“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бакалавриатқа қабылдау


БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ

Шифр АТАУЫ
1 5В050600 Экономика
2 5В050700 Менеджмент
3 5В050800 Есеп және аудит
4 5В090800 Бағалау
5 5В070200 Автоматтандыру және басқару
6 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
7 5В070900 Металлургия
8 5В071000 Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
9 5В071200 Машинажасау
10 5В071300 Көлік, көліктік техникасы және технологияларар
11 5В071700 Жылу энергетика
12 5В071800 Электро энергетикасы
13 5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар(сала бойынша)
14 5В072900 Құрылыс
15 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
16 5В073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
17 5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

ОҚУ МЕРЗІМІ

  • Күндізгі оқу түрі:
· орта білім негізінде – 4 жыл
· техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында (колледжден кейін) ұқсас мамандықтарға

–  2,5 жыл

 


АЛЫСТАН КЕЛГЕН БАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ

ҚМИУ ЖАТАҚХАНА БЕРІЛЕДІ

 Қабылдау комиссиясының телефоны: 8(7213) 91 – 42 – 34



ҚМИУ ОҚУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ҚАҒИДА

  1. ҚМИУ жалпы орта (орта жалпы) техникалық және кәсіптік (бастауыш не орташа кәсіптік) орташа, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар жеке тұлғалар оқуға қабылданады.
  2. Мектеп және техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының (ТжКБ) түлектері ҚМИУ сертификат баллына сәйкес конкурстық негізде қабылданады.

Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) не кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша беріледі.

  1. Кешенді тестілеуді тапсыруға арналған құжаттарды 1 – 20 маусым аралығында ҚМИУ қабылдау комиссиясы қабылдайды.

 

КТ қатысуға арналған қажетті құжаттар тізімі

– арнайы бланктегі өтініші;

– білім туралы құжат (түпнұсқа);

– 3×4 өлшемді 2 фотосурет;

– ФШК суретті 086-үлгідегі медициналық анықтама;

– жеке құжат көшірмесі (3 дана);

– тестілеу ақысы төленген түбіртек;

– құжат тігілетін папка, файл, конверт.

 

ҰБТ(КТ) тапсыруға арналған пәндер тізімі

 

Шифр Атауы

Мектеп және колледжден (бұрынғы училище және лицей) кейінгі ҰБТ (КТ) пәндері

Өту баллы – 50

Колледжден кейінгі жақын мамандықтар бойынша КТ пәндері

 

Өту баллы – 25

5В050600 Экономика

1. Математикалық сауаттылық

2. Оқу сауаттылығы

3. Қазақстан тарихы

4.География

5.Математика

– Қаржы және несие

– Ұйым экономикасы

5В050700 Менеджмент

– Экономика негіздері

– Менеджмент

5В050800 Есеп және аудит

– Қаржы және несие

– Ұйым экономикасы

5В090800 Бағалау

– Экономикалық теория негіздері

– Менеджмент негіздері

5В070200 Автоматтандыру және басқару

1. Математикалық сауаттылық

2. Оқу сауаттылығы

3. Қазақстан тарихы

4.Физика

5. Математика

-Математика

– Салалық технологиялық процестерді автоматтандыру

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

-Математика

– Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

5В070900 Металлургия

– Химия

– Материалтану негіздері

5В071000 Материал тану және жаңа материалдар технологиясы

– Физика

– Материалтану негіздері

5В071200 Машина жасау

– Физика

– Машинажасау технологиясының негіздері

5В071300 Көлік, көліктік техникасы және технологиялар

– Физика

– Еңбекті қорғау

5В071700 Жылу энергетика

– Физика

– Жылутехника және  жылумен жабдықтау

5В071800 Электр энергетика

– Физика

– Электртехника және электрмен жабдықтау

5В072400 Технологиялық машиналар және жабықтар(сала бойынша)

– Физика

– Машина бөлшектері және құрастыру негіздері

5В072900 Құрылыс

– Құрылыс материалдары

– Ғимарат және құрылыс конструкциясы

5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

– Электртехника

– Материалтану негіздері

5В073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

– Физика

– Материалтану негіздері

5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

1. Математикалық сауаттылық

2. Оқу сауаттылығы

3. Қазақстан тарихы

4.Физика

5. Химия

– Химия

– Жалпы  химиялық технологиялар

 

ЖАДЫНАМА Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыратын орта бiлiм беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бiтiрушiлерi үшiн 

ЖАДЫНАМА Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыратын орта бiлiм беру ұйымдарының өткен жылғы бiтiрушiлерi мен техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi үшiн

 

  1. ҰБТ не КТ тапсыру нәтижесі бойынша талапкерлер білімдік грантты алу конкурсына қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды 18-26 шілде аралығында ҚМИУ қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Білімдік грантты алу конкурсына қатысуға арналған қажетті құжаттар тізімі

– арнайы бланктегі өтініш;

– білім туралы құжат (түпнұсқа);

– 3×4 өлшемді 2 фотосурет;

–  ФШК суретті 086-үлгідегі медициналық анықтама;

– жеке құжат көшірмесі (3 дана);

– құжат тігілетін папка, файл, конверт.

 

  1. ҰБТ (КТ) оқуға түсуге арналған шекті баллын жинамаған қатысушылар нәтижесі аннулирленген тұлғалар, не ҰБТ (КТ) қатыспағандар үшін тамыз айында қайта кешенді тестілеу өткізіледі. Қайта өткізілетін кешенді тестілеуге арналған құжаттарды қабылдау 25 шілде – 3 тамыз аралығында ҚМИУ қабылдау комиссиясында жүзеге асырылады.

ҚМИУ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

  1. ҚМИУ студенттерін оқуға қабылдау 10 нан 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  2. ҚМИУ ҰБТ не КТ тапсырған, нәтижелері бойынша 50 баллдан кем емес, оның ішінде оқыту тілі бойынша Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша – 5 балл кем емес және әрбір бейінді пән бойынша 5 баллдан кем емес балл жинаған жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік, орташа білімнен кейінгі білімді бағдарламаларды жүзеге асыратын білім ұйымдарының түлектерін оқуға қабылдайды.
  3. ҚМИУ КТ нәтижелері бойынша 25 баллдан кем емес, оның ішінде жалпы бейінді пәндер және бейінді пәндер бойынша 5 баллдан кем емес балл жинаған техникалық және кәсіптік, орташа білімнен кейінгі білімді бағдарламаларды жүзеге асыратын білім ұйымдарының түлектерін қысқартылған оқу мерзімді білімдік бағдарлама бойынша жақын мамандықтарға оқуға қабылдайды.
  4. ҰБТ (КТ) шекті балл жинамаған тұлғалар ҚМИУ ақылы негізде күндізгі оқу нысанына қабылданады. Осы тұлғалар үшін жоғары оқу орында бірінші академиялық оқыту кезеңі аяқталғаннан кейін қайта ҰБТ не КТ тапсыру ұйымдастырылады.
  5. Жоғары білімі бар тұлғалар ҚМИУ әңгімелесу негізінде оқуға қабылданады.
  1. Шетел азаматтары ҚМИУ әңгімелесу негізінде ақылы оқуға (КТ тапсырусыз) қабылданады.
  2. Шетелдік жоғары оқу орында оқитын студенттерді ҚМИУ оқуға қабылдау КТ тапсырусыз жүзеге асырылады.

Шетелдік білім ұйымдарынан студентті қабылдау не ауыстыру  кезінде келесі құжаттар қажет:

1) оқу бағдарламасын игергені жайлы құжат (академиялық анықтама не транскрипт);

2) алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі бекіткен 10.01.2008 жылғы №8 бұйрыққа сәйкес бекітілген Қағида бойынша білім туралы құжатты иноатрификациялауды мойындау процедурасын Қазақстан Республикасында бекітілген тәртіп бойынша инострификациялау процедурасынан өтеді.

3)  шетелдік білім ұйымдарына оқуға түсу кезінде өткен сынақ нәтижелері.

 

ҚМИУ студенттерінің қатарына қабылдауға арналған

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

– арнайы бланктегі өтініш;

– білім туралы құжат (түпнұсқа);

– ҰБТ не КТ сертификаты;

– білімдік грантты тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда);

– 3×4 өлшемді 6 фотосурет;

–  ФШК суретті 086-үлгідегі медициналық анықтама;

– жеке құжат көшірмесі (3 дана);

-жасөспірімдерге арналған әскери тіркеу кітапшасы;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

– екпе картасының көшірмесі (ф.063);

– мекен-жай анықтамасы;

–  құжат тігілетін папка;

– файл;

–  конверт.

 

Ескерту:

  1. Шетел тілінде тапсырылған құжаттардың мемлекеттік не орыс тілінде нотариалды расталған аудармасы болу міндетті.
  2. Шетелдік білім ұйымы берген білім туралы құжат, оқытудың бірінші семестрі аралығында оқуға қабылданған құжатты заңмен белгіленген тәртіп бойынша нострификациялау процедурасынан өткізу міндетті.