“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Шетел азаматтарын қабылдау

БАКАЛАВРИАТҚА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

Шетел азаматтарын ҚМИУ бакалавриатына ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде Қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша білім беру грантын беру конкурсына қатысуға құқығы бар. Бакалавриатқа түскен тұлғалар ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады::

1) ұйым басшысының атына белгіленген нысандағы өтініш;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа));

3) аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда, күнтізбелік жылы ҰБТ тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін);

7) Білім беру грантын беру туралы куәлік (ол болған жағдайда, күнтізбелік жылы ҰБТ тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін).

Шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

 

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІ

ҚМИУ магистратурасында шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы, магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

ҚМИУ магистратурасына ақылы негізде оқуға шетелдік азаматтарды қабылдау ҚМИУ қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификацияланады.

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады. Магистратураға түсуші тұлғалар ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына белгіленген нысандағы өтініш;

2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа));

3) жоғары білім туралы құжатты нострификациялау туралы куәлік (шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін);

4) аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

7) келесі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда):

ағылшын тілі:Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг рограмм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – 46 кем емес),

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – 453-тен кем емес,

Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – 65 кем емес),

International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл-кемінде 5.5);

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/ C1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Құжаттар тізімі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

 

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

ҚМИУ докторантурасында шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын ҚМИУ докторантурасына ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Докторантураға”магистр” дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш (еркін нысанда));

2) аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) білімі туралы құжат – түпнұсқа (магистр дипломы));

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm –Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 152 балл),Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг рограмм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – 49-50 кем емес, (TOEFL (ТОЙФЛ), пороговый балл-не менее 49-50), Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – 477-ден кем емес, Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – пороговый балл – не менее 477, International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл-кемінде 4.5);

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/ C1 деңгейі);

Француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise — Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise — Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),

Test de connaissance du franзais — Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).

Докторантураға қабылдау шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификат негізінде және әңгімелесу және әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

 

Мерзімі

Бакалавриатқа түсу
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу Өтініштерді қабылдау-күнтізбелік жылдың 10 мамырынан 5 маусымына дейін
ҰБТ өткізу-күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін
Ақылы негізде жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім негізінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен ҚМИУ-ға күндізгі бөлімге оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау

күнтізбелік жыл ішінде

 

 

Техникалық және кәсіптік білім негізінде қабылдау үшін әңгімелесу өткізу

күнтізбелік жыл ішінде

 

Жоғары білім негізінде қабылдау үшін ішкі емтихан өткізу

күнтізбелік жыл ішінде

 

Бакалавриатқа қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын
Магистратураға түсу
Магистратураға түсуге өтініштерді қабылдау күнтізбелік жыл ішінде
Магистратураға қабылдау үшін әңгімелесу өткізу күнтізбелік жыл ішінде
Магистратураға қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын
Докторантураға түсу
Докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау

күнтізбелік жыл ішінде

 

Магистратураға қабылдау үшін әңгімелесу өткізу

күнтізбелік жыл ішінде

 

Докторантураға қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын

 

Құны

шетелдік студенттерді оқыту құнының прейскуранты

Оқыту бағдарламасы 1 оқу жылының құны
Бакалавриат (барлық білім беру бағдарламалары) теңгемен 1000$ баламалы (ағымдағы бағам бойынша теңгемен төлем)
Магистратура (барлық білім беру бағдарламалары) теңгемен 1200$ тең (ағымдағы бағам бойынша теңгемен төлем)
Докторантура (барлық білім беру бағдарламалары) теңгеде 2600$ баламалы (ағымдағы бағам бойынша теңгеде)

 

ГРАНТТАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша білім беру грантын беру конкурсына қатысуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың да дайындық бөлімінде тегін оқуға грант беру конкурсына қатысуға құқығы бар.  Аталған бөлімнің мақсаты-шетел азаматтарының Қазақстанда өмірге бейімделуі, олардың ҚР ЖОО-на түсуге дайындығы, қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту.

ҚМИУ басқа қаладан келген докторанттарға жатақхана беріледі.

Қабылдау комиссиясының телефоны:8(7213)91-42-34, 8 (702) 651 28 83,  8 (708) 959 5413.