ҚМИУ өкілдері О.А. Байқоңыров атын. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
[жариялау күні: 31.10.2018, 16:00:46, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, Қарағанды облысының білім басқармасымен және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған 2018 жылы 18-19 қазан аралығында Жезқазған қаласында өткен О.А. Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы адам капиталының рухани даму мүмкіндіктері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушысы болды.
Университеттің «Қазақ, орыс, шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Капашева Ж.К. «Ұлы дала мәдениеті» пікірсайыс алаңында модератор ретінде қатысты.