"Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.".

Н. А. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ екі студентіне Теміртау әкімінің алғыс хаттары табысталды 

[жариялау күні: 25.01.2018, 17:46:44, жариялауды: Әкімшілік]

 

Теміртау жастар форумында қала әкімінің бірінші “ЖасStar” жастар сыйлығының қорытындысы шықты. Қатысушы қатарына кірген ҚМИУ екі студенті, Теміртау қаласының басшысынан алғыс хаттар алды. 

Форумда айтылғандай, жастардың рөлі, олардың патриотизм рухында тәрбиеленуі, үкіметке тартылуы Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басты бағыты ретінде қарастырылады. Тәуелсіздік жылдары көптеген істер атқарылды, және тағы көп істер  жоспарланып отыр. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу – бұл әртүрлі салаларда қазірдің өзінде өздерін таныстырған қазақстандық жас ұрпақтың міндеті.

“ЖасStar” әкімінің сыйлығы жастар ортасында жемісті шығармашылыққа, кәсіби және қоғамдық белсенділікке ие 14 жастан 29 жасқа дейінгі Теміртау жастарына беріледі. Желтоқсан айының соңында «Жылдың Жас Көшбасшысы», «Жылдың еріктісі», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас маманы», «Жастар таңдаулары» номинацияларында лауреаттардың аттары белгілі болды: Алмас Жанатбек, Андрей Сүлейманов, «Теміртау медициналық колледжі» ЖММ, Әділбек Игембаев және Никита Буянов. Жеңімпаздардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Біздің күндерімізде еріктілерсіз ештеңе жасалмайды – олардың қызметі қалада өте дамыған. Кәсіби мамандар арасында «Шаңырақ» еріктілер орталығы. Оның өкілі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің МО-14 тобының студенті Әйгерім Ержанова жылдың үздік еріктісі ретінде, ал  ЕТжәнеБҚ-17 тобының студенті Айгерім Чакенова жылдың үздік әлеуметтік жобасы үшін Теміртау әкімі Ғ. А. Әшімовтың  Алғыс хатын алды. Одан басқа, әкімнің алғыс хаттарын теміртаулық тоғыз жас, соның ішінде Алена Хегай, Алексей Ли, Мұхамеджан Темиров және т.б. алды.

Ұйымдастырушылар форум және жастар әкімінің жүлдесі жеке бәсекеге қабілеттілікті және қоғамдық өмірге белсене қатысуды ынталандыратын болады, сондай-ақ Теміртау жастарының рухани дамуының негізгі факторы болады деп үміттенеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

25.01.2018, 17:46:44, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар