“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ТҮСУ ТӘРТІБІ

 

  1. КГИУ докторанттарының құрамын қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға қатысты мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ азаматтардың өздерінің жеке қаржысы мен басқа да қаржы көздерінің есебінен жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекет, егер олар осы бағытта алғаш рет білім алатын жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде ақысыз білім алу құқығын қамтамасыз етеді.
  3. Докторантураға магистр дәрежесі бар азаматтар қабылданады
  4. ҚМИУ докторантурасына оқуға қабылдау, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Докторантураға түсуге өтініштер 3 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады.

Докторантураға оқуға түсу емтихандары 4 – 20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.

  1. Докторантураға оқуға түсушілер ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) шет тілінде түсу емтиханы өтетін қала көрсетілген ұйым басшысының атына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл);

4) жеке құрам бойынша жеке парақ немесе еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнында кадр қызметі куәландырған басқа құжат.

5) өлшемі 3×4 сантиметр болатын 6 фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (ФШК бірге);

7) жеке куәліктің көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

ҚМИУ  ДОКТОРАНТУРАСЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

  1. 1. КГИУ докторантурасына қабылдау 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
  2. КГИУ докторантурасына қабылдау оқуға түсу емтихандарының қортындысы бойынша:

ғылыми-педагогикалық докторантура: шет тілінде – 50 баллдан кем емес және мамандық бойынша – 50 баллдан кем емес;

  1. Оқуға түсу емтихандарының шет тілі мен мамандығы бойынша ең көп балл жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық докторантура үшін – кемінде 150 балл.

Егер конкурстық ұпайлардың бірдей көрсеткіштері болса, оқуға түсу кезіндегі басымдықты мамандық бойынша ең жоғары рейтингке ие азаматтар қабылданады, мамандық бойынша түсу емтихандарының индикаторлары, басымдық құқығы шет тілінде ең жоғары баға алған азаматтарға беріледі. Содан кейін таңдалған мамандықтың бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми даму сертификаттары; ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін алған дипломдар ескеріледі.