі» тренерлері мектебінің толық біліктілік курсы, (Алматы қ.); «Үкіметтік емес ұйымдарға мониторинг және бағалау мектебі» (ұйымдастырушы: ҚР мәдениет Министрлігі мен Еуропалық одақ қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы) және басқа да көптеген.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Теміртау қ. әкімі, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Теміртау Жастар Клубы» ҚБ, қалалық ардагерлер кеңесі, Теміртау технологиялық колледж әкімшілігі, Қарағанды облыстық «Нұр Отан» сайлауалды штабы, Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасы, Теміртау қ. жастар ісі жөніндегі Орталық, «Ішкі саясат бөлімі» ММ және басқалардың жемісті еңбегі үшін алғыс хаттарымен, сондай-ақ Теміртау қ. әкімінің, «Теміртау қ. ішкі саясат бөлімі» ММ, ҚМИУ ректорының Құрмет грамоталарымен марапатталған