ҚМИУ ҰБТ 481 түлек тапсырады
[жариялау күні: 20.06.2018, 16:00:35, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
21 шілде күні ҚМИУ Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы мектеп түлектері – 868. Түлектердің өміріндегі ең жауапты емтиханды биылғы жылы 481, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде – 274 түлек тапсырады. ҰБТ 5 дәрісханада өткізіледі. ҰБТ пунктері металіздеуші, ұялы телефондар дабылын тұншықтыратын құралдармен, компьютерлі сканер, принтерлермен жабдықталған. Барлық дәрісханаларда бейнекамералар орнатылған.
Түлектердің ҰБТ қалай тапсыратындығын түлектердің ата-аналары ҚМИУ жаңа корпусында конференц-залда орнатылған мониторлар арқылы тамашалайды. Мектеп түлектеріне ҰБТ табысты тапсыруға тілектеспіз және біздің университетімізге оқуға шақырамыз!