“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

[жариялау күні: 06.04.2018, 17:02:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

6 сәуірде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 100 студенті Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» атты жемқорлыққа қарсы марафонға қатысты. Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында өткізілетін акцияның негізгі мақсаттары – жемқорлықтың алдын алу, барлық құқық бұзушылықтардың нысандарында “мүлдем төзбеушілік” қағидатын, жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте теміртаулықтарды тарту, белсенді азаматтық позиция көрінісін көрсету.

Эстафетаны біздің қалаға Қарағанды берді. Теміртау әкімдігінің алдында митинг өтті, оған  қала әкімі Ғ.Әшімов, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің бастығы Ж.Сәрсенов, мемлекеттік қызметкерлер, қалалық мәслихат депутаттары мен студенттер қатысты. Митинг барысында ҚМИУ өкілдері алаяқтық, парақорлық және лауазымды тұлғалардың сатылуын білдіретін әуе шарларын жарып жіберді. Осылайша, қыздар мен ұлдар Теміртау қаласының барлық жастарын республикалық акцияға қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілермен бір қатарға тұруға шақырды.

Содан кейін ҚМИУ студенттері мемлекеттік мекемелердің басшыларына сабын тілімдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгісі ретінде таратып, әкімдіктің ғимаратында «Таза қолдар» акциясын өткізді. Бұдан басқа, жас адамдар Теміртау әкімінің, қалалық мәслихаттың хатшысы және барлық мемлекеттік органдардың басшылары кабинеттерінің есіктеріне «Мен пара алмаймын, бермеймін» ұраны мен сенім телефон тақтайшаларын бекітті. Осылайша, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты белсенді келіспейтін азаматтық ұстаным болды. Осы жерде айта кеткен жөн, ҚМИУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болды.

Марафон қала бойынша автошерумен жалғасты. Автокөліктер мен автобустар мемлекеттік жалаумен, «Адал жол» жазуы бар жалаулармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға  қатысты ұрандармен Теміртау бойынша жүріп өтті.

Марафон 20 сәуірге дейін жалғасады. Оның аясында  байқаулар, акциялар, квест, флешмобтар, кездесулер өтеді, олардың негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Марафон форуммен аяқталады.

ҚМИУ баспасөз қызметі