“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Оқу-әдістемелік қызмет

Кафедра жалпы орта білім, орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізінде және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды күндізгі және кешкі оқу нысаны түрінде 5В050600 – «Экономика», 5В090800 – «Бағалау» мамандықтары бойынша экономист-бакалаврларды, сондай-ақ 6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистратураның бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды дайындайды.

ҚР МЖМБС 3.08.310-2006 ҚР МЖМБС 3.08.310-059-2010 жаңа стандарттарға сәйкес кафедрада келесі пәндер оқылады:

Мемлекеттік компонент:

  1. Кәсіпкерлік
  2. Кәсіпорын экономикасы
  3. Статистика
  4. Қаржы
  5. Бағалаудың теориялық негіздері
  6. Қаржы нарықтары және делдалдар
  7. Корпоративтік қаржы
  8. Кәсіпорын қызметін жоспарлау
  9. Ұлттық бағалау стандарттары
  10. Бизнесті бағалау
  11. Қаржыға кіріспе

 

Таңдау бойынша пәндер:

  1. Операциялық менеджмент/ Қаржы секторының экономикасы
  2. Экономикалық талдау / Қаржылық талдау
  3. Экономистің АЖО / Ақпарат экономикасы
  4. Баға белгілеу/ Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
  5. Сала технологиясы және ұйымдастыру / Қаржылық есептеулер экономикасы
  6. Логистика негіздері / Өндірісті басқаруды оңтайландыру
  7. Кеден ісі/ Индикативтік жоспарлау
  8. Ғылыми зерттеулердің негіздері
  9. Еңбек нарығы экономикасы / Өнім сапасы және стандарты
  10. Бизнес-жоспарлау / Басқару шешімдерін әзірлеу
  11. Өндірісті ұйымдастыру / Жедел басқару
  12. Бизнесті бағалау / Кәсіпкерлік
  13. Жылжымайтын мүлікті бағалау / Табиғат ресурстарын және жер қойнауын экономикалық бағалау
  14. Кәсіпорынның қаржылық активтерін бағалау / Бағалаудың бизнес-жоспарларын әзірлеу тәжірибесі
  15. Стратегиялық жоспарлау/ СЭҚ басқару
  16. Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды экономикалық бағалау
  17. Сала технологиясы және ұйымдастырылуы / Өнеркәсіп өндірісінің технологиясы
  18. Өндірісті ұйымдастыру / Өндірісті ұйымдастыру теориясы
  19. Шетел фирмаларының экономикасы/ Халықаралық экономика
  20. Сақтандыру ісі
  21. Сала экономикасы
  22. Экономика және өндірісті ұйымдастыру
  23. Құрылыстағы экономика және менеджмент
  24. Көлік экономикасы
  25. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
  26. Табиғатты пайдалану экономикасы
  27. Еңбек экономикасы
  28. Кәсіпорын экономикасы және менеджменті
  29. Бағалау қызметі консалтингі / Сараптамалық бағалау технологиясы және шешімдерді қабылдауды басқару
  30. Зияткерлік меншікті және материалдық емес активтерді бағалау / Ғимараттар мен құрылыстарды бағалау
  31. Жерді және жер кадастрын бағалау / Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын бағалау
  32. Инновациялық технологияларды бағалау
  33. Жылжымайтын мүлікті бағалау
  34. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
  35. Жылжымайтын мүлікті инвестициялау және қаржыландыру
  36. Тауарлық-материалдық мүлікті сараптау және бағалау
  37. Зергерлік бұйымдарды бағалау
  38. Көп деңгейлі бәсекегеқабілеттік
  39. Басқару стратегиясы
  40. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау
  41. Жоспарлау әдістері
  42. Өндірістік операцияларды басқару
  43. Басқарушылық есеп және талдау
  44. Ілгерінді логистика
  45. Халықаралық қаржы
  46. Кәсіпкерлік және бизнес
  47. Фирманың экономикалық қауіпсіздігі
  48. Микро-, макроэкономикалық талдау
  49. Көп деңгейлі бәсекеге қабілеттілігі
  50. Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау
  51. Өндірістік саладағы жұмыспен қамту және еңбек нарығы
  52. Әлемдік экономика және интеграция

 

Барлық пәндер бойынша типтік жұмыс бағдарламалары, пәндердің жұмыстық бағдарламалары, силлабустар, практикалық, зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік әзірлемелерден, СӨЖ, тестерден тұратын оқу-әдістемелік кешендер бар. «Кәсіпорын экономикасы», «Экономикалық талдау», «Ееңбекті ұйымдастыру және нормалау», «Сала экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәндері бойынша курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар бар. Курстық және дипломдық жұмыстар тақырыптары жыл сайын жаңартылып отырады. Курстық жұмыстар оқу жылының басында кафедра отырысында бекітіліп, үш адамнан тұратын  комиссиямен қабылданады және жоғары оқу орындарында курстық жұмысты қорғау талаптарына сай қорғалады.

Кредиттік технология негізінде барлық пәндер бойынша силлабустар және ПОӘК әзірленген, (әдістемелік қамтамасыз етілу 100% – ды құрайды). Кредиттік технология бойынша оқу жұмыстарына жалпы жетекшілікті эдвайзер доцент Тұрабаева М. Б. жүзеге асырады.

Жеке оқыту жоспарларының орындалуы кафедра меңгерушісімен, оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісімен және факультет деканымен жылына 2 рет бақыланады.

Студенттердің білімдерін бақылауды ұйымдастыру үнемі жетілдіріліп отырады. Барлық пәндер бойынша қиындық деңгейлері әр түрлі тапсырмаларды енгізе отырып тесттер қайта өңделіп, Платонус жүйесіне жүктелген.

Оқу үрдісін ұйымдастыру оқу үдерісінің стандарттарына және мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Әдістемелік жұмыс. Серпін бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде.

Мемлекеттік тілде орындалған әдістемелік құралдар санының артқанын атап өткен жөн.

Кафедрада тәжірибенің 3 түрі (оқу, өндірістік, диплом алды) жүргізіледі.

Тәжірибенің барлық түрлері бойынша тәжірибе бағдарламалары қайта өңделіп көбейтілген. Айта кету керек, студенттер тек «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан ғана емес, сол сияқты  мемлекеттік мекемелерде, шағын және орта кәсіпорындарда да тәжірибеден өтеді. Тәжірибеден өту базасы үнемі тұрақты түрде кеңейтіліп отырады. Өндірістік тәжірибеден өту базасы ретінде облыстың және қаланың келесідей 26 өнеркәсіптік кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы пайдаланылады: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «РМЦ» ЖШС, «Fera Plast»  құрылыс компаниясы ЖШС, «Salyk servis» ЖШС, «АМИР-SECURITY» ЖШС, «САЭМ – Центр» ЖШС, «Магнитка-Т» ЖШС, «ТемирПроектМонтаж» ЖШС, «ТИМИР KZ» ЖШС, Казстройкомпани, «Оқжетпес – Т» ЖШС, «Ремэкология» ЖШС, «Темір-Авто» ЖШС, «Ажар КZ» ЖШС, «Temirtau Associates and Ancillaries» ЖШС, «Жарык» ЖШС, «Безопасность плюс КZ» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, ЧУ «Табыс-Авто», ТИ Демидов Д. В., «Теміртау қаласының Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Теміртау қ. Балалар үйі» КММ,  «Теміртау «Спорт клубы» КМҚК, «Теміртау қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Ломбард «Принципі», «Шанс» ЖК, «Украина» ЖК, «Проскуряков» ЖК –лармен жеке шарт жасалған. Қарым-қатынас хаты бар.

Оқу процесін жетілдіру бойынша іс-шаралар шеңберінде келесідей шаралар орындалады: кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастыққа еуропалық жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған диалог пен түсіністікті қолдау және адамдар мен мәдениеттер арасындағы түсіністікті үшінші елдермен әрекеттесу арқылы қалыптастыруға бағытталған – Erasmus Mundus Programme, Tempus сияқты тәжірибе алмасу мен одақтасу бойынша семинарларға қатысады.