Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) бірге «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы» атты XLVIII республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және шетелдік әріптестер, кәсіпорындар өкілдері және білім мекемелерінің докторлары, магистранттары және студенттері қатысты. Конференц-байланыс бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің Электрмеханика, электрүнемдеу және басқару институтының директоры профессор А. П. Черный қатысушыларды конференцияның ашылу салтанатымен құттықтады.
Пленарлық отырыста ҚМИУ ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры А. А. Айкеева сөз алды. Ол өзінің сөзінде Мемлекет Басшысының алға қойған мақсаттарына, оның ішінде әлемдік озық елдер қатарына ену үшін қазақстандық білімді жаңа деңгейге көтеру мәселелері туралы айтты. Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында ғылыми әрекеттің және білімдік үрдістің интеграциялануының маңыздылығы атап өтілген. Н.Ә.Назарбаев жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа міндеттер айқындалды, осы міндеттерді жүзеге асыру барысында еліміз жылдам өзгеретін жаңа әлемге жағдайына табысты икемделеді. Алтын Аманжолқызы ҚМИУ ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметі, жақын жылдардағы университет жоспары туралы айтты және конференция қатысушыларына табысты жұмыс атқаруды тіледі.
«Cisco» желісті академияда оқыту және оның әрі қарай табысты жұмыс жасауы жайлы пленарлық отырыста ҚМИУ жас маманы Д. Токсеит хабарлама жасады. «Топырақтарды зертханалық сынау» атты баяндаманы Қ-16ғм тобының магистранты А. Касенова тыңдаушылар назарына ұсынды. Компанияны тиімді басқару инструменттері жайлы Э-15 тобының студенті Т.Силаева ойын ортаға салды. Осыдан кейін бас және жаңа коропус дәрісханаларында әртүрлі бағыттар бойынша тоғыз секция өз жұмысын жалғастырды. Өздерінің баяндамаларын С.Тойайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері, магистранттары, колледж және жалпыбілімдік мектептердің оқушылары көпшілік назарына ұсынды.
Конференцияда барлығы 360 баяндама, оның көпшілігі «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері», «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар», «Архитектура және құрылыс», «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциялары бойынша ұсынылды. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалды.
ҚМИУ студенттері И. Стамкулова (МжЖМТ-14 тобы, «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар» секциясы), Ю. Франц (МҚӨТ-15с тобы, «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері» секциясы), А. Мусин (ОЗХТ-14 тобы, «Химия, химиялық технологиялар және экология» секциясы), А. Смайл және А. Батырбек ( ЭЭ-15қ тобы, “Жылуэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы), Д. Прохорович (ЕТжБҚ-15 тобы, секция «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы), А. Сапар (Қ-15қ-2 «Архитектура және құрылыс» секциясы), Д. Сейдуллаев және А. Турсунов (Э-17 тобы, «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы), С. Қуанышқызы (МҚӨТ-17қ-3 тобы, «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы), С. Елефтериади (МҚӨТ-17тобы, секция «Филологиялық ғылымдар» секциясы) үздік нәтижелер көрсетті.
Табысты және қызықты жұмыс күнінің соңында комиссия жұмыс қорытындысын шығарды. Конференцияның салтанатты жабылу шарасында үш бірінші орын жеңілпаздарына грамоталар және сыйлықтар, жеңілпаздарды осы конференцияға дайындаған оқу орындарының жетекшілері және педагогтарына Алғыс хаттар тапсырылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2018 жылдың 12-13 сәуір күндері
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен бірге профессорлы-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, магистранттар, докторанттар, студенттер және оқушыларға арналған
«Жастардың Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы»
XLVIII ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Пленарлық отырыс (бейне-конференция) 2018 жылы 12 сәуір күні 10.00 – 11.30 сағат аралығында I-313 дәрісханада өткізіледі; Секциялар бойынша жұмыс 12 сәуір 11.45 – 13.00 және 14.00 – 16.00 сағат аралығында өткізіледі;
Конференцияның жабылуы 12 сәуір сағат 17.00, I-313 дәрісханада өткізіледі.
СЕКЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫС:
- Секция «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар» I-225 дәрісхана
- Секция «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері» I-200 дәрісхана
- Секция «Химия, химиялық технологиялар және экология» I-201 дәрісхана
- Секция «Жылуэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» Ж-107 дәрісхана
- Секция «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» I-313 дәрісхана
- Секция «Архитектура және құрылыс» Н-306 дәрісхана
- Секция «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» Ж-321 дәрісхана
- Секция «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» Ж-412 дәрісхана
- Секция «Филологиялық ғылымдар» Ж-223 дәрісхана
Төрт венгриялық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (Теміртау қ.) ректоры Б.А.Жәутіковтің Будапештте өткен венгер-қазақстандық ректорларының форумына белсенді қатысуының нәтижесі.
“Корвинус” университетінде өткен ректорлар форумын, білім беру технологиялары бойынша екі елдің диалог алаңы деп атауға болады. Бірлескен жобаларды әзірлеу саласындағы басым бағыттардың бірі сандық технологиялар, энергетика, көлік және логистика, спорт және туризм. Форумда жоғары оқу орындары арасындағы өзара түсіністік туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесі мен Венгрия ректорларының Қауымдастығы арасындағы меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі өтті.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.А.Жәутіков Венгрияның University of Pannonia ірі университетімен (Веспрем қ.), Будапешттің Eotvos Lorand University жетекші университетімен, Еуропадағы ең ежелгі техникалық университеттердің бірі Budapest University of Technology and Economics университетімен, сондай-ақ сол елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – University of Debrecen университетімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
– Паннония университеті өңірлік өндірістік серіктестермен және жергілікті билік органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Аталған жоо Венгриядағы үздік оқу орындарының ондық қатарына тұрақты кіреді. Онда 14 мыңнан астам студенттер, оның ішінде жергілікті азаматтар да, шетелдіктер де оқытылады, олар кейіннен студенттер алмасу бойынша бағдарламаларына қатыса алады, – деді Бақыт Жәутіков. – Лоранд Этвеш атындағы университет тарихы төрт ғасырдан астам уақытқа созылған. Қазіргі заманауи атауы физикадан бүкіл әлемге белгілі – оның профессорлар бірінің атымен байланысты. Университет «Утрехтская сеть» Еуропалық университеттер Қауымдастығының құрамына кіреді және сегізінші жыл зерттеу мәртебесіне ие. Қазіргі уақытта университетте 1500-ден астам оқытушы жұмыс істейді және 30 мыңға жуық студенттер, соның ішінде шетелдік студенттер білім алуда. Лоранда Этвеш университеті жыл сайын шәкіртақы бағдарламаларының бірнеше нұсқасын ұсынады, онда шетелдік студенттерде қатыса алады.
Будапешт университетінде техникалық және экономикалық ғылымдарда мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді және 24 мыңнан астам студенттер оқиды, оның үштен бір бөлігі Венгрияға шетелден келеді. Дебрецен университеті шамамен 32 мың студент қабылдайды, оның ішінде 2 мыңнан астам шетелден, профессор-оқытушылар құрамы бір жарым мыңнан астам адамды құрайды.
Бақыт Жәутіков атап өткендей, екі елдің әртүрлі университеттерінің өкілдерімен қарым-қатынас жасау – ҚМИУ үшін өте маңызды. Венгриялық жоғары оқу орындарымен байланыс орнату білім беру үдерісіндегі барлық тараптар үшін жағымды өзгерістерге әкеледі.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: оқыту үшін студенттермен, магистранттармен, PhD докторанттарымен алмасу, ғылыми зерттеулер, тағылымдамалар жүргізу; бірлескен курстар мен семинарлар өткізу, магистрлік, PhD-докторлық диссертацияларды басқару; ЖОО жанынан профессорлық-оқытушылық құрамға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттар мен PhD докторанттарға тағылымдама ұйымдастыру. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру сапасын жақсартуға; ғылыми зерттеулер негізінде жаңа оқулықтар әзірлеу мен жаңарту мақсатында оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп дайындауға және шығаруға; ғылыми әдебиеттерді дайындау мен жариялауда баспа қызметі бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеуге назар аударылатын болады.
Магистранттар, PhD докторанттар даярлау деңгейін, сондай-ақ олардың диссертациялық жұмыстарын бағалау мәселелерінде сараптамалық, ғылыми – техникалық және диссертациялық кеңестердің өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді және механизм әзірленетін болады; өзара қолайлы негізде тараптардың материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, басым бағыттар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысу.
– Бұдан басқа, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру, білім және ғылым жүйесіндегі инновациялық белсенділікті арттыруды қамтамасыз ететін кадрларды даярлау мен қайта даярлау үшін жағдай жасау, – деді Б. А. Жәутіков, – ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды бірлесе ұйымдастыру, инновациялық технологиялар ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын бірлесе әзірлеу мен қатысу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйелерге интеграциялау, халықаралық қорлар мен ұйымдардың конкурстарына қатысу үшін бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жүргізу.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Мы рады сообщить вам, что прием заявок на публикацию в первом номере студенческой книжной коллекции «Жас Қыран», запущенной в
рамках республиканского проекта «Лучший студент», организованного Общественным фондом
«Мосты согласия» открыт!
Заявки принимаются от успешных студентов по направлениям :
– Наука
– Искусство
– Спорт
– А также от
председателей и активистов студенческих организаций
.
В книгу войдут обладатели «Алтын белгі», лауреаты международных, республиканских
и региональных олимпиад, конференций, проектов и выступлений; лидеры и
активисты общественных молодежных движений , Члены
национальной сборной Казахстана, лауреаты и призеры Олимпийских игр,
международных и спортивных соревнований.
Участникам проекта будет вручена
книга «Жас Қыран» , специальный нагрудной
значок «Лучший студент 2018 года» и Свидетельство о заслугах.
Список необходимых документов составляет: Автобиография (не более 2 страниц, TimesNewRoman, 14 кегл ), копий подтверждающих
документов ( например: полученноеписьмо-благодарность,
диплом и т.д ) , также
разрешаются награды, присужденные в 9-11 классах , фото в формате 4*5. Перечисленные документы необходимо отправить по
электронному адресу uzdik2018@gmail.com до 31 марта 2018
года . Документы принимаются на трех языках (казахский,
русский, английский). В биографии необходимо обязательно указать адрес
проживания ( в случае невозможности
приезда в Астану, на указанный адрес будут отправлены: сборник, значок, грамота )
Презентация книги состоится 27 апреля 2018 года в городе
Астана. На презентацию приглашаются студенты, имена которых были включены в
книгу «Жас Қыран».Окончательная программа конференции будет отправлена до 10
апреля.
Инф. письмо кз
Инф. письмо ру
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
2018 жылы 12-13 сәуір аралығында
Михайл Остроградский атындағы
Кременчук ұлттық университетімен (Украина)бірге өткізілетін
«Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» атты
XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция
жұмысына қатысуға шақырады
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Конференция мақсаты – білім, технология, техника, құрылыс, экономика, металлургия салаларындағы ғылыми зерттеу мәселелерін талқылау. Сонымен бірге оларды ғылым мен практикада қолдануға арналған практикалық ұсыныстарды ұсыну.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:
- «Металлургия және металтану саласын дамытудағы инновациялар» секциясы
- «Машинажасау технологиясының өзекті мәселелер» секциясы
- «Химия, химиялық технология және экология» секциясы
- «Жылуоэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы
- «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы
- «Архитектура және құрылыс» секциясы
- «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы
- «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы
- «Филологиялық ғылымдар» секциясы
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КҮНДЕРІ:
Өткізілетін күні: 2018 жылдың 12 сәуірі – конференцияға қатысушыларды тіркеу;
2018 жылдың 12-13 сәуірінде – конференция жұмысын ұйымдастыру және өткізу.
Өткізілетін орын:
101400, Қазақстан, Қарағанды облысы, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті. Анықтама телефоны: +7 (7213) 92 05 94
КОНФЕРЕНЦИЯ ШАРТЫ:
Конференция жұмысына оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, жасы 35 жастан үлкен емес, жас ғалымдар қатыса алады. Конференцияның рәсми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Конференция жұмысына конференция тақырыбына сәйкесті және фундаменталды және инженерлік ғылымдарға арналған өзекті теориялық және практикалық мәнді баяндама форматында рәсімделген аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары қабылданады.
Конференция онлайн-трансляция түрінде өткізіледі. Бейнеконференция жұмысына қатысуға арналған өтінімді барлық оқу орындары 2017 жылдың 2 сәуіріне дейінгі мерзімде мына электронды мекен-жайға: infokz жіберулері қажет.
«Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өтуі туралы толық ақпаратты kgiu.kz сайтынан алуға болады.
«Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» атты
XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция
жұмысына қатысуға арналған
ӨТІНІМ
Автордың (қосалқы авторлардың) тегі, аты-жөні |
|
Секция атауы |
|
Мақала атауы |
|
Лауазымы және жұмыс орыны (ұйым) |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
Байланыс телефоны |
|
E-mail |
|
Мекен-жайы |
|
|