«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ«ҚАЗАҚСТАНДЫ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРТУ–ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ШЕШІМДЕР»

фасад

2017 жылы 29-30 қараша күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы түлектердің 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанды Үшінші жаңғырту–жаңа тұжырымдама және қазіргі заманғы шешімдер» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция жұмысы қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференция жұмысына қатысушылар 2017 жылдың 7 қазан күніне дейін ұйымдастыру комитетіне:

– ұсынылған үлгідегі өтінімдерін;

– төменде ұсынылған талаптарға сәйкес рәсімделген баяндамалар тезистерін;

– төленген ұйымдастыру жарнасын растайтын құжат көшірмесін жіберулері керек.

Еңбектер жинағында келесі секциялар қарастырылған:

  1. Қазақстанда Үшінші жаңғыртуды жүзеге асыру құралы ретінде қолданылатын инновациялық және еңбексыйымдылықты технологиялар.
  2. Жоғарғы және жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру саласында кадрларды дайындау арқылы адами капитал сапасын жақсарту.
  3. Жоғарғы оқу орны – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қоғамдық сананы жаңарту орталығы ретінде.
  4. Президенттік «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Конференцияға қатысу және баяндамаларды еңбектер жинағында жариялауға арналған ұйымдастыру жарнамасы бір баяндама үшін 3500 теңге не 700 рубль не  10 USD.

Конференцияға қатысуға арналған материалдарды мына мекен-жайға: 101400 Қарағанды обл., Теміртау қ., Республика даңғ., 30; Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және бекітілген файлмен электронды поштаға e-mail: жіберу керек. Анықтама телефоны: 8 (7213) 920594.

«Конференцияға қатысу және баяндаманы жариялау үшін» белгісімен жарнаны мына мекен-жайға аудару керек:

101400 Теміртау қ., Республика даңғ. 30;

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

«Казкоммерцбанк» АҚ,

БСК KZKOKZKX,

СТН 301200219964,

БСН 060940005033.

ЖСК  KZ429260401138709006 – төлем теңге бойынша;

ЖСК  KZ969260401138709004 – төлем рубль бойынша;

ЖСК  KZ809260401138709001 – төлем доллар бойынша;

Мақаланы рәсімдеуге қатысты талаптар:

мақала көлемі толық 6 парақтан (суреттермен бірге) артық болмау керек;

– мәтін Times New Roman қаріпімен MS WORD (6.0-7.0) редакторында жазылу керек, қаріп өлшемі (кегль) – 14, жол аралығы – дара;

– қағаз форматы А4, өрісі: жоғарғы– 2 см, төменгі – 2,5 см, оң – 2 см, сол – 2 см, жол аралығы – дара;

– оң жақтағы бұрышта – ӘҚК, бір аралықтан кейін ортада – бас әріптермен мақала атауы, әрі қарай бір аралықтан кейін автордың тегі, аты-жөні бас әріптермен, жақша ішінде қала атауы және жұмыс орны жазылады, әрі қарай екі аралықтан кейін мәтін басталады;

– материалдар электронды тасымалдағышта және салыстырып тексеру үшін қағазда басылған  нұсқа түрінде жіберіледі;

– парақтар рет санымен белгіленеді.

Суретте келтірілген әріпті белгілеуге сурет астындағы мәтінде түсініктеме беріледі.

Формулалар MathType формуляторында 12 – қаріппен  (кегль) жазылуы тиіс.

Формуладағы барлық қысқартылған сөздер және шартты белгілер физикалық мәндер өлшемділігі ӨБ жүйесінде ұсынылады.

Мәтінде сілтемемен келтірілген формулалар және теңдеулер реттік санмен белгіленеді.

Мәтіндегі әдебиетті сілтемелер мақала соңында келтірілген әдебиеттер тізімінің реттік санына сәйкес белгіленеді. Мәтіндегі әдебитетті сілтемелер квадратты жақша ішінде реттік санмен белгіленеді.  Егер де бір сілтеме бірнеше рет қарастырылған жағдайда, бұл сілтеме әдебиеттер тізімінде бір рет ғана жазылады; егер де бір жинақтағы әртүрлі авторларға сілтеме жасалған жағдайда, әр автор жеке жазылады. Авторлар саны 4 адамнан артық емес болған жағдайда барлық авторлардың тегі жазылады; авторлар саны көп болған жағдайда, алғашқы үш автордың тегі жазылады және әрі қарай «және т.б.» жазылады.

Мәтін тексерілмейді, сондықтан барлық материалдар талаптарға сәйкес рәсімделуі керек. Жоғарғыдағы талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды және қайтарылмайды.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘҚК 669.162.28

ШӨМІШТЕ МЕТАЛДЫ ҮРЛЕУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

А.И. Омарова

(Теміртау қ., Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

)

 

мәтін________________________________________________________

І

«Қазақстанды үшінші жаңғырту–жаңа тұжырымдама және қазіргі заманғы шешімдер» IX халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға арналған өтінім

  1. Тегі _________________________________________
  2. Аты_________________________________________
  3. Әкесінің аты__________________________________
  4. Ғылыми дәрежесі, атағы________________________
  5. Лауазымы, жұмыс орны ________________________
  6. Қызметтік мекен-жайы_________________________
  7. Телефон, факс, e-mail__________________________
  8. Баяндама атауы_______________________________
  9. Секция атауы________________________________
  10. Қатысу түрі (тікелей, сырттай)____________________