“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақ тіліндегі жаңа оқулықтар – әлемдік әдебиеттерге қатысты қолжетімділік

[жариялау күні: 31.05.2018, 12:34:06, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Экономика, менеджмент, социология, философия, кәсіпкерлік, лингвистике, психология, дінтану, журналистика, антропология бойынша он сегіз оқулық «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы шеңберінде аударылған және еліміздің мемлекеттік университеттерінде тегін таратылды. Біріншілердің қатарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (ҚМИУ) жаңа оқулықтардың 1485 данасын алды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында гуманитарлық ғылымдарға көңіл бөліп, атап өтті: «Біздің елімізге қарапайым инженерлер және дәрігерлер қажет емес, қазіргі уақытты және болашақты жақсы түсінетін адамдар қажет. Президент еліміздің азаматтары үшін үздік әлем әдебиеттері қолжетімді болу үшін жағдай жасады. Аудару үшін оқулықтар бірнеше меже бойынша таңдалды: олар әлемнің жүздеген жеткші университеттерінің оқу бағдарламасында қолданылады, кем дегенде үш рет қайта басылған, соңғы басылым үш жылдан кем емес уақыт аралығында болуы тиіс. Сонымен бірге, кітап мазмұны идеологиялық тұрғыдан бейтараптылық талабына сәйкес. Оның мультимедиялық құрамдас (мысалы, онлайн-курстар) бөлігінің болу тұрғысынан оқулықтың заманауи мәні маңызды орын алды. Қазақ тіліне аударылған оқулықтар арасында ағылшын және француз, орыс тілінде жазылған, АҚШ, Рессей, Франция, Швейцария және Ұлыбританияның үздік зияткерлік өнімдері бар. 18 оқулықтың 16 оқулығыағылшын тілінде, біреуі француз және біреуі орыс тілінде жазылған. Аударма тек ғана түп тілден аударылды, осы талапты «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қор – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»арнайы жобасының операторы жүзеге асырды.

ҚМИУ (Теміртау қ.) кітапханасының сөрелеріне жинақталған осы жаңа оқулықтар университеттің профессорлы-оқытушылар, студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Оқулықтардың полиграфиясы әдемі, атаулары қызықты, аударма сапалы.

«Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Н. А. Әбдікәрім жаңа оқулықтардан екі оқулықты алды.

– Оның бірі «Тіл біліміне кіріспе». Кітап қызықты және пайдалы. Бұрын ғылым тұрғысынан тіл қарым-қатынас құралы ретінде қарастырылды. 20-30 жыл бұрын біз жоғары білім алған кезде бастыс елдердің тіл мамандарының пікірлері қолжетімсіз болды. Казіргі уақытта оқыту бағыты өзгерді, сонымен бірге тілді зерттеу бағытында да көп аспектілі тәсілдер пайда болды –  Нұрзия Әбдікәрімқызы. – бұл оқулықта маңызды, қажетті және ғылыми дәйектелген тақырыптар салыстыру және салыстырмалы әдістермен қарастырылған. Мұнда тек ғана теориялық мәселелер ғана емес, сонымен қатар практикалық пайдалы материалдар, мысалы «Оқыту грамматикасы» бөлімінде қарастырылған.

Екінші оқулық «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» Н. Ә. Әбдікәрімді ерекше қызықтырды. Бұл тақырып бүгін жаһандандыру және көптілді оықту моделі енгізілген жағдайда өте өзекті.

– Егер де адам қандай да бір қателіктер жіберген жағдайда, онда ғалымдардың пікірі бойынша бұл кешірімді – бұл жеке қате ретінде қабылданады – дейді Нұрзия Әбдікәрімқызы. – бірақта мәдениеттілік мәселесі  тұрғысынан бұл мүлдем болмайды. Қарым-қатынас кезінде мәдениетті білмеу тұрғысынан болғанқажетілкті адамдар өзінің халқын қорлау деп түсінеді. Сондықтан бірінші кезекте біз мәдениет аралықты коммуникация тақырыбы бойынша білімді игеруіміз қажет.

«Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М. С. Солтанға «Сократтан Дерридаға дейін. Философияның қысқаша тарихы» оқулығын оқу қызықты болды.

– Біздің кафедраның профессорлы-оқытушылар құрамы үшін жаңа оқулықтардың келуі тосын сый болды. Жақын уақытта бізде студенттерге социология, философия, психология, дінтану және басқа тақырыптар бойынша сапалы білім беруге мүмкіндіктер бар – дейді Мағира Солтанқызы. – Сократтан Дерридаға дейін. Философияның қысқаша тарихы» оқулығында тарихи оқиғалар, түйінді анықтамалар, сонымен бірге 15 ойшылардың, оның ішінде Декарт, Кант, Спиноза, Маркс, Витгенштейннің және т.б. өмірбаянымен танысуға болады.осы кітапқарды оқу барысында алған білімнің үлкен маңызы бар және мен өзімнің философия бойынша білімімнің сапасының деңгейін жоғарлатамын, осы білімдер маған докторантураға түсуге дайындалған кезімде өте қажет.

68 жастағы Жетпісбес Ахметовте «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасында қазақ тілінде философия пәні бойынша сабақ береді.  ол өзіне қажеті «Антика философиясы» оқулығын таңдап алды.

– Мен енді қазақстандық, ресейлік және шетелдік, оның ішінде Батыс Еуропаның үздік лекторлары саналатын философтардың көзқарастарын салыстыру мүмкіндігіне ие болдым – дейді Жетпісбес Ахметов. – Жаңа оқулықта алғашқы мәлімет көзіне сілтеме жасаумен аникалық кезеңдегі әртүрлі философтар мектебінің көзқарастарғы сипатталған, Пифагор, Платон және Аристотельден бастап Плотин және Агустинге дейін олардың өмірге деген көзқарастары ұынылған. Діни философия, метафизика, логика, дүниетану тақырыптарына арналған бөлімдер қызықты.

ҚМИУ оқытушыларында жаңа оқу жылы басталған уақытқа дейін жаңа оқулықтармен танысуға және осы оқулықтарды өздерінің қажетіне пайдалану мүмкіндіктері бар. Оқулықтардың басылымынан басқа барлық оқушыларға осы оқулықтардың электронды нұсқасы тегін қолжетімді.

2018 жылы интернет психологиясы, халықаралық құқық, батыс философия тарихы, дипломатия, журналистика, лингвистика, семиотика, жаңа педагогика, сонымен қатар экономика және кәсіпкерлік бойынша қазақ тіліне тағы 30 оқулықты аудару жоспарланған.

Светлана ЕГОРОВА

Фото автордікі