“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағандыда «Қашықтықтан оқытудың мемлекеттік тілді үйрету жүйесіндегі тиімділігі» атты облыстық семинар өтті

[жариялау күні: 02.05.2019, 18:06:30, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

23 сәуірде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қарағанды қаласының «Достық» үйінде «Қашықтықтан оқытудың мемлекеттік тілді үйрету жүйесіндегі тиімділігі» семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты отандық және шетелдік білім беру технологияларымен танысу және мультимедиалық және дистанциялық технологияларды тиімді пайдалану әдісімен тілдерді оқыту.

Семинарға​ тіл орталықтары мен курстарының ересектерге қазақ тілін оқыту жұмысын жүргізіп жүрген әдіскерлері мен оқытушылары, жоғары оқу орындарының орыс тілді топтарға қазақ тілінен сабақ беруші оқытушылары, “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мамандары қатысты. Бұл семинарға ҚМИУ-дан гуманитарлық ғылымдар магистрі, “ҚОжШТ” кафедрасының аға оқытушысы Капашева Жания Құдайбергенқызы қатысты.

Шара тақырыбы өте өзекті. Себебі, әр оқытушы бүгінгі цифрлық заманда интернет пен түрлі заманауи бағдарламалардың әлеуетін толыққанды пайдалана білуі керек. Бүгінгі шарада да орталық директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы, былтыр “Республикадағы ең үздік оқытушы” атағына ие болған әдіскер Қуанбаева Динара Әбілсейітқызы және оқытушы Омашева Лаура Қырғызбайқызы келесі тақырыптар бойынша практикалық сабақтар жүргізді:

 

  • Мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары;
  • STEAM жүйесі бойынша мультимедиялық технологияларды қолдану: мүмкіндігі мен артықшылықтары;
  • Socrative, Playposit, Thinglink бағдарламалары;
  • Онлайн режимдегі “Менің қалам” панорамалық сабағы;
  • Онлайн оқыту барысында IDroo, RealTimeBoard виртуалды тақталарын пайдаланудың тиімділігі;
  • Quizlet бағдарламасы –лексикалық минимумды игертудің заманауи тәсілі.

Семинар барысында қатысушылар оқытудың жаңа технологиялары бойынша практикалық дағдыларды көрсетті.

Шара соңында барлық қатысушыларға басқарманың арнайы сертификаттары табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

02.05.2019, 18:06:30, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар