“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жалпы ақпарат

Халықаралық ынтымақтастық – республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Қарағанды индустриалды университеті қызметінің ажырамас бөлігі және әлемдік стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Мақсат – университетіміздің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі мәртебесін көтеру және әлемдік білім беру мен ғылыми қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану.

ТМД елдерінің, Еуропаның, Азияның және АҚШ-тың жетекші университеттерімен академиялық жұмыс жүргізу үшін тұрақты байланыс орнатылды. ҚарИУ серіктестері – АҚШ, Испания, Италия, Германия, Венгрия, Чехия, Польша, Франция, Болгария, Қытай, Ресей, Украина, Беларуссия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. білім беру және зерттеу орталықтары.