“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жеңіспен құттықтаймыз!

[жариялау күні: 28.04.2016, 11:23:56, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

22 сәуір күні Қазақ тұтынушылар одағының ҚЭУ –де өткен «Қазіргі қоғамның болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржы-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»  атты студенттер мен магистранттардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  «Қоғам дамуының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблема-лары» секциясында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті Экономика факультетінің студенттері Дарья Корепанова мен Ульяна Шарафутдинова  1 орынды жеңіп алды.

Конференцияға Қазақстан  мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ң  студенттері қатысты. Жұмыс Қазақстанның қазіргі дамуының өзекті  мәселелерін қарастырған 21 секция бойынша жүргізілді.

КГИУ «УиА-14»оқу тобының студенттері Дарья Корепанова и Ульяна Шарафутдинова «Қоғам дамуының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалары» секциясының белсене қатысты. Олардың «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының дамуына әсер ететін факторларды зерттеу» тақырыбындағы баяндамалары пікірталасты қыздыра түсті.

Жобаны дайындауға «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Л. Чепелян  жетекшілік жасады және ол кафедра меңгерушісі доцент О.Силаева тарапынан қолдау тапты.

ҚМИУ ректоры Марат Ибатов студенттерді құттықтап, оларға диплом және университет төсбелгісін табыстады, болашақта оқуда және қоғамдық жұмыстарда табысты болуына  тілектестік білдірді.