“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Тамыз конференциясы: «Келешекке – кемел біліммен!»

[жариялау күні: 20.08.2019, 17:52:21, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

16 тамызда Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. Жыл Тақырыбы – ” Келешекке-кемел біліммен!”.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырмалар жүктеп, үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарауды тапсырды. Шын мәнінде, аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаңа буынды тәрбиелеудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті.

– Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу – педагогтардың және ата-аналардың міндеті. Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игілігі үшін жұмсайтын адам. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандай бәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуі керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, білім және ғылым саласының дамуына тың әрі тегеурінді серпін қажет.

– Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын бекіту. Білім мен ғылымды дамытудың алдағы бес жылға арналған бағыты – қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама аясында білім деңгейлерінің мазмұнын жаңарту, сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, білім саласын цифрландыру, жекеменшік секторды тарту, ғылымдағы бизнестің рөлін арттыру бойынша атқарылған ауқымды істердің сапалы жалғасын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

20.08.2019, 17:52:21, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар