“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сағат өткізілді

[жариялау күні: 02.09.2019, 15:15:55, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Студент жастардың бойында патриоттық құндылықтарды, адалдықты, парасаттылықты және ізгілікті қалыптастыру және нығайту мақсатында 2019 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сағат өткізілді.

Спикерлер аудиторияға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын және жалпы елдің сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған жалпы саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі ақпаратты жеткізді, сондай-ақ студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі ережелерін, олардың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашты.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері ҚМИУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы бірауыздан пікір білдіріп, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және қоғамда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған өткізілетін іс-шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

02.09.2019, 15:15:55, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар