EnglishРусскийKazakh

00:00:00


ГЛАВНАЯ arrow Информация о кгиу
Информация о кгиу

Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университеті РМК (алғашында зауыт-ЖТОО, Қарағанды металлургиялық институты) - Қазақстан Республикасының кен-металлургиялық саласы үшін приоритетті болатын металлургия, машинажасау, химия, құрылыс және басқа да металлургияға көршілес бағыттар бойынша жоғары кәсіптік білімі бар жоғарыбілікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның алда келе жатқан жооның бірі 1963 жылы құрылды.

ҚМИУ – оқытуды үздіксіз айналымда жүргізетін жоғары оқу орны:
лицей→колледж→бакалавриат→магистратура

ҚМИУ құрылған жылдан бастап (бұрынғы ҚарМетИ) жоғары кәсіптік білімі бар 18 мыңнан астам маман оқытып шығарды.

ҚМИУ ӨЗІМЕН КЕЛЕСІНІ КӨРСЕТЕДІ

- 4 факультет (металлургия және құрылыс, машина жасау технологиясы және автоматтандыру, экономикалық, сырттан оқыту), олардың құрамына 15 кафедра енеді, оның ішінде 11 шығарушы. Оқыту 16 бакалавр мамандары және 7 магистратура мамандары бойынша жүргізіледі.
- колледж – ОКФ (орта-кәсіптік факультет), мұнда 11 мамандық бойынша орта деңгейдегі мамандар дайындауы жүргізіледі.
- лицей, 8-11 сыныптар оқушылардың екі бағыт бойынша – техникалық және жаратылыстану; гуманитарлық қос жоғары оқу орынды даярлауы жүргізіледі.
Университетте ақпараттандыру және оқыту аймақтық мамандандырылған орталығы (АОАМО-РСЦИО), оның базасында келесі курстар оқытылады: Auto CAD; КОМПАС; ЭЕМ пайдаланушысы; Жоғары оқу орындар оқытушылары мен Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлері үшін 10 мамандық бойынша Қазақ тілі және біліктілігін арттыру факультеті.
ҚМИУ әлемдегі ең ірі металлургиялық компаниясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ серіктестік туралы меморандумына қол қойылды. Осы меморандумды орындау барысында:
- біріншіден, металлургия, автоматтандыру және басқару, электроэнергетика, жылу энергетика, жылу техникалық машиналар және жабдықтар мамандықтары бойынша оқытылатын күндізгі оқыту бөлімнің жоғары курс студенттерін мемлекеттік стандартынан тыс қосымша бағдарламалар бойынша даярлауы жүргізіледі;
- екіншіден, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ үшін жоғары білікті кадрлардың даярлауы және бес бағдарлама бойынша: домна өндірісі, болат балқыту өндірісі, агломерациялық өндіріс, конвертерлік өндіріс және таптау өндірісі осы компанияның жоғары білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі жүргізіледі;
- үшіншіден, ҚМИУ сырттан оқыту факультетінің студенттері болып табылатын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының білім деңгейін арттыру мақсатында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ҰӨК базасында кешкі факультет құрылады.
Сонымен қатар университет және автоматтандырып жобалау жүйелері, өндірістерді технологиялық даярлау, құжат айналымы саласында ірі қазақстандық жүйелік интеграторы болып табылатын «EGS – Solutions» компаниясы араларында меморандумға қол қойылды. Осы меморандумды орындау барысында ҚМИУ-де «EGS-Solutions» ЖШС серіктестік оқу орталығы құрылады, мұнда халықаралық сертификатын берумен жоғары білікті оқытушылық құрамының және жас мамандардың даярлауы жүргізіледі.
Бүгінгі таңда осындай курстарда алатын білім-біліктер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға ұмтылатындар үшін қажет болатыны белгілі.
ҚМИУ студенттері үшін оқу барысында осы курстарды бітіруге өте жақсы мүмкіндік бар.
Осы мамандарды игеруге жоғары білікті оқытушылар Сізге көмек береді. Профессор-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежеге иеленуі 45%-дан жоғары. ҚМИУ-да 70 астам оқытушылардың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 12 ғылым докторы, 10 профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының, Экология, Адам және Табиғат Қауіпсіздігі Ғылымдары Халықаралық Академиясының (ЭҚҒХА) 4 академигі мен корреспондент-мүшесі. 2006 жылы ҚМИУ кафедра меңгерушілері: «МҚӨ» кафедрасынан В.А. Талмазан және «Менеджмент» кафедрасынан З.С. Гельманова, 2007 жылы «ӨАҚ» кафедра меңгерушісі Л.И. Горшкова, 2009 жылы «МжМТ» кафедра меңгерушісі А.Х. Нурумгалиев «ЖОО ең үздік оқытушысы» атты мемлекеттік гранты иеленушілері болды және шетелде тағылымдама өткізді: Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Бельгия, Люксембург, Голландия, Италия, Сингапур.

ОҚЫТУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІ

ҚМИУ-де мамандарды қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі, сырттай оқу үлгілерімен дайындау және қысқартылған бағдарлама бойынша дайындауы жүргізіледі.
Мамандарды дайындау мемлекеттік білім гранттары базасында, сонымен бірге келісім негізінде жүргізіледі.
ҚМИУ-де қашықтан оқыту үлгісі бойынша оқуға мүмкіндік бар.
Қашықтан оқыту (ара қашықтан білім алу) – оқытатындар мен оқитындардың синхронды және асинхронды интерактивті өзара әрекеттесу мақсатымен ұйымдастырылған процесінің өз араларында және оқу әдістерімен, кеңістікте олардың орналасуына инвариантты және уақытпен келісілген ақпараттық және педагогикалық технологиялар жиыны.
Біздің ЖОО-нда қашықтан оқыту кейс-технологиясы және желілік технологиясы бойынша іске асырылады.
Кейс-технология өз құрамына өзіндік оқу үшін және арнайы дайындалған оқытушы-кеңесшілерден кейінгі кезеңде түсініктеме алып кеңесу үшін оқитындарға жіберілетін (берілетін) арнайы жиынтықта («кейс») айқын құрылымдалған және сәйкес түрде жинақталған оқулық-әдістемелік материалдарын енгізеді.
Желілік технология оқитындарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтауға, сонымен бірге оқытушылар мен оқитындардың өзара интерактивті байланысуын қамтамасыз етуге арналған Интернет желісін пайдалану.
Қашықтан оқыту үлгісі бойынша білім алу бір мезгілде сапалы білім алып, уақытты үнемді шығындауға мүмкіндік беретін осы заманның оқыту үлгісі болып табылады. Қашықтан оқыту үлгісі өндірісте жұмыс істейтін және университетке күнделікті келуге мүмкіндігі жоқ, ЖОО-нан алыста тұратын, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік комиссияның шешіміне сәйкес физикалық мүмкіндігі шектелген, бірақ ЖОО-да оқуға мүмкіндігі бар адамдарға ыңғайлы.

 Оқыту мерзімдері:

 Күндізгі оқу үлгісі

- орта білімі барларға – 4 жыл

- орта кәсіптік білімі барларға – 2 жыл

Сырттай оқу үлгісі

- орта білімі барларға – 5 жыл

- орта кәсіптік білімі барларға– 3 жыл

- жоғары білімі барларға – 2 жыл

 



      
101400, г. Темиртау, пр. Республики, 30 | Телефон: (7213) 91-56-26 | e-mail: