«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 28.12.2017: Болашақ мамандықты таңдау

         Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Болашақ мамандықты таңдау» бағдарламасы аясында Теміртау мектептерінің 9-шы және 11-ші сынып оқушылары үшін экскурсиялар жүргізуді жалғаст...
  • 28.12.2017: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

          ...
  • 27.12.2017: “Аламан” фестивалінің Гран-приі

    ҚМИУ студенттері Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстанның барлық студенттеріне арналған «Аламан» республикалық фестивалі...
  • 26.12.2017: КТБО-ға Аяз Атадан сыйлық келді

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің басшылығы мен оқытушылары, студенттері белсенді қатысқан «Аяз Атадан сыйлық» науқаны барысында Теміртау қ. кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталы...
  • 25.12.2017: Рождество Мерекесімен!

        Сиқырдың уақыты – 25 желтоқсанда Католик Рождествосы шамдары мен шырағдандары жарықтандырды! ҚМИУ ұжымы осы керемет мерекемен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге бақыт, жағымды эмоциял...
  • 22.12.2017: Всем праздничного настроения!

    Бүгін – ең қысқа күн, одан кейін минуттар ақырындап қосыла бастайды, түн қысқарады және көңіл-күй жақсарады! Алда – жаңа жылдық мерекелер, жаңа әсерлер мен эмоциялар, сондай-ақ біздің жолымыз...
  • 22.12.2017: Самый светлый праздник

    22 желтоқсанда энергетиктер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде, олар біздің үйімізге жылу мен жарық әкелетін адамдар. Бір кездері электр энергиясы адам өміріне еніп, нақты фурорды сезіндірді. Со...
  • 22.12.2017: Металлургтер мекенінде – салтанат

    Ұлттық ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында аймағымыздың өңірлері азаттықтың 26-жылында жеткен жетістіктерін және бір паш етті. Мұндай үрдістен металлургтер мекені – Теміртау да қалыс қалған жоқ....
  • 21.12.2017: Біздің КВН құрама командасының болашағы үлкен

        «ҚМИУ құрамасы» командасы КВН ең беделді – Ақмола лигасының финалына қатысты. Ойын 20 желтоқсанда Көкшетау қаласында өтті. Команда беделін Сергей Хегай (ТМЖ-16 тобы), Марат Семе...
  • 20.12.2017: Астанада патриоттар форумы өтті

    2017 жылдың 14 желтоқсан күні Астана қаласында жыл сайын өткізілетін «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» атты Қазақстан париоттарының форумы өткізілді, форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мәжілі...

Конференциялар

Архив

Республиканский «АНАЛАР –АСЫЛ ЖАНДАР!» на тему конкурса песен и танцев

[жариялау күні: 16.02.2017, 23:20:11, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Республикалық

«АНАЛАР –АСЫЛ ЖАНДАР!»

атты ән-би байқауының

Жалпы ережесі

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер продюсерлік орталығының 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырып отырған Республикалық «Аналар – асыл жандар» атты ән-би байқауы аналар мен арулар тақырыбы аясында 2017 жылдың 4-5 наурыз күндері Алматы қаласы Құрманғазы атындағы оркестрдің ғимаратында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

балалар мен жасөспірімдерді аналар мен ару қыздар тақырыбы аясында кеңінен ізденулеріне жол ашу арқылы ізденімпаздыққа баулып, қыз баласы мен аналарымызды қадірлеп-құрметтеуге шақыру;

– ақын-жазушылардың, композиторларлардың аналар мен қыз-келіншектер тақырыбында жазылған туындыларын қайта жандандыру;

– аналар мен аруларға арнап өлең оқып, ән салғызу арқылы балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген сүйіспеншілігін ояту;

Байқау жанрлары:

«Эстрадалық вокал»

«Көркем сөз»

«Аспапта ойнау»

«Хореография»

«Бейнелеу өнері»

«Қолөнер»

Байқау міндеттері:

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша байқауға қатысушы аналар мен ару қыздар тақырыбында бір ән жанды дауыста орындайды. Әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән мини дискте жазылуы тиіс. (минусовка флешкада немесе CD дискте болған жағдайда өз компютеріңізді алып келетініңіз ескертіледі!)

«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушы аналар мен ару қыздар тақырыбы аясында кез келген автордың бір өлеңін оқиды. Өлең оқуға берілетін уақыт – 2,5 – 3 минут. Өлеңге сүйемелдеуші (фоновый) музыка қойылуы міндеттелмейді.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушылар еркін тақырыпта кез келген автордың бір шығармасын аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.

«Хореография» жанры бойынша қатысушылар ару қыздар мен аналар тақырыбында немесе еркін тақырыпта кез келген бір биді орындау қажет.

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы аналар мен ару қыздар тақырыбында өз қолымен салған бір немесе бірнеше туындысын бірге алып келуі тиіс.

«Қолөнер» жанры бойынша байқауға қатысушы аналар мен қыздар тақырыбында өз қолымен жасаған бір немесе бірнеше қолөнер бұйымдарын алып келеді.

Қатысушылардың жас ерекшелігі:

6 – 9 жас аралығы – кіші топ

10 – 13 жас аралығы – орта топ

14 – 17 жас аралығы – жоғарғы топ

Қатысушының бағалануы:

– байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап, оларға тең төрелік ететін әділқазылар алқасының мүшелерінің қатарында – өнер қайраткерлері, композитор, ақын-жазушы, әнші, белгілі педагогтар болады;

– қазылар алқасы өнерпаздардың вокалдық ерекшеліктерін, музыканың кәсіби деңгейде өңделуін, дауыс ырғағының кеңдігін, өлең оқудағы мәнерін, сахналық киім үлгісін,

би билеудегі синхронды қозғалысты және көркем суретшінің шебер өнерін қатаң бақылауда ұстайды.

– қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

– жинаған сан ұпайы бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;

Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау:

Бас жүлде – сыйлық және диплом;

І орын – сыйлық және лауреат дипломы;

ІІ орын – сыйлық және лауреат дипломы

ІІІ орын – сыйлық және лауреат дипломы;

Қатысушыларды дайындаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.

Байқаудың өтетін күні мен уақыты:

2017 жылдың 4-5 наурыз күндері өтеді. 4 наурыз – сағат 8.00-9.30-ға дейін келушілерді тіркеу. Сағат 9.30-да байқаудың салтанатты ашылуы және ары қарай жанрлар бойынша байқау жалғасады. (қосымша бағдарлама тіркеу кезінде таратылады)

5 наурыз – сағат 12.00-де байқаудың марапаттау салтанаты.

Өтетін орны:

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 158, Масанчи көшесінің қиылысы.

Құрманғазы атындағы оркестрдің ғимараты. Байланыс телефондары: +7 701 755 59 35,

+7 702 173 82 56, +7 708 771 72 66. e-mail:

Ескерту!!!

Қатысушының өтініш-сауалнамасы 2017 жылдың 2-ші наурызына дейін ғана қабылданады. Өтініш үлгіде көрсетілгендей етіп толтырылып электронды почтасына жіберілуі қажет.

Келіп – кету шығыны мен жатар орын шығындарын қатысушы жақ өздері көтереді.

Байқауға қатысушылар міндетті түрде қатысу жүлде жарнасын төлейді:

Жеке қатысушы – 10 000 тг.

Құрам саны 6 адамға дейінгі топтарға – 15 000 тг.

Құрам саны 6 адамнан көп болған жағдайда топтарға – 20 000 тг.

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер

продюсерлік орталығы

«Аналар асыл жандар» атты

әнби байқауына

ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты –жөні: (топтың аты)
Жасы:
Қайдан ( обл,қала,

ауданы, ауылы):

Мектеп:
Жанры:
Орындайтын

шығармалары:

Шығарманың авторлары

(сөзі, әні)

Қатысушының жетекшісі:
Жетекшінің

тел.номерлері:

16.02.2017, 23:20:11, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар