“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің тәрбие ісі және жастар саясаты бойынша департаментінің тұжырымдамасы

ҚМИУ тәрбие ісі және жастар саясаты тұжырымдамасы студенттерге, сондай-ақ тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын университеттің құрылымдық бөлімшелеріне арналған.

 

  1. МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ

1.1. Университетте тәрбие ісі:

– Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заң Ережелеріне;

– 2025 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына;

– «Қазақстан – 2030. Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту», «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына;

– «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңына;

– ҚР «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңына;

– ҚР «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі  № 151 Заңына;

– Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;

–  Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;

– Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына;

– 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына;

– «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының бірыңғай бағдарламасына;

– «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына;

– 2020 жылға дейінгі «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар-Отанға!» Стратегиясына;

– Облыстық және жергілікті атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарларына;

– Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарына, бұйрықтарына, хаттарына сәйкес жүзеге асырылады, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 2017-2018 оқу жылындағы Кешенді даму бағдарламасына сүйенді.

Университеттің тәрбие ісінің мақсаты: тұтастық пен бірлік, ғылыми негізділік, сабақтастық, жоспарлау негізінде болашақ мамандарды жан-жақты және үйлесімді дамыту, тәрбиелік іс-шараларды кезең-кезеңмен өткізу,  жоо-да тәрбиелеу-білім беру ортасын құру. Қазақстан Республикасындағы жастардың міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістерінің барлық субъектілер іс-әрекетін үйлестіру, студенттік жастарды тәрбиелеу мәселелеріне көңіл бөлуді күшейту.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • Қазақстанның тағдырына жеке жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру;
  • студенттерде сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз көзқарас қалыптастыру;
  • студенттерді белсенді қоғамдық қызметке ынталандыру;
  • студенттердің корпоративтік рухын көтеру;
  • студенттердің барлық құрамын қоғамдық қызметке тарту;
  • студенттерді діни және саяси бірлестіктерге қатысудан алшақтату мақсатында сапалы білім алу идеясын насихаттау;
  • ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті, оң құндылықты бағдарлауды, шығармашылық белсенділікті дамыту;
  • өзін-өзі басқаруына қатысуға бағдарлау жолымен ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
  • салауатты өмір салты туралы ғылыми идеяларды қалыптастыру, рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіре білу мен дағдыларын сіңіру;
  • корпоративтік ортақтық, университетке деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
  • ұлтаралық және әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру, қақтығыстарды ескерту және т.б.

Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • таңдаған мамандығына деген қызығушылықты дамыту;
  • саяси-құқықтық және патриоттық тәрбиелеу;
  • діни экстремизм, терроризм және радикализм дінінің алдын алу;
  • адамгершілік және рухани тәрбие;
  • эстетикалық тәрбие;
  • экологиялық тәрбие;
  • зияткерлік тәрбие;
  • салауатты өмір салтын және студенттер арасында денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру, жастарды әлеуметтік қорғау;
  • студенттердің еңбек тәрбиесі;
  • әлеуметтік инфрақұрылымды сақтау және дамыту;
  • жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру және дамыту;
  • жастар халықаралық ынтымақтастық және т. б..

Әр түрлі іс-шаралар арқылы әрбір жастағы курста университет студентке негізгі бес тыныс-тіршілік салаларын тануға көмектеседі:

  1. таным (оқу, ақпарат, білім);
  2. практикалық қызмет (еңбек қызметі, білік, дағды);
  3. шығармашылық (шығармашылық және табиғи мүмкіндіктерді, қабілеттерін іске асыру);
  4. физикалық даму (физикалық қабілеттерін жүзеге асыру);
  5. қатынастар (өзін, адамдарды тану, олармен өзара әрекеттесу);

Сонымен қатар, ҚМИУ жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидаларын ұстанады:

  1. Жастар жетістігі – біздің еліміздің жетістігі!
  2. Сапалы білім – болашақтың іргетасы!
  3. Жастар – жаңа экономиканың қозғаушы күші!
  4. Жастар денсаулығы – болашақтың стратегиялық ресурсы!
  5. Спорт – қазақстандық жастардың өмірлік қажеттілігі!
  6. Отбасы – жастар тірегі!
  7. Шаңырақ (баспана) – жас отбасы тірегі!
  8. Жастар ортасындағы қауіпсіздік пен өмір!
  9. Мәдениет – патриотизм, руханият және төзімділік көзі!
  10. Белсенді азаматтық ұстаным – адам өмірінің барлық кезеңінде дамып, жетілдірілетін сапа болып табылады!
  11. Конфессияаралық келісім – қазақстандық жастар үшін баға жетпес мұра!
  12. Әскер – батылдық пен патриотизм мектебі, әскери рухтың, күш пен қуаттың рухани-адамгершілік негізі.
  13. Жоғары құқықтық мәдениет – бәсекеге қабілетті мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі!

Студенттер арасындағы тәрбие қызметінде:

  1. Даму қағидасына.
  2. Жеке қағидасына.
  3. Шығармашылық пен жетістік қағидасына.
  4. Қолдау және сенім қағидасына.
  5. Жауапкершілік принципіне және басқаларға сүйенеді.

Тәрбие процесіне басшылық жасау келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

  • Оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары.
  • Тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар.

– Адамгершілік және рухани тәрбие.

– Зияткерлік тәрбие.

– Саяси-құқықтық және патриоттық тәрбие.

– Эстетикалық тәрбие.

– Экологиялық тәрбие және т.б.

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралар өткізу жоспары.
  • Діни экстремизмнің, терроризм және радикализм дінінің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Тұжырымдаманың:

– университетте оқудың барлық кезеңінде студенттердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамытудың және қалыптастырудың құрылымына, нысандарына, әдістері мен құралдарына;

– студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға талаптары бар.

Осы Тұжырымдаманың ережелері құрылымдық бөлімшелермен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, ғылыми-техникалық қызметкерлермен, оқу-көмекші персонал мен университет қызметкерлерін оқу барысында және олардың бос уақытында студенттермен тәрбие жұмысында басшылық ретінде қолданылуға жатады.

  1. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ШАРТТАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгінде ел алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және өзара тиімді экономикалық интеграция бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойып отыр. Тәуелсіздіктің жетістіктерін қамтамасыз ету арқылы Қазақстан ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында дамыған елдердің қатарына кіруге ниетті.

Осы жағдайда жастарға аға буынның жасампаз істерін жалғастыру, ұлттық бәсекеге қабілеттілігін одан да жоғары көтеру, XXI ғасырда гүлдену мен тануды Қазақстанға қамтамасыз ету тәрізді үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Мұндай миссияны тек патриотшыл, білімді, кәсіби, дені сау, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапты жастар ғана жүзеге асыра алады.

Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын заманауи шындықтарға бейімдеу болып табылады, оның бағытталғаны жастардың Қазақстанның бәсекеге қабілетті аса маңызды әлеуеті ретінде қалыптасуына баса назар аудару.

Сондықтан, болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастыру, сөзсіз, барлық оқу орындарының назарына лайық.

Маман – жоғары оқу орнының түлегі, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан – қызметкер. Маман қызметкер ретінде өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби білім, дағдылар мен қабілеттер сияқты осындай қасиеттерімен сипатталады. Маман жеке тұлға ретінде өмірлік құндылықтар, мотивация, өз қызметін реттейтін әлеуметтік нормалармен сипатталады.

Еңбектің мазмұны мен сипаты бүгінде қазіргі заманғы білім берудің, өндірістің ғылыми, техникалық және экономикалық негіздерін терең біліп қана қоймай, сонымен бірге жоғары интеллектуалды және физикалық дамуы, жұмысқа деген саналы, шығармашылық көзқарасы сияқты жас адамның тәуелсіз өмірге енуін талап етеді.

Жаңа типті маманның қалыптасуы мен құрылу тұжырымдамасы өндірістік-еңбек және әлеуметтік инфрақұрылымның элементтерін қамтуы керек, студенттің әлеуетін дамыту мен іске асырудың барлық ерекшеліктерін ескеріп, оның кәсіптік даярлығы мен рухани дамуы, физикалық және адамгершілік денсаулығы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар студенттердің өзін-өзі жетілдіруге қабілеттерін дамытуға, оларда белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, құндылықтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, рухани мүдделеріне, демократиялық көзқарастар мен принциптерге сәйкес келетін жүйелерге назар аудару қажет.

Білім беру мен тәрбиелеудегі әзірлеу туралы сұрақ қоя отырып, тәрбие қызметінің мақсаттары мен бағдарларын, оның бағыттарын, нысандары мен әдістерін нақты анықтау қажет. Университет ұжымы өз жұмысын ізгілендіру идеяларына сүйене отырып құру керек және күш-жігерін ЖОО-да жаңа гуманитарлық мәдениет пен гуманитарлық ортаны қалыптастыруға бағыттау тиіс. Білім беру процесі мен оқудан тыс жұмыстар арқылы дәл осындай ортаны қалыптастыру мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

  1. ЖОО ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – XXI ҒАСЫР МАМАНЫН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ

Жоғары мектепті реформалаудың маңызды сапалық негізі қазіргі уақытта білім беруді гуманизациялау болып табылады. Гуманизацияның негізгі міндеті болашақ мамандарда білім алуға ұмтылысын қалыптастыру, олардың өздігінен білім алу механизмдерін меңгеру болып табылады.

Гуманизациялаудың негізін ізгілендіру процесі құрайды.

Жоғары білім беруді гуманизациялау және ізгілендіру мақсаты университет ұжымында гуманитарлық ортаны қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары оқу орнының гуманитарлық ортасын қалыптастырудың ерекшелігі, оның мазмұны ХХІ ғасыр мақсаттарына сәйкес бағыттылығы бойынша гуманистік болуы тиіс. Мұндай орта жоғары оқу орнын білім беру, кәсіптік ғана емес, сонымен қатар мәдени, ғылыми, зияткерлік, тәрбиелік орталыққа айналдыруға бағытталған.

ЖОО-ның гуманитарлық ортасы үш деңгейге ие:

– мамандарды даярлау міндетін шешуші тиісті материалдық-техникалық инфрақұрылымы бар, білім беру жүйесінің барлық қызметін қамтитын жалпы жоғары оқу орын ортасы;

– әлеуметтік-мәдени орта – жоғары оқу орынның әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымына негізделген жеке тұлғаның рухани әлемін қалыптастырудың гуманистік бағытын қамтамасыз ететін жалпы жоғары оқу орын ортаның бөлігі;

– гуманитарлық орта – жеке тұлғаның гуманистік құндылықтарын қалыптастырумен, дүниетанымдық гуманитарлық білім алумен айқындалатын әлеуметтік-мәдени ортаның бөлігі.

Гуманитарлық орта құру жоғары мектептің табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шарт ретінде, өзара байланысты мәселелерді кешенді шешуді талап етеді:

– оқу процесін жүзеге асыру;

– күнделікті өмірді, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру;

– көркемдік және ғылыми-техникалық шығармашылық;

– дене шынықтыруды дамыту;

– салауатты өмір салтын қалыптастыру;

– қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты, сенім мен шығармашылық атмосфераны құру, демократия мен гуманизм, ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру.

  1. СТУДЕНТТЕРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастыру кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылық қабілеті бар, заманауи ғылыми көзқарасқа ие кәсіптік, азаматтық, интеллектуалды дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ететін жоғары білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып табылады.

Бұған тәрбие қызметінің негізі ретінде студенттермен мынадай ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ алынады:

Құндылықтар – адамның, әлеуметтік қоғамдастықтың, жалпы қоғамның, материалдық, әлеуметтік объектілердің көпшілігінің мақұлдаған және ортақ нәрселердің жақсы, әділеттілік, патриоттық көзқарастарымен бөлісетін әлеуметтік мәні бар. Олар барлық адамдар үшін мінсіз, үлгі ретінде қызмет етеді, педагогикалық процесс олардың қалыптасуына бағытталған.

  1. Патриотизм

«Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату», – біздің мемлекет Басшысы осылайша бұл құндылықты айқындап берді. Жас қазақстандықтар үшін Ұлт Көшбасшысының өмірі мен еңбек жолы өз елінің Патриотының жарқын үлгісі болып табылады.

Отан отбасынан басталады, онда өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, халқына, демалыс күндері мен мерекелеріне, мемлекет рәміздеріне айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасады.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі – мақтаныш пен қазақстандық патриотизмның жарқын символы. Тәуелсіздіктің жоғары және қасиетті ұғымы біздің халқымызды біріктіруге бағытталған Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі және ұрпақтардың баға жетпес игілігі болады,  алда елдің болашағына ұмтылудағы одан әрі жасампаздық.

Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың жетістігінің негізі. Қазақстандық патриотизмнің іргетасы – бұл барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан абыройына ортақ жауапкершілігі.

Жастарда патриотизм түсінігін қалыптастыру өте маңызды – бұл өздеріне, өз отбасыларына және Отанына деген үлкен жауапкершілік екенін түсіну.

  1. Халық бірлігі

Тұрақтылық – табыстың негізі және Қазақстанның 20 жылдық дамуының негізгі нәтижесі. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқының бірлігі – абсолютті құндылық және барлық ұрпақтардың міндеті – бұл еліміздің көркейуі жолындағы құндылықты қорғау және көбейту.

  1. Мәдени әртүрлілік– бөлмейтін, біріктіретін құндылық. Қазақстандық менталитет этникалық әртүрлілікке негізделген, әлемдік мәдениет ағымында еруі тиіс емес, ол жас ұрпақпен бірегей ұлттық игілік ретінде сақталуы керек.

Жастардың адамгершілік қалыптасу үдерістеріне әсер ете отырып, мемлекет мәдениеттің жалпы деңгейінің өсуіне, коммуникациялық технологияларды дамытуға назар аударуы тиіс.

Жастардың даму деңгейінің үшінші мыңжылдық талаптарына сәйкестігіне қол жеткізу қажет. Жұмыстың маңызды бағыты заңға сәйкес ар-ождан және дін бостандығына құқықты қамтамасыз ету болуы тиіс.

  1. Төзімділік

Елбасымыздың және конфессияаралық келісімінің ерекше үлгісі жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастыру, этностық және діни айырмашылықтарды байсалды түсіну мен құрметпен қабылдауының негізі болуға тиіс. Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы көпірді құрайтын мәдениеттер, діндер мен өркениеттер үнқатысуының  тасымалдаушысы болып табылатын еліміздің жастары бейбітшілік пен келісім мәдениетін таратуға мүдделі болуы керек.

Бүгінгі күні, ақпараттық технологиялар дәуірінде, әрбір жасөспірімде жақсы мен жаманды ажырата алатын ішкі «сүзгі» болуы тиіс. Осындай «сүзгі» болу елдегі конфессияаралық келісімнің негізін айтарлықтай кеңейтіп, нығайтуға мүмкіндік береді.

  1. Заңды құрметтеу

Әлбетте, тек заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жақсартуға және шынайы құқықтық мемлекетті құруға қабілетті. Жастардың өмірлік дағдыларына заңның әрпі мен рухын мүлтіксіз қадағалау айналуы керек. Бұл әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақта «ересек» өмірдің дағдылары енді қалыптаса бастаған кезеңде маңызды. Құқықтық сана-сезімнің өсуі, белгіленген ережелерге және мінез-құлық нормаларына құрмет қалыптастыру барлық әлеуметтік институттардың ерекше назарында болуы тиіс. Заңның беделі қазақстандық жастардың санасында дамытудың қазіргі кезеңінің негізгі құндылығы ретінде берік бекітілуі тиіс.

  1. Білімділік

Жастардың дәстүрлі құндылықтары – білім және мансап, анықталған қажеттіліктер мен технологиялық жаңалықтарды ескере, білім беру жүйесінің және кәсіптік даярлаудың экономикалық, әлеуметтік және кәсіпкерлік болмысқа сәйкестігін қамтамасыз ете білім беру жүйесінің еңбек нарығындағы айқын бағдарлануын ескере отырып қайта қаралуға тиіс. Жастар арасында ғылымның мәртебесін арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі болуы керек.

  1. Еңбекқорлық

Жалпы еңбек қоғамында жастардың басты құндылықтары жастардың экономикалық және еңбек қызметіне қатысуына негізделген еңбекқорлық пен ерекше еңбек этикасы болуға тиіс. Осыған орай, жастардың өзін-өзі жетілдіруі үшін үдемелі индустрияландыру, әлеуметтік жаңғырту, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бағдарламалары айрықша мүмкіндік ұсынады.

Жастардың жоғары ұтқырлығы үлкен экономикалық құндылықты білдіреді. Зерттеулерге сәйкес, жастардың үштен бірі елдің кез-келген аймағына баруға әзір. Жастардың кез-келген жағдайда әлеуметтік бейімделуге дайындығы, өзін-өзі бекітуге деген табиғи ұмтылысы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау – өсу нүктелерінде ішкі көші-қон мәселесін шеше алады.

  1. Инновациялылық

Инновациялық экономикаға көшу қазақстандық жастардың инновациялық мінез-құлқын қалыптастыру міндетін өзекті етеді. Жастық барлығына әуес емес, онда кешегі күнмен байланысты. Сондықтан барлық жаңаға өзінің қабілеттілігі, өмірлік өзгерістерге бейімділік, шығармашылық зияткерлік қуат және әлеуметтік белсенді қызметке дайындық күшіне  ие, жастар жаңа идеяларды, бастамалар мен технологияларды тәжірибеге енгізуде үдеткіш және бағыттаушы болуы тиіс. Онымен қазақстандық ғылымның, әсіресе жаратылыстану, техникалық ғылымдардың прогресі байланысты болуы тиіс. Жастардың ғылымға бет бұруы – бұл болашаққа жол.

  1. Отбасы

Қазақстанда отбасы әрқашан ең маңызды әлеуметтік-қалыптастырушы элемент ретінде қарастырылды. Ол қоғам, мемлекет болмысының негізі, адамның адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңызды түйіні болып табылады.

Ұрпақтардың байланысы отбасында жүзеге асырылады. Сондықтан, отбасындағы өз жақындарына деген жауапкершіліктен басталатын басқа адамдар үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру жастар саясатын іске асыру мәселелерінде негіз болуы қажет. Адам өмірінің құндылығы, оның қауіпсіздігі және жалғасы отбасымен тікелей байланысты.

  1. Денсаулық және спорт

Денсаулық және спорт құндылығын насихаттау мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласына кіру керек. Өз денсаулығына деген жауапкершілік принципі, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыдай маңызды болып қала береді.

Қазақстандағы спорт бүгінгі таңда әлеуметтік ең артта қалдырылған аймақ болып табылады. Қазақстандық спортшылардың әлемдік жетістіктері табандылықты, мінез-құлықты және еңбекқорлықты таныта отырып, жігіттер мен қыздар жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрнекі түрде көрсетеді, ал солармен бірге тану және құрметтеу.

Спорт және жаппай дене шынықтыруды дамыту жастар саясатының ерекше басымдығы болуы керек.

  1. Кәсібилік

Қазақстанның нарықтық экономикасы және индустриядан кейінгі дамуы жастардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының жаңа стратегияларын қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Кәсіби өзін-өзі анықтау және мансап, жұмыс әлеміне кірігу және табысқа жету жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі ретінде қарастырылуы қажет.

Бұл ретте жастарда меритократия қағидаттарын ұстануды қалыптастыру маңызды («лайықтылардың билігі»). Заманауи кəсіби мансаптың басты белгілері тек қана еңбегі бойынша лауазымдық иерархияны мəртебелі, кəсіптік сатылары бойынша жылжыту болуы керек. Өз таланты, жұмыс істеу қабілеті мен жеке жауапкершілігінің арқасында табыс шыңына көтерілген жақсыларға теңесе және оң мақсатқа ие бола жастар алға қарай ұмтылу керек.

  1. Жаңа экологиялық этика

«Жасыл экономика» дамуы индустрияландырудың негізі ретінде экологиялық мәселелерді өзектендіреді. Жастар жаңа экологиялық этиканы ұстанушылар болуы, туған жеріне және оның табиғи байлықтарына ұқыпты қарауы тиіс.

Тәрбие жұмысының бағыты жоғары білім берудің гуманистік мақсаттарымен, жоғары білімі бар мамандарды сапалы даярлауға арналған әлеуметтік тапсырыспен, оқу-тәрбие процесіне барлық қатысушылардың жеке қажеттіліктерімен анықталады.

Университеттегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттары:

– дүниетанымдық білімді ескере отырып кәсіби даярлықтың тәрбие аспектісін күшейту;

– оқу процесін, тұрмыс, бос уақыт пен демалысты, көркем және ғылыми-техникалық шығармашылықты ұйымдастыруды жүзеге асыру саласындағы өзара байланысты мәселелерді кешенді шешу; дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

– ыңғайлы әлеуметтік-психологиялық климатты, сенім мен шығармашылық атмосфераны құру, ынтымақтастық педагогика, демократия мен гуманизм бастауларында,  олардың белсенді өзара әрекеттестігінде тәрбие процесінің қатысушылары дамуы үшін нақты жағдай жасау;

– әлеуметтік-гуманитарлық, жалпы ғылыми және техникалық пәндер саласында іргелі ғылыми дайындықты жетілдіру деп санауға болады.

Білім беруді іргелі ету:

– білім, мәдениет, заманауи көзқарас жүйесін, сондай-ақ маманға қажетті инженерлік білімнің әмбебаптығы, ғылыми-техникалық ойлау кеңдігі, өз білімін жетілдіру қабілеті, кәсіби ұтқырлық сияқты қасиеттерді  қалыптастыратын жалпы мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық базасының негізі;

– материалдық-техникалық базаны және әлеуметтік-мәдени саланы дамыту (оқу әдебиеттер, компьютерлік сыныптар, оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу залдары, заманауи жабдықтармен жабдықталған  аспаптармен зертханалар және т.б. жеткілікті саны);

– студенттерді өмірдің барлық салаларында тәрбиелеудің неғұрлым тиімді жолдары мен құралдарын іздестіру;

– әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу ретінде қарастырылады.

Студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру тәрбие әсерінің жүйесін жүзеге асыруды көздейді, оның ішінде оқу процесі, ғылыми зерттеулер, қоғамдық, көркем-шығармашылық қызмет, қарым-қатынас, қоршаған орта, табиғат, өнер саласы және  т.б.

Қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптері болуы тиіс:

– оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жоо-ның барлық қызметіне елдегі жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы қағидаттарына сәйкестігі (демократияландыру, ізгілендіру, жеке тұлға белсенділігі және т.б.);

– тәрбиелеу жүйесінің жұмыс істеуінің ғылыми, қолданбалы және практикалық аспектілер бірлігі;

– оқу – тәрбие процесінің барлық қатысушылар қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға ұмтылу;

– студенттерді оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.

Болашақ маманның жоғары мектепте қалыптастырылатын әлеуметтік-маңызды қасиеттері:

– дүниетанымдық (ізгілік, руханилық, үйлесімділік, тұтастық);

– кәсібилік (кәсіби құзыреттілік): білім, білік, дағды, шығармашылық қабілеттер, белсенділік, жауапкершілік болуы;

– әлеуметтік белсенділік (борыш сезімі, коммуникативтік, ұжымдастыру, ерлік, ерік, оптимизм, табандылық, жігерлілік, ұйымдастырушылық, ұтқырлық, тәртіптілік, адалдық және т.б.);

– белгілі бір мәдени және интеллектуалдық деңгей;

– азаматтық кемелдену.

  1. БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

5.1. Кәсіби даярлау

Болашақ маманды даярлау жүйесіндегі ең маңызды элемент, оны заманауи білімді тұлға ретінде қалыптастыру.

Кәсіби даярлау бағытталуы тиіс:

– студенттердің оқу қажеттіліктерін дамыту, ең жоғары адамгершілік және өмірлік құндылықтар ретінде еңбекке және кәсібилікке деген көзқарастарды тәрбиелеу;

– қолданбалы міндеттерді шешу мен ғылыми зерттеулерде іргелі және жаратылыстану білімдерін тиімді пайдалана білу мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;

– білім беру қызметінің барлық салаларында еңбектік белсенділікті қалыптастыру, озық әдістер мен еңбек құралдарын игеру.

Мамандарды кәсіби даярлауды жетілдірудің маңызды бағыттары деп есептеген жөн:

– оқу моделін таңдауға мүмкіндік беретін озық педагогикалық технологиялар негізінде оқу процесін ұйымдастыру және студенттің оның қажеттіліктеріне, мұраттарына, құндылықтарына және жеке қабілеттеріне (оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, даярлаудың әртүрлі үлгілерін дербестендіру оқыту түрлері мен әдістерін әзірлеу, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынас) барынша жауап беретін білім кешенін алу;

– студенттердің шығармашылық өзіндік білім алу қызметін дамыту үшін жағдай жасау (тиімді жоспарлау, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, тәрбие процесін ұйымдастырудың түрлі нысандары мен әдістерін пайдалану, дербестік пен бастамаларды дамыту).

5.2. Патриотизм мен интернационализмді, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, терроризмге және экстремизмнің басқа да көріністеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс

Патриотизм және интернационализмді тәрбиелеу ұсынады:

– әскери-патриоттық жұмысқа және әскери мамандыққа деген қызығушылықты тәрбиелеу;

– интернационализм және патриотизм мәселелері бойынша білім қалыптастыру, қазіргі жағдайда ұлттық мәселенің рөлін түсіну;

– студенттердің өзін Қазақстан азаматы ретінде сезіну сезімін тәрбиелеу, өз Отанына, өз халқына рухани-сау сүйіспеншіліктің пайда болуы, оларға адал және қалтқысыз  қызмет ету, қоғам мен мемлекет алдындағы шынайы міндеттерін түсіну.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру:

– әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасындағы өзара достық қарым-қатынастардың әдіс-тәсілдері мен нысандарын, белгілі бір интернационалистік мінез-құлық нормаларын меңгеру және қолданумен;

– ізгілікті қарым-қатынас, басқа ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеумен;

– студенттік ортада шовинизм мен ұлттық өзімшілдік көріністеріне сыни көзқарасты қолдай, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерін қабылдау үшін әлеуметтік психология білімдерін меңгерумен қол жеткізіледі.

Патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу негізінен оқу процесінде жүзеге асырылады. Патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеуде оқу топтарында, жалпы жоғары оқу орын іс-шараларында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар маңызды рөлге ие.

Терроризмге қарсы іс-қимыл және экстремизм көріністері жөніндегі жұмыс келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады.

– барлық студенттік топтарда ТЖ және АҚ қызметтері, төтенше жағдайда қалай әрекет ету туралы кураторлық сұхбат жүргізу.

– жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу туралы ІІБ жауапты қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастыру.

– терроризмге және экстремизмнің басқа да көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша Қарағанды облысының және Теміртау қ. ҰҚК жауапты қызметкерлерімен студенттік топтарда сұхбат ұйымдастыру.

– әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушылары, кураторлар нәсілдік кемсітушілік мәселелері, нефа-фашистік және экстремистік топтардың қызметі туралы сұхбаттар, конференциялар және т.б. өткізу.

– патриоттық тәрбиелеуге, терроризм және экстремизмнің басқа да көріністеріне қарсы іс-қимылға арналған акциялар, іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қала, облыс деңгейінде осындай іс-шараларға қатысуға студенттерді тарту.

– университетте терроризмге және экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі әлеуметтік зерттеулер жүргізу және олардың шешілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

5.3. Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу

Адамгершілікке тәрбиелеу бағытталуы тиіс:

– жеке тұлғада адамгершілік құндылықтарын, әділеттілікті, ар-ождан бостандығын, ар-намыс және данышпандылықты, адалдықты, әдептілік, әділеттілік пен жауапкершілікті тәрбиелеу дәрежесімен түсіндірілетін жалпы адамзаттық және дәстүрлі-ұлттық гуманистік құндылықтарды меңгерудің шарасы ретінде қалыптастыру және дамыту;

– өзіндік сананы және әлеуметтік оптимизмді, гуманистік дүниетаным мен тарихи сана-сезімнің қалыптасуы, тұрақтылығы мен жетілуін, әлеуметтік жауапты мінез-құлық пен қызметке дайындығы мен қабілетін дамыту;

– жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін меңгеруі.

5.4Жеке тұлғаны зияткерлік тәрбиелеу:

  1. Ақыл-ой еңбек мәдениеті саласындағы білім мен дағды кешені.
  2. Танымдық қызмет мақсатын анықтай, оны жоспарлай білу.
  3. Әр түрлі тәсілдермен танымдық операциялар орындау.
  4. Дереккөздермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу, ақпараттық технологияларды меңгеру.
  5. Өздігінен білім алумен айналысу және т.б.

Зияткерлік салада қалыптастыру қажет: адамгершілік құндылықтар: өсиетті идеалдар, қағидалар, мінез-құлық нормалары туралы білімнің көлемі, тереңдігі, пәрменділігі.

Нәтижесінде жаңа мотивтер мен қажеттіліктер, олардың түрлендірілуі, қоса бағынуы және т.б. қалыптасады.

Зияткерлік тәрбиелеудің көрсеткіштері:

  1. ғылым негіздері бойынша білімдері болуы;
  2. ақыл-ой операцияларын меңгеруі;
  3. зияткерлік дағдыларын меңгеруі;
  4. ғылыми дүниетанымның болуы.

Зияткерлік тәрбиелеудің міндеттері:

  1. оқу-танымдық қызметтің мотивациясын қалыптастыру;
  2. танымдық қызығушылықтарын, өзіндік білім алу қажеттіліктерін дамыту;
  3. ойлаудың барлық түрлерін дамыту
  4. танымдық белсенділік, шығармашылық қабілет тәжірибесін меңгеру;
  5. тұлғаның білімдарлығын және ой-өрісін, зияткерлік бостандығын дамыту.

5.5Жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесі

Эстетикалық тәрбие бағытталуы тиіс:

– жеке тұлғаның рухани сұраныстары мен мүдделерін қанағаттандыру;

– студенттік жастарды көркем шығармашылыққа қатыстыру;

– эстетикалық қабілеттерін, сау қажеттіліктерін және жоғары эстетикалық талғамын дамыту; эстетикалық мәдениет дағдыларын дамыту.

Эстетикалық тәрбие тәжірибесі үшін белсенді эстетикалық қызметте студенттерді қосатын эстетикалық қабылдауды қамтамасыз ететін нысандары мен әдістері тән үйлесімді болуы тиіс

5.6. Жастардың әлеуетін ашу механизмдерін іске асыру

Жастар саясаты саласында мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілетті органдарға қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

Студенттер арасынан ұйымдастырушылық дағдысы мен  көшбасшылық қасиеттері бар белсенді жастарды, сондай-ақ Теміртау қ. ІСБ белсенді қатысуымен әлеуметтік жобалар шеңберінде жастар ұйымдарының басшыларын оқыту жоспарлануда.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде кейіннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға, брейн-рингтерге, ойындарға және т.б. қатысуын қамтамасыз ететін Дебаттық турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

5.7. Физикалық және рухани сау жеке тұлғаны тәрбиелеу

Дене тәрбиесі студенттердің оқу және тәрбиелік қызметін жаппай белсендіру құралы болып табылады және бағытталуы тиіс:

– физикалық және рухани күштерді жан-жақты дамыту, болашақ мамандардың шығармашылық белсенділігі мен ұзақ өмір сүруін, жұмыс қабілетін арттыру;

– студенттердің дене шынықтыру және спорт бойынша білімін дамыту;

– спортшы студенттердің моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу, шеберліктерін үздіксіз арттыру және барлық студенттік жастарды бұқаралық спорттық жұмысқа тарту;

– студенттердің тұрмысына дене шынықтыру мен спортты енгізу, сауықтыру жұмыстарын жүргізу және санитарлық-гигиеналық білімді насихаттау.

– есірткіні, ішімдікті, никотинді және тәуелділіктердің басқа да түрлерін, сондай-ақ студенттер АИТВ-індетін жұқтыруды болдырмау және т.б. жөнінде университетте ұйымдастыру жұмысы бойынша бағдарламаны қабылдау.

5.8. Жастар халықаралық ынтымақтастығы

Жастар ынтымақтастығы елдердің тұрақты, тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық прогресін қамтамасыз етудің маңызды қоры және олардың жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, интеграциялық әріптестіктің ең перспективті нысандарының бірі, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау және тереңдету факторы болып табылады.

Халықаралық жастар ынтымақтастығының басты мақсаты – халықтар достастығын, өзара түсіністік пен өзара әрекеттестікті нығайту үшін ұлттық мәдениеттермен өзара байыту және ғылым, білім беру мен гуманитарлық қызметтің басқа салаларында мемлекеттер ынтымақтастық тәжірибесі негізінде жас ұрпақтың шығармашылық, білім беру, әлеуметтік және рухани-адамгершілік әлеуетін ашу.

Халықаралық жастар ынтымақтастығының негізгі міндеттеріне жатқызуға болатындар:

  • толеранттылық, достық пен тату көршілік, бейбітшілік мәдениеті, этносаралық және конфессияаралық келісім, басқа халықтардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін құрметтеу сияқты мемлекеттер халықтарының жалпы гуманистік құндылықтар рухында жастарды тәрбиелеу;
  • жастарда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, жастарды өз елдерінің қоғамдық, саяси, әлеуметтік пен экономикалық өміріне және мемлекетаралық ынтымақтастыққа тарту;
  • әр түрлі салалардағы жастардың инновациялық белсенділігін арттыру, оның заманауи технологияларды құруға қатысуы.

Халықаралық жастар ынтымақтастығы әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылуда, олар:

  • кәсіби даярлық және біліктілік арттыру, жұмысқа орналасуға және мансаптық өсуіне көмек көрсету;
  • жастардың әлеуметтік осал бөлігін, соның ішінде, мүгедектерді, жетімдедір, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларын, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қолдау;
  • инновациялық процестің құрамдас бөлігі ретінде бәсекелестікті көтермелеу, қоғамдық, шығармашылық және ғылыми қызметтің барлық салаларында талантты жастарды анықтау және қолдау;
  • жастардың еріктілер (ерікті) мен студенттік жасақтар қозғалысын қолдау.

Халықаралық жастар ынтымақтастығы келесі қағидаттарға негізделеді:

– жастарға таяуда демократия, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

– Достастық елдерінің жас ұрпақтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни тәуелділігіне қарамастан);

– жақын және алыс шетелдер халықтарының негізгі құндылықтары мен мәдениеттеріне құрметпен қарау;

– айқын анықталған мақсаттар мен нақты тиімділік өлшемдері бар жобалар мен бағдарламаларды орындауға бағдарлау (мақсатты, нақтылық және іс-әрекеттер ұтымдылық қағидасы);

–  озықтылығы мен жаңалығы;

– жастардың әлеуметтік осал бөлігін қолдау (мүгедек, жетім, көпбалалы және тұрмысы төмен жас отбасылар балалары);

–  мәдениетаралық және дінаралық диалог;

– барлық халықаралық жастар ұйымдарымен ынтымақтастыққа әзірлік;

– халықаралық жастар ынтымақтастық механизмдерін қалыптастыруға озық инновациялық тәсілдерді қолдану.

  1. СТУДЕНТТЕРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

6.1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

ЖОО қабырғасында студенттерге неғұрлым көп тәрбиелік ықпал ету мамандықты игеруде белсенді, шығармашылық атмосфераны туғызатын білім беру процесін ұйымдастыру көрсетеді.

Ынталы, шығармашыл ойлайтын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар:

– оқу-тәрбие және ғылыми процестің нақты бірлігін қамтамасыз етуге икемді мемлекеттік біліктілік сипаттамаларына және оқу жоспарларына мамандарды даярлау сәйкестігі және қоғам мен өндірістің ұдайы дамып келе жатқан қажеттіліктеріне қарай оның мазмұны мен басымдықтарын өзгертуге байланысты мобильді мүмкіндік беру;

– студенттердің шығармашылығы мен ойлау тәуелсіздігін ынталандыратын белсенді оқыту әрекеттерінің басқа түрлерін, компьютерлер, іскерлік ойындарды оқу процесіне енгізу, пәнаралық білімді дамыту, оқу пәндерін терең және шығармашылықпен игеруде бәсекелестік атмосферасын құру жолымен оқу-тәрбие процесін жетілдіру;

– ғылыми-зерттеулер деңгейін көтеру, мамандарды дайындау сапасын арттыру міндеттерімен ғылыми процесс байланыстарын нығайту (оқу процесінің шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттердің көпшілігін тарту, шығармашылық ізденіс элементтерін оқу процесіне енгізу, оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді және аспиранттарды ҒЗЖ кеңінен тартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру); кең бейінді мамандарды дайындаудың маңызды шарты және қолданбалы әзірлемелердің теориялық деңгейін арттыру негіздері ретінде іргелі зерттеулердің дамуын қамтамасыз ету;

– студенттердің кәсіби қасиеттерін барынша тиімді түрде қалыптастыратын және қазіргі заманғы жағдайда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттеріне жауап беретін оқу-тәрбие қызметінің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану бойынша кафедралар жұмысын жүйелі талдау және тәжірибе жинақтау;

– академиялық топтардың байқау-конкурстарын, пән олимпиадаларын және т.б. өткізу; ғылыми-техникалық конференциялар өткізуді ұйымдастыру, конкурстар мен байқауларға және т.б. студенттік жұмыстарды ұсыну;

– еңбек және кәсіптік білім беру мәселелерімен студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жағдай жасау.

Университет өмірінің барлық салалары: оқу процесі және ғылыми-зерттеу, өндірістік және қоғамдық-пайдалы жұмыстарда студенттердің практикалық қызметін ұйымдастыру студенттердің кәсіби даярлығына қол жеткізудің құралдары болып табылады.

6.2. Студенттердің жалпы және арнайы ақпараттандыру жүйесін құру.

Университет тыныс-тіршілігінің әртүрлі салалары туралы студенттерді үздіксіз ақпараттандыру олардың  барлық оқу кезеңінде ақпаратты ұсыну жүйесінің үнемі жаңартылуын жасаумен қамтамасыз етілуі тиіс, соның ішінде қамтитыны:

– «Студенческий Вестник» газет жұмысын;

– тақырыптық әдеби көрмелерді, кітапхана, мұражайлар, орталықтармен белсенді өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын ұйымдастыру;

– әр түрлі буклеттер, анықтамалық әдебиеттер және т.б. құру;

– жоғары курс студенттерімен, университет түлектерімен, ғалымдармен, көрнекті мамандармен және т.б. кездесулер;

– жалпыуниверситеттік салтанатты іс-шаралар, мерекелер және т.б. өткізу;

– ҚМИУ интернет-сайтының тұрақты ақпараттық толықтырылуы;

– оқу қызметі шеңберінде студенттердің өзіндік жұмысы мен ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

–  бұқаралық ақпарат құралдары мен кең ауқымды газетте және т.б. топтың және жекелеген студенттер жұмысының оң тәжірибесін насихаттау.

Ақпарат жүйесі қамтамасыз етуі тиіс:

– студенттерді ЖОО дәстүрімен, оның құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен, студенттердің құқықтары мен міндеттерімен және т.б.; оқу процесін және ҒЗЖ ұйымдастырумен; ЖОО әртүрлі бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдарының қызмет бағыттары мен міндеттерімен; ЖОО қабырғасында және одан тыс жерлерде мәдени, рухани және физикалық даму мүмкіндіктерімен таныстыру;

– оқу, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстар: кітаппен, конспектпен, компьютермен жұмыс кезінде, зертханалық жұмыстарға, сынаққа, коллоквиум, семинар сабақтарға дайындық кезінде біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

– студенттердің өзіндік жұмысы, ғылыми ақпаратты іздеу мен сақтау және т.б.;

– ақыл-ой жұмысына деген қызығушылықты, белсенділікті, дербестікті дамыту (жұмыс тәртібін жоспарлау және оқу процесінің кестелерін уақтылы іске асыру, жұмыс орнын және т. б. ұйымдастыру), мақсаттылыққа және тәртіптілікке тәрбиелеу.

6.3. Әлеуметтік әріптестіктің демократиялық және ашық жүйесін іске асыру

Оқыту мен тәрбиелеудің ең жемісті процесі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы дұрыс орнатылған өзара қарым-қатынас жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Университетте әлеуметтік әріптестік демократиялық жүйесін іске асыру үшін қажетті шарттар:

– күндізгі бөлімнің төменгі курс студенттік топтардың оқытушы-кураторлар институтының жұмыс істеуі. Олардың қызметтеріне ЖОО тыныс-тіршілігінің әр түрлі сұрақтары,  тәлімгерлік және әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ету бойынша студенттерді ақпараттандыру мәселелері кіруі тиіс;

– студенттік жастардың университет әкімшілігінің өкілдерімен, кафедра меңгерушілерімен, кураторлармен тұрақты кездесулер;

– студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі нысандарын жетілдіру.

6.4. Оқытушылардың заманауи педагогикалық қағидаттарын іске асыруға кәсіби даярлығын қамтамасыз ету

Оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін іске асыру оқытушылардың студенттермен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылады. Бұл қызмет саласы педагогтан жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін, оның қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын, сондай-ақ білімалушы мен педагогтың өзара психологиялық ұстанымын білуін талап етеді.

Заманауи педагогикалық қағидаттарды іске асыруға кәсіби дайындықты қамтамасыз ету мақсатында оқытушылар педагогикалық мәдениеттің деңгейін үздіксіз арттыруға, оқу ұжымында өзара қарым-қатынастарды белсенді басқара білуді дамытуға міндетті.

Оқытушылардың педагогикалық және кәсіби шеберлігін жетілдіру:

– кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесімен;

– шеберлікті арттыруда тұрақты қызмет ететін семинарлар және қысқа мерзімді курстармен қамтамасыз етіледі.

  1. СТУДЕНТТЕРМЕН ОҚУДАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Студенттің жеке басын жан-жақты дамыту міндеттері сабақтан бос уақытта тәрбие жұмысының процесінде неғұрлым тиімді шешіледі, оның басты мақсаты студенттердің кәсіби, көркемдік, спорттық және басқа да қабілеттерінің әр түрлі нысандары арқылы дамытуға, мәдени және рухани өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге негізделеді.

Оқудан тыс қызметтің белсенді нысаны ретінде студенттердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс студенттерді мәдени-демалыс іс-шараларын дайындауға және өткізуге қосуды қарастырады. Студенттер мен шығармашылық ұжымдар нормативтік құжаттарға, университеттің тәрбие жұмыс Жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, дайындау, әзірлеу және өткізу жұмыстарына белсене қатысады.

Мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шаралары:

– ресми және салтанатты кездесулер;

– концерттік бағдарламалар;

– фольклорлық мерекелер;

–  конкурстар мен фестивальдар;

– студенттік акциялар, флеш – мобтар;

– мерекелік шерулер;

– спартакиадалар;

– Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің білім беру, ғылым, мәдениет, өнерінің көрнекті қайраткерлерімен кездесулер;

– қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға, чемпионаттарға қатысу.

Университеттің мәдени-демалыс және спорттық-сауықтыру іс-шаралар тақырыбы мемлекеттік мерекелерге, атаулы және есте қаларлық күндерге арналған ресми оқиғаларды көрсетеді:

– Конституция күні (30 тамыз);

– Білім күні (1 қыркүйек);

– Қазақстан халықтарының тілдері күні (22 қыркүйек);

– Халықаралық қарттар күні (1 қазан);

– Мұғалімдер күні (қазанның бірінші жексенбісі);

– Халықаралық студенттер күні (17 қараша);

– Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні;

– Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан);

мемлекеттік мереке – Жаңа жыл (1 қаңтар);

– Қазақстандағы алғыс айту күні (1 наурыз);

– Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);

– Наурыз мейрамы (22 наурыз);

– Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр);

– Жеңіс күні (9 мамыр);

– Отан Қорғаушылар күні (7 мамыр);

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым);

– Астана күні (6 шілде);

– Қала күні және т.б.

Оқудан тыс тәрбие жұмысының (ОТТЖ) жүйесі: 

– университеттің тұтастай алғанда, оның кафедралары мен бөлімшелер жұмысын;

– жалпыуниверситеттік мерекелер өткізуді;

– жатақханалардағы тәрбиелік жұмыстарды қамтиды.

ОТТЖ ұйымдастыруда маңызды рөлді әр түрлі студенттік бірлестіктер: клубтар, орталықтар, қоғам, қызығушылықтары бойынша үйірмелер атқаруы тиіс.

Оқудан тыс тәрбие жұмысының нысандары мен әдістері алуан түрлі: 

– музыкалық кештер, оқырмандар конференциясын, сұрақ-жауап кештерін, пікірталастар, ауызша журналдар, дискотекалар өткізу;

– жазушылармен, композиторлармен, актерлармен кездесулер, әдебиет, музыка, өнер саласындағы жетістіктер туралы сұхбаттар мен дәрістер өткізу;

– суретшілердің, фотографтардың кітаптары мен жеке көрмелер таныстырылымы; университет тарихы туралы ақпараттық материалдар, ғылыми жетістіктер көрмелері;

– шығармашылық бірлестіктер, театрлық, хореографиялық ұжымдар, ән мен би ансамбльдері және т.б. қызығушылықтары бойынша пікірталас клубтарының жұмысын ұйымдастыру;

– концерттерге, спектакльдерге, мұражайға мәдени сапарларға және т.б. баруды ұйымдастыру;

– көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік қызметін дамыту;

– мұражайларға баруды ұйымдастыру, қаланың, облыстың және елдің тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу;

– ғылыми студенттік конференциялар, олимпиадалар, студенттік жұмыстар, рефераттар конкурстарын өткізу;

– студенттерде Қазақстан Республикасының заңдарын, Конституцияны, өркениетті қоғамның қағидаттары мен нормаларын, білім беру процесінде ғана емес, университеттің өмірлік барлық стилінде, барлық деңгейдегі басшылардың қызметін құрметтеуді, жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

– Теміртау қ. және Қарағанды облысының ІІД мен прокуратураның, сот органдарының мамандарын шақырумен сұхбаттар мен дәрістер ұйымдастыру арқылы студенттерді құқықтық тәрбиелеуді, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын-алу бойынша шараларды, жатақхана ережелерін күшейту;

– студенттер арасында табиғатты ұтымды пайдалану және т.б. мәселелер бойынша насихаттау жүргізу.

Дене тәрбиесі және спорттық-бұқаралық жұмыс деңгейін көтеру жолдары:

– дене шынықтыру білім беру жүйесі арқылы оқу процесі мен студенттердің дене тәрбиесі байланысын қамтамасыз ету;

– университетте және студенттік жатақханаларда дене тәрбиесі үшін материалдық-техникалық базаны дамыту;

– дене тәрбиесінің әдістемелік және ғылыми негіздерін жетілдіру;

– спорттық іс-шараларға студенттер мен оқытушыларды тарту, спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жандандыру;

– дене шынықтыру, спорттық және сауықтыру қызметтерін жетілдіру;

– бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу (спартакиадалар, кросстар, спорт түрлері бойынша жарыстар; кафедралар арасында спорттық-бұқаралық жұмыстың ең үздік қойылымына байқау-конкурстар және т.б.);

– дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту.

Жатақханалардағы тәрбие жұмысының нысандары:

– дәрістер, сұхбаттар, оқытушылармен консультациялар, демалыс кештерін, қызықты адамдармен кездесулер өткізу;

– сұрақ-жауап кештерін, байқау-конкурстарын, концерттер, көркемөнерпаздар фестивальдерін ұйымдастыру;

– спорттық іс-шаралар, комнаталар, қабаттар, тұрғын ғимараттар арасында жарыстар және т.б. өткізу.

Жатақханадағы тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастыруға жыл сайынғы қалалық байқау-конкурстары жатақханаларда барлық тәрбиелік жұмысын жақсартуға қолайлы әсер етеді.

Оқудан тыс тәрбие жұмысының перспективалық бағыттарының бірі онымен әдістемелік, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты  оны кәсібилендіру болып табылады. ОТТЖ кәсібилендіру ЖОО-да рухани атмосфераны, адамгершілік-эстетикалық ортаны құру жолын білдіреді.

Оқудан тыс тәрбие жұмысын кәсібилендіру:

– психологиялық пен педагогикалық білімі бар және заманауи көзқарасты игерген ұйымдастырушы мамандардың болуын;

– бірыңғай орталықтың көмегімен әртүрлі ЖОО ОТТЖ құрылымдар қызметін үйлестіруді;

– материалдық-техникалық базаны көздейді.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ

Болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру мәселелерін шешуде маңызды рөл социологиялық зерттеулерге аударылады, оның басты бағыты университеттегі тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеуде ұжым қызметінің кемшіліктері мен әлсіз орындарын анықтау мақсатында университеттегі гуманитарлық ортаның жағдайын талдау болуы қажет.

  1. СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

9.1. Университетте тәрбие жұмысын тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі Директор басқарады

ТЖжЖС директоры:

– студенттермен тәрбие жұмысына қатысатын университеттің барлық бөлімшелер қызметін үйлестіру және бастамашылық ету;

– ҚМИУ-да тәрбие жұмысының жоспарларын құрастыру мен орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.

9.2. Жоспарларды әзірлеу, ұйымдастыру және олардың орындалуын қадағалау, тәрбие жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар нәтижелерін талдау:

– ҚМИУ-да – ТЖжЖС директорына;

– деканаттарда – декандар орынбасарларына;

– кафедраларда – кафедра меңгерушілеріне және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына;

– жатақханаларда  – студенттік жатақханалар кураторларына жүктеледі.

9.3. Кафедраларда тәрбие жұмысының жоспарларын орындау: 

– профессор-оқытушылар құрамы мен кафедра қызметкерлерінің қызметімен;

– күндізгі бөлімнің студенттік топтардың жас оқытушы-кураторлар институтының жұмыс істеуімен;

– түрлі қоғамдық студенттік ұйымдар қызметімен қамтамасыз етіледі.

9.4. Студенттік жатақханаларда тәрбие жұмысының жоспарларын жүзеге асыру: 

– профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді тарта отырып, деканаттар мен кафедралар бірлесе жатақхананың студенттік кеңестер жұмысы.

Жатақхананың студенттік кеңестері жатақханадағы студенттік өзін-өзі басқару органдары болып табылады. Олардың рөлі тұрмыстың жоғары мәдениетіне, тазалығы мен тәртібіне, теріс құбылыстарға төзбеушілікпен қарау күресіне қатысуға студенттердің кең ауқымын тартудан тұрады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде университеттің бұқаралық ақпарат құралдарына («Студенческий Вестник» газетіне ҚМИУ сайтына) ерекше назар аударылады.

Болашақ маманның физикалық және рухани жағынан сау тұлғаны тәрбиелеуде  оның жұмыс қабілетін, шығармашылық белсенділігі мен ұзақ өмір сүруін арттыруда дене шынықтыру және спорт және спорт секцияларына маңызды орын беріледі.

Студенттің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру процесінің қажетті құрамдас бөлігі, оның дербестігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырудағы студенттік өзін-өзі басқару болып табылады.

Студенттерді тартуға болатын мәселелердің ауқымы сан алуан: оқу және тәрбие жұмысының нәтижелерін, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру тиімділігін, жатақханадағы орындарды үлестіру, қоса алғанда одан студенттерді шығару туралы шешім қабылдауды талқылауға қатысу және басқа да көптеген.

Студенттік өзін-өзі басқару – студенттердің оқу орнының немесе оның жеке бөлімшелерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты басқару шешімдерін дайындауға, қабылдауға және іске асыруға, білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, студенттердің әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлеріне қосылуға белсенді қатысуын көздейтін басқару нысаны. – Студенттердің мүдделерін қозғайтын барлық бағыттар бойынша ЖОО ішінде өмір ұйымдастыру;

Университеттің студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері болып табылатындар:

– жеке тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, әрбір студенттің ішкі әлеуетін ашу және олардың университет өміріне белсене қатысуға тарту;

– студенттердің өмірдің барлық салаларында нақты құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету.

– студенттерде белсенді азаматтық ұстанымды, жеке қатысу сезімін және университет өмірінің барлық жақтарына әркімнің жауапкершілігін қалыптастыру;

– болашақ мамандарға ұжымда өмір тәжірибесі мен дағдыларын алуға, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

– жоо барлық деңгейдегі басқару процесіне, бірлескен, жауапты шешімдер қабылдауда студенттерді қосу;

– студенттік ортада қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру;

– университеттің жағымды келбетін нығайту мен дамыту, университет дәстүрлерін және оның тарихын мұқият сақтау;

– оқу процесінде студенттердің тәртіптілігін, үлгерімнің тиісті деңгейін, сабақтан тыс уақытын, тұрмыс пен бос уақытын мақсатты ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Жалпы, студенттік өзін-өзі басқару – бұл студенттік жастардың өмірлік маңызды мәселелерін: тұрмыс, бос уақыт, оқу шешуге бағытталған студенттердің қоғамдық қызметтегі өз жауапкершілігіндегі дербес, жеке бастаманың ерекше нысаны.