“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Докторантураға қабылдау

PhD ДОКТОРАНТУРА МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Код Атауы
1 6D070900 Металлургия
2 6D074000 Наноматериалдар және  нанотехнологиялар

 

ОҚУ МЕРЗІМІ

Докторантура – 3 жыл

 

АЛЫСТАН КЕЛГЕН БАРЛЫҚ ДОКТОРАНТТАРҒА ҚМИУ ЖАТАҚХАНА БЕРІЛЕДІ

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8(7213) 91 – 42 – 34


ҚМИУ ДОКТОРАНТУРАСЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

 

  1. ҚМИУ докторанттарының құрамын қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға арналған мемлекеттік білімдік тапсырысты орналастыру арқылы, сонымен бірге азаматтардың өзінің жеке қаржысы не басқа қаржы көздерінен оқу ақысын төлеу есебінен жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер азаматтар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алуға өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік білімдік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде тегін білім алу құқығы қамтамасыз етіледі.
  3. Докторантураға «магистр» дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
  4. ҚМИУ докторантурасына қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Докторантураға түсуге арналған өтініштер 3 мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Докторантураға түсуге арналған емтихандар 10 мен 20 тамыз аралығында өткізіледі, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

  1. Докторантураға оқуға түсетін тұлғалар ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына жазылған өтініші, онда шетел тілі бойынша оқуға түсу емтиханы өтетін қала атауы көрсетіледі;

2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

3) шетел тілі бойынша тесті тапсырғаны туралы халықаралық сертификат көшірмесі (болған жағдайда):

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кем дегенде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – 87 кем емес), (TOEFL шекті балл –
560 баллдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл –6.0 кем емес);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1) , TestDaF-Prufung (Niveau C1/деңгей C1);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқу секциясы және аудирлеу секциялары бойынша В1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, деңгей B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, деңгей C1), Test de connaissance du franзais (TCF – 400 баллдан кем емес).

4) кадрлар есебі бойынша жеке парақ не басқа құжат, еңбек өтілін растайтын, жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған.

5) 3×4 сантиметрлі өлшемді 6 фотография;

6) 086-У үлгідегі медициналық анықтама (ФШК суретімен);

7) жеке куәлік көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).

Осы бапта келтірілген құжаттар көшірмесімен бірге тексеру үшін құжаттар түпнұсқасы тапсырылады. Тексеруден кейін құжаттар түпнұсқасы қайтарылады.

 

ҚМИУ докторантурасына оқуға қабылдау

  1. ҚМИУ докторантурасына оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
  2. ҚМИУ докторантурасына оқуға қабылдау оқуға түсу емтихандарының қортындысы бойынша жүзеге асырылады.

ғылыми-педагогикалық докторантура: шетел тілі бойынша – 50 баллдан кем емес және мамандық бойынша –  50 баллдан кем емес;

  1. Мемлекеттік білімдік грант бойынша оқуға шетел тілі және мамандық бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең көп балл жинаған талапкерлер қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық докторантура – 150 баллдан кем емес.

Конкурстық балл көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқуға қабылдану кезінде мамандық бойынша ең үлкен балл жинаған тұлға, ал мамандық бойынша шетел тілі бойынша ең үлкен балл жинаған тұлға оқуға қабылданады. Сонымен қатар, таңдап алынған мамандық бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми басылымдары, оның ішінде рейтингті ғылыми басылымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәлігі; ғылыми степендия, грант тағайындалғаны жайлы сертификат; ғылыми конкурс және конференцияларға қатсқаны туралы грамота/ дипломдар ескеріледі.

  1. Оқуға қабылданғаннан кейін (қыркүйек айында) докторанттар ҚМИУ докторантурасының кәсіптік оқу бағдарламасын игеруге сәйкес арналған қажетті пәнді-алдыңғы реквизиттер тізімін тапсырады:
Мамандық Алдыңғы реквизиттер
1 6D070900 – Металлургия

1. Қара және түсті металлургияның шикізатты ресурстарын қайта өңдеудің заманауи технологиялары және болашағы / Қара және түсті металлургияның шикізатты ресурстарын қайта өңдеудің инновациялық технологиялары

2. Педагогика

3. Тарих және философия ғылымдары

2 6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар

1. Нанотехнологиялардың іргетасты негіздері

2. Педагогика

3. Тарих және философия ғылымдары

 



ПРОГРАММА ВСТУПИТЕЛЬНОГО ЭКЗАМЕНА В ДОКТОРАНТУРУ

 D108 – D108 – Наноматериалы и нанотехнологии (каз) 2019

D108 – D117 – Металлургическая инженерия (каз) 2019