«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

С Днем Конституции Республики Казахстан!

[жариялау күні: 30.08.2017, 10:29:39, жариялауды: Әкімшілік]

баннер на сайт

Құрметті

оқытушылар, қызметкерлер, студенттер!

Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

 

Б . Жаутиков

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің ректоры

30.08.2017, 10:29:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар