“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Колледждің мамандықтары

ҚМИУ ЖАНЫНДАҒЫ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Техника-экономикалық колледж (ТЭК) “Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті” ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін колледж-ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.

ҚМИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін және техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.

Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

  • Оның ішінде екі экономикалық мамандық бойынша
  • 0515000 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер,
  • 0518000 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист-бухгалтер

және 7 техникалық мамандықтар бойынша:

  • 0907000 «Жылу техникалық жабдық және жылумен камтамасыз ету жүйелері» – біліктілігі: техник-жылу технигі,
  • 0911000 «Электр және электромеханикалық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету, техникалық пайдалану» – біліктілігі: электромеханик;
  • 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу мен пайдалану» – біліктілігі: техник-механик;
  • 1002000 «Қара металл металлургиясы» – біліктілігі: техник – металлург,
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» – біліктілігі: техник-программист;
  • 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» – біліктілігі техник-құрылысшы;
  • 1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» – біліктілігі: техник-механик.

«Біздің мамандар-болашаққа деген сенімділік!»

Колледжде оқыту 9 және 11-сынып негізінде, мемлекеттік және орыс тілінде, күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында студенттермен оқудан тыс жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.

Халықтың жекелеген санаттары мен топтары үшін техникалық және кәсіптік білім алуға қол жеткізу қағидатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер, оқуға гранттар түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Колледж студенттері кітапхананы, оқу залын, компьютерлік сыныптарды, оқу зертханаларын және университеттің спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.

Колледжді бітіргеннен кейін студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне және басқа да жоғары оқу орындарына күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін 2,5 жыл қысқартылған түрде оқуға түсуге мүмкіндігі бар.

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7213) 41-13-55, 8 (705) 830 66 03