«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ғылыми жұмысы

Кафедраның ғылыми іс-әрекетінің негізгі бағыттары

 

         1. Кандидаттық және магистр ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық зерттеулерді дайындау.

Кафедраның  жылдық тарихында 20-дан астам адам ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғады. Қазіргі уақытта кафедрада 5 ғылым кандидаты жұмыс істейді. 2013 жылы кафедраның жас маманы Диль Анна Владимировна мақсаттық магистратура бітіріп, магистрлық диссертациясын қорғап шықты.

 

         2. Мембюджеттік тақырыптар бойынша зерттеулер.

Кафедра оқытушылары екі мембюджеттік тақырып бойынша зерттеу жүргізеді:

– «Қазіргі заман ахуалында лингвомәдени құзырет қалыптастыру жолдары» (жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты Абдикарим Н.А.);

– «Жүйелі жаңғырту жағдайында Қазақстанның қазіргі дамуының әлеуметтік-саяси тенденциялары» (жетекшісі – саясат ғылымдарының кандидаты Гуменчук О.Н.);

М/б ҒЗЖ нәтижелері халықаралық және республикалық конференцияларда апробациядан өтіп, зерттеу қорытындылары бойынша қазақстандық және шетелдік баспаларда мақалалар жарық көруде.

 

           3. Кафедра оқытушыларының халықаралық және республикалық конференцияларға қатысуы, мақалаларының ғылыми журналдарда жариялануы.

2012-2013 оқу жылында кафедра оқытушылары ғылыми және ғылыми-әдістемелік сиптаттағы 42 мақала дайындап, оның 3-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналға жарияланды. оқытушылар 13 халықаралық және 16 республикалық конференцияға қатысты.

 

         4. Кафедра пәндері бойынша мемелекеттік және орыс тілдерінде © және ISBN индексті оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу.

2012-2013 оқу жылында кафедра оқытушылары жалпы көлемі 20 б.т. болатын © индексті 12 оқу-әдістемелік құрал, ISBN индексті 4 оқу-әдстемелік құралын дайындады.

 

Кафедра ұжымы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндерінің төмендегідей  кафедраларымен достық және шығармашылық байланыс орнатқан:

– Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ.);

– Абай атындағы мемлекеттік педагогика университеті (Алматы қ.);

– «Азаматтық авиация академиясы» АҚ (Алматы қ.).