“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қазақстан халық Ассамблея»

«Қазақстан халық Ассамблея» кафедрасының тарихы

Мемлекет Басшысы ұсынған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 17 қаңтар 2014 жылғы  жолдауында, «Мәңгілік ел» гуманистік тұжырымдама контексінде толеранттылық пен ұлтаралық келісімді студенттік қауымдастықтың рухында тәрбиелеуге бағытталған, университетте мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру мақсатында, Қарағанды ​​мемлекеттік индустриялық университеті базасында 12 желтоқсан 2016 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы құрылды.

Кафедраның негізгі мақсаты:

Мәдениетаралық, конфессияаралық қарым-қатынастар тұрғысында университеттегі білім беру және оқыту процестеріне арналған, ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-насихаттықты қолдау.

Кафедраның міндеттері:

– білім беру және университеттегі оқу процесі арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру;

– қазақстандық патриотизм мен азаматтық келісім рухында студенттік қауымдастықты тәрбиелеу;

– Қазақстандық қоғамның бірігуінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін насихаттау;

– этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін насихаттау.

 

 

«Қазақстан халық Ассамблея» кафедрасының меңгерушісі

Семенова Татьяна Викторовна, философия ғылымының кандидаты, доцент

 

Білімі:

Ленинград мемлекеттік университеті, философия факультеті

Философия ғылымдарының кандидаты дәрежесі бойынша диссертация: «П.А. Флоренский философиясында өмірдің ақиқаты мен мәні».

(Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1999)

ҚМИУ жұмыс тәжірибесі – 1989 жылдан бастап.

Онтология, эпистемология, заманауи қоғамның қоғамдық-саяси өмірі және оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша 40-тан астам ғылыми, оқу-әдістемелік басылымдары бар.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай төс белгісі (2011 ж.);

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі (2013).