“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 10.04.2018: Фибоначчи схемасы бойынша күн батареялары

    ЭЭ-17қ тобының студенті Дмитрий Тарба ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалардың халықаралық байқауында ІІІ орынды иеленді. Байқау 4-5 сә...
  • 09.04.2018: Зияткерлік ойын

    Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университе...
  • 06.04.2018: ҚМИУ студенттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    6 сәуірде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 100 студенті Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь...
  • 06.04.2018: «Жұлдызды журналист»

    Жас теміртаулықтар жаңадан бастаған журналистердің байқауына қатысты. Жұмысты бағалайтын қазылар алқасының бірі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова б...
  • 05.04.2018: «Группа крови» финалда

    2017-2018 маусымының “Магнитка” ашық лигасының соңғы финалисті белгілі болды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 4 сәуір күні КТК көктемгі Кубогы өтті.   “Аяулы ха...
  • 03.04.2018: “Бөкетов оқулары-2018” екінші орын – ҚМИУ студентінде

    ҚМИУ-дің үшінші курс студенті, болашақ экономист Карина Смағұлова «Бөкетов оқулары-2018» атты магистранттар мен студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының «Экономика және құқықтың ...
  • 03.04.2018: Қоғамдық сананы жаңғырту

    ҚМИУ делегациясы 29 наурызда Достық үйінде (Қарағанды қ.) өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» атты облыстық ғылыми-практикал...
  • 30.03.2018: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Мемлекет Басшысының бес әлеуметтік бастамалары туралы

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 30 наурыз 2018 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының студенттер, маг...
  • 30.03.2018: «Аспан астындағы шындық»

    29 наурызда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ құрылған “Аспан астындағы шындық”  атты деректі фильм көрсетілімі өтті. Көрсетілім «20...
  • 29.03.2018: Тағы да – дін мен бейбітшілік туралы

    Теологтардан құрылған облыстық ақпараттық-түсіндірме тобы 29 наурызда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу діннің, толеранттылықтың, мемлекеттің зайы...

Конференциялар

Архив

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі

[жариялау күні: 19.09.2016, 17:32:56, жариялауды: Әкімшілік]

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі 2016 ж. 21-қазанында Қазақстан республикасының Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған республикалық ғылыми конференция өткізеді.

Конференция тақырыбы: «Діншілік, дін аралық келісім және рухани тәрбие».

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Діншілік және дін аралық келісім мемлекеттің болашағы.
  2. ХIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы және кеңес үкіметі тұсындағы Батыс Қазақстандағы діни қайраткерлер рухани мәдениетке, тәрбиеге қосқан үлесі.
  3. Мұражайлардың мәдени-тарихи және діни мұраны сақтау мен дәріптеудегі рөлі мен маңыздылығы.
  4. Батыс Қазақстандағы діни нысандарды тұрғызған белгілі сәулетші-ұсталар (Бірман-ұста Көшімқұлұлына 170 жыл) – конференция аясында дөңгелек үстел жоспарланады.

 

Конференцияға Ақтөбе облысы және Батыс Қазақстан аймағының дінтану, мәдениеттану, тарих салаларының ғалымдары, мұғалімдер, діни қызметкерлер (қала мен аудан имамдары), тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, тарихи-өлкетану мұражайлары және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері шақырылады.

 

  • Мақалаларды 2016 жылдың 3 қазанына дейін толық нұсқасын мына электронды поштаға жіберуі қажет.
  • Конференция материалдары бойынша жинақ кітапша шығарылады деп жоспарлануда;
  • Ұйымдастыру жарнасын 2000 теңге көлемінде арнайы есеп шотқа аударып және «конференция үшін» көрсетуі керек.
  • Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (2000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі (банк деректемелері төменде көрсетілген) электрондық поштаға жіберіңіз (төлегендігі туралы түбіртектің сканерленген фотосы мақала жазылған файлдың соңғы бетінде орналасуы тиіс).
  • Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс;
  • Конференцияға қатысуға байланысты шығындар – қатысушылар есебінен қарастырылсын.

 

Баяндаманы (мақаланы) рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемдері 3–5 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc нұсқасындағы мақалалар қабылданады.

Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

Ұйымдастырушылардың мекен-жайы және байланыс телефондары:

  • Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 92, Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі МКҚК.
  • ағ.Жұбановтар көшесі, 263. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығы, 208 каб.
  • Телефон: 8 (7132) 77 43 39, 55-21-76.
  • Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұялы телефондары: +7 775-378-76-00,

+7 707-115-05-07.

  • E-mail:

 

Баяндаманы дайындау үлгісі:

 

 Қазақстан Республикасындағы діни ахуал және жастар тәрбиесі (14 пт.)

Оразбай А.Д. (14 пт.)

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қазақстан (12 пт.)

Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.)

——————————————————————————————————-

Әдебиеттер (12 пт.)

1.

2.

 

ӨТІНІШ ТҮРІ

Аты-жөні (толық)

__________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):

__________________________________________________________________

Лауазымы: __________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы:

__________________________________________________________________

Байланыс телефоны:

__________________________________________________________________

Автордың адресі:____________________________________________________________

E-mail

 

 

Барлық басылым авторлық нұсқада беріледі. Қолжазба қайтарылмайды. Редакция алқасы талапқа сай келмейтін мақалаларды баспадан шығармайтынын ескертеміз.

Конференция жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер:

АО «Банк Центр Кредит»

БИК KCJBKZKX

БИН 130840021720

ИИK– KZ 258560000006840856 (KZT)

КБЕ 16

 

Аудару кезінде «конференция үшін» белгісін қойып, тегі және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптерін жазу қажет.

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

19.09.2016, 17:32:56, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар