“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға»«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға»«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!

 


СОТСБИ біліктілікті арттыру курсы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары СОТСБИ компаниясымен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында біліктіліктерін арттырып жатыр.

Курс тыңдаушыларын бірнеше күн ішінде «СОТСБИ интерактивті зертханалық-оқу кешені» курсы бойынша  дәрістер, практикалық және жеке өзіндік жұмыстар күтіп түр. Сабақты М. А. Бонч-Бруевич ат. Санкт-Петербург  телекоммуникация университетінің оқытушысы,  СОТСБИ ҒТО ЖШС техникалық жазушысы Татьяна Лушникова жүргізеді.

Оқылатын тақырыптар – байланыс желістері, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты коммуникациялық хаттамаларды зерделеуге арналған СОТСБИ-ngn аппаратты-бағдарламалық кешен және т.б. Курс ұзақтығы 72 академиялық сағат, оқыту нысаны- күндізгі/сырттай.

ҚМИУ баспасөз қызметі


“Горно-металлургическая промышленность” журналындағы жарияланым, №7 (120) шілде 2018 ж.

 

 

 

 

 

 


Тағы 1 қыркүйек! Оқу жылының басталуымен!

1 қыркүйек Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде эссе конкурсының жеңімпазына грант табыстау мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан оқуға келген бірінші курс студенттеріне құрмет көрсету өтті. ҚР Конституция күніне және Білім күніне арналған мерекенің құрметті қонақтары ҚМИУ Құрметті профессорлары болды, ал оның қатысушылары – ЖОО оқытушылары, магистранттары, докторанттары, студенттері мен қонақтары болды.

Университеттің «Алтын» қорын қажырлы еңбегімен ЖОО даңқын арттыратын, студенттерге білім мен тәжірибені күнделікті беретін білікті профессорлар мен оқытушылар құрайды. 1 қыркүйек сахнаға мемлекет Басшысының серіктесі, комбинат ардагері, «Құрмет» және 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері, «ҚМИУ алдындағы айрықша еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, көптеген жылдар бойы оқу орнында өндірістік оқыту шебері ретінде жұмыс істеген Виктор Алексеевич Никонов шақырылды. Оны еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық. Оның мінсіз еңбегі мен жұмысқа деген жауапкершілігі үшін Виктор Алексеевичке гүлдер мен ҚМИУ ректорының алғыс хаты табысталды. Сол күні біздің университетте 37 жыл жұмыс істеген Купреева Расим Асраретдиновнаны да еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық.

Конституцияның 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен Құрметті грамоталарымен:

– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Иванович Илькун;

– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Александрович Ященко;

– «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Татьяна Михайловна Бондарцова;

– «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Майра Маулиевна Татиева;

– «Экономика және құрылыс» факультетінің декан орынбасары Асель Кажатовна Нургалиева;

– «Металлургия және машинажасау» факультетінің декан орынбасары Гульмира Аубакировна Шаяхметова марапатталды.

Жыл сайын ҚМИУ ғылыми элитасы жас ғалымдармен толықтырылады. Биылғы жылы алғаш рет ұзақ үзілістен кейін ЖОО-ның 17 жас оқытушылары докторантураға түсті. Оларға ректордың құттықтау хаты табысталды. Ду қол шапалақпен сахнаға Нұрбек Айткенов, Рымгүл Жаслан, Ербол Қуатбай, Талғат Жүнісқалиев, Маржан  Мұхаметхан, Ерлан Мұхаметхан, Бекзат  Ахметов, Гүлдана Даирбекова, Досбол Бекмағамбетов, Мақсат Абишкенов, Семен Кузьмичев, Адилжан Куанышбаев, Ғазиза Жұманазарова, Ғалия Жұмабекова, Сауле Камарова, Жадыра Авкурова, Нұрболат Сайдрахимов шақырылды.

Қазақстан жастары өте патриотшыл. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Патриотизм өз жеріне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, кішкентай отанына деген махаббатынан басталады». ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жыл сайын Қазақстан мектептерінің оқушылары үшін «Менің қаламның тарихы» атты кең ауқымды эссе және мультимедиялық жобалар конкурсын өткізеді. Конкурсқа көптеген өтінімдер жіберілді және конкурстық комиссия мүшелері ең лайықтыларын таңдады. Ғылыми Кеңестің шешімімен жеңімпаздарға гранттар мен жеңілдіктер берілді. Марапаттау рәсімі үшін сахнаға алғашқы үш орын иегерлерін шақырды. Эссе конкурсындағы 3 орын үшін 2018-2019 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде оқуға 25 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификатпен Кристина Кучеренко, Ақерке Қуанышбекова және Әлия Мәдкен марапатталды. 2 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификат Әнуар Қазбековке табысталды. 1 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінде оқуға Ғылыми кеңес грантымен конкурстың барлық турынан керемет өткен, ал ҰБТ-да 81 балл жинағана №19 ЖББОМ түлегі Валентина Алейникова марапатталды.

ҚМИУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   Қарағанды облысының ауылдық мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Осы жылдың мамыр айында университет өкілдері кең ауқымды жұмыспен Нұра ауданы Кертінді кентінің М.Сүлейменов атындағы тірек мектебіне барды. Сахнаға ҚМИУ «Электрэнергетика» мамандығына түскен және білім беру грантына ие болған Жамаухан Дәулетқазы шақырылды. Оған ректордың атынан құттықтау хаты тапсырылды.

Студенттік жылдар – бұл игі тілектер орындалған және шыңдар жеңілген уақыт. Сөз сөйлегендер бірінші курс студенттеріне ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матер қабырғасында білім алуды ғана емес, олардың ізашарлары ретінде ЖОО-ның қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласуды тіледі. Салтанатты жиын мен шашу рәсімінен кейін жаңадан келген студенттерді бір-бірімен, факультет декандарымен, оқытушылармен  және кураторлармен танысу үшін аудиторияға шақырды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Сіздерді ҚР Конституциясының 25-жылдығымен және Білім Күнімен

құттықтаймыз және 1 қыркүйек сағат 11.00-де

жаңа корпустың акт залында

өтетін салтанатты жиынға шақырамыз.