“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жанабергенова Динара Кеңесқызы ел Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған дөңгелек үстелге қатысты

[жариялау күні: 19.04.2019, 12:29:46, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Теміртау қаласында 18 сәуірде өткен дөңгелек үстелге қатысушылар Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау білдірді. Кездесуге 60-тан астам адам – қалалық мәдениет мекемелерінің өкілдері, мұражайлардың, кітапханалардың, мәдени-демалыс ұйымдарының қызметкерлері, Қарағанды индустриялық университетінің ғылыми қызметкерлері жиналды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Теміртау – Тұңғыш Президенттің еңбек жолы басталған қала екенін атап өтті. Металлургтер шаһарының тұрғындары, шығармашылық және ғылыми зиялылар өкілдері халықты Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқығын пайдаланып, еліміздің болашақ президентіне дауыс беруге шақырды.

Кездесуге қатысушылар кезектен тыс сайлау қазақстандық қоғамның одан арғы жолын анықтауға және еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол қоғамның одан әрі экономикалық өркендеуін, демократиялануын, ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатын қамтамасыз етеді.

Дөңгелек үстел жұмысына “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Динара Кеңесқызы қатысып, баяндама жасады. Өз баяндамасында ол жиналғандардың назарын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысудың маңыздылығына аударды. Сондай-ақ, Президент елдің ішкі және сыртқы даму бағытын айқындап, халықаралық аренада біздің мемлекетімізді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жөнінде шешім қабылдап отырғанын атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Скорикова Наталья Дмитриевна, «Берегиня» орыс халық әндері ансамблінің жетекшісі Светлана Гежа, ТМҮ мәдени-демалыс жұмысы бөлімінің жетекшісі Алдашева Руза Жакыповна, ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығының экскурсоводы Қуаныш Тыныбек қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

19.04.2019, 12:29:46, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар