“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ докторанты «Үздік жас ғалым – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

[жариялау күні: 09.01.2021, 17:12:54, жариялауды: Әкімшілік]

«6D070900 – Металлургия» бағыты бойынша Қарағанды индустриялық университетінің докторанты Талғат Тоқашұлы Жүнісқалиев Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттауға бағытталған еліміздің жас ғалымдары арасында өткізілген «Үздік жас ғалым – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мен «Bilim-orkeniti» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырды.
09.01.2021, 17:12:54, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар