«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Байғабатов Тулеутай Смакович

Білімі: 1972 жылы «Тарих. Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1985 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге кандидаттық диссертация қорғады.

1993 жылы әлеуметтану доценті ғылыми атағы берілді.

Академиялық тәжірибесі: 1972 жылдың қыркүйегінен 1974 жылдың ақпанына дейін Қарметкомбинаты жанындағы зауыт-ЖТОО КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасында КОКП тарихы пәнінің оқытушысы қызметін қоса атқарды.

1974 жылдың наурызында зауыт-ЖТОО КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасының штатына ассистент болып қабылданды.

1977-1981 жылдары С.М.Киров атындағы, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің КОКП тарихы кафедрасында сырттай аспирантурады оқыды.

1974-1976 жж., 1984-1989 жж. Қарметкомбинаты жанындағы зауыт-ЖТОО инженерлік-құрылыс факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі кезде «Қазақстан тарихы және жалпы білімдік пәндер» кафедрасының доценті.

Куәліктері немесе кәсіби тіркеуі: 1977 жылы Новосибирск мемлекеттік университетінің «КОКП тарихы» кафедрасында біліктілікті арттыру институтынан өтті;

1981, 1986, 1989 жж. «Ғылыми коммунизм» пәні бойынша С.М.Киров атындағы, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы біліктілікті арттыру институтынан өтті.

Марапаттары мен сыйлықтары: Қарағанды металлургия комбинатының ардагері, 15 шілде 1973 ж.

«Ерен еңбегі үшін» медаль, сәуір 1973 ж.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иегері, 2003 ж.

Ы.Алтынсарин медалі, 2013.

«Еңбек даңкы» медалі,2013.

Толықтырулар: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті түлектері ассоциациясының атқарушы директоры