“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ақсақалдардың ақ батасы

[жариялау күні: 12.12.2012, 20:55:47, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

«Өз ата-бабаларының өмірлік тағылымынан хабары бар адам, олардың рухани ізгіліктерін мұрагерлікке қабылдайды: бұл оның өзіндік өмірлік тағылымымен, ізгі мұратымен бірге келесі ұрпағына беретін өшпес асыл мұрасы. Бірақта қаншама адам бұл дүниеден рухани тағылымсыз өмірден өтеді!» (К.А. Гельвеций)

«Ақылды адамның жылы сөзі және берген ақылы барлық байлықтан артық» дейді орыс мақалы. Қазақ халқының дәстүрінде жаңа іс бастар алдында, не ісің оңға бассын деп жас адамаға үлкен қария «ботам» деп ақ батасын береді. Осы дәстүрді сақтаған Қарағанды мемлекеттік индустриялық универсиетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ибатов Марат Кеңесұлы  жаңа оқу жылының басында Теміртау қаласының құрметті ақсақалдары И. Баймырзаев, Е.Ы.Төлеубаев, К.И. Ботанов, Т. Смағулов, Ш.М. Жұқұшевтармен кездесті. Бұл ақсақалдардың жастық шақтары «Қазақстан Магниткасының» құрлысының салынуы, қаланың дамуы және Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбек және қоғамдық-саяси жылдарының осы қалада өткен кезеңдерімен сәйкес өтті.

Дастархан басында біздің жас мемлекетіміздің стратегиялық міндеттері, қаланың, университеттің өзекті мәселелері, қазақстандық жастарға азаматтық-патриоттық, рухани- адамгершілік бағытыттарда  тәрбие беру мәселелері жайлы әңгіме айтылды. Қаламыздың белгілі ақыны К.И. Ботанов бұрын да бірнеше рет біздің универсиет студенттерімен кездескен еді. Оның өлең жолдары арқылы сөз өрнегімен өрнектелген  ақындық жан дүниесінің аурасы біздің тыңдаушылардың көңіліне өз әсерін тигізді. Ақсақал өзінің жаңа өлеңдер жинағын сыйға тартты, ол біздің университетімізде өз тыңдаушыларымен әрі талай кездесетініне сенім білдірді.

Келесі жылы біздің университет өзінің жарты ғасырлық мерей тойын атап өтеді. Бұл жылдар ішінде тау-кен –  металлургия, энергетика, құрлыс және экономиканың басқа салалары үшін 20 мыңнан астам білікті мамандар даярланды. ҚМИУ материалды-техникалық, ғылыми базасын жетілдірілуде, жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады, оқу орнының халықаралық ынтымақтастық қатынастары да қапрқынды даму үстінде. Сонымен қатар, өскелең ұрпақпен алдыңғы кемеңгер ұрпақтар арасындағы рухани байланыс өзгеріссіз жалғасын табуда.

 Т. В. Семенова – ҚМИУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры