“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ким Станислав Семенович

Ким Станислав Семенович 1969 ж. Томск политехникалық институтын  инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді.

1970 ж. Теміртау Казэлектромонтаж тресті  Жолға қою-баптау Пуско-наладочный басқармасының бөлімшесінде инженер-баптаушы қызметіне жұмысқа қабылданды.

1973 ж. аға инженер-баптаушы қызметіне ауыстырылды.  1970-1994 жж. аралығында  Қарағанды металлургия комбинатында бірнеше баптау жұмыстары атқарылды және бірнеше объекттер пайдалануға  берілді:

  • СД-22 МВТ, ЛПЦ-2 жүйелерін баптау;
  • 500 кВт және одан кіші қуатты  синхронды двигательдер үшін ТВУ типті кешенді тиристорлік құрылғылар;
  • ҚМК қосалқы станцияларында 10 кВ МТЗ, ТО типті релелік қорғау құрылғылары;
  • ГПП-8 қосалқы станциясында S=63000 кВТ мықты күш трансформаторлары бапталды.
  • Латвэнергода жасалған кернеу арқылы реттелетін автоматты қондырғы блогы бапталды.
  • ЛПЦ-де 4,5-орағыштың соңғы бөлігін автоматты басқару жүйесі бапталды.
  • ҚМК №2 ДП конуссыз жүктеу құрылғысын автоматты басқару жүйесі бапталды.
  • 2-ТЭЦ металлургия қосалқы станциясында ВЛ-110 кВ қашықтықтан қорғану бапталды.

1975 ж.  Есіл қосалқы станциясында ДФЗ-503 типті релелік қорғау  компроилентасына баптау жүргізілді.

1996 ж. Қарағанды Мемлекеттік индустриялық университеті ЭжТКА кафедрасына  аға оқытушы қызметіне қабылданған.

Ким Станислав Семенович қызмет барысында ҚМИУ және ҚарМТУ техникалық ғылыми журналдарында бірнеше мақалалар жариялады.  «Синхронды машина роторының жүру бұрышын өлшеуге арналған құрылғы» ойлап тапқаны үшін инновациялық патент алды. ISBN грифімен «Электрожетекті басқару жүйелері» оқу құралын шығарды. АМТ техникалық білім беру бөліміне арналған ТП – ДПТ тақырыптары бойынша мультимедиалық бағдарлама сценариін жасады. ISBN грифімен «Асинхронды двигательді айнымалы ток электржетегін векторлық басқару» оқу құралын шығарды. «С» грифімен СЦЭП пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық дайындады.

2016-2017 жж. Қарағанды Мемлекеттік индустриялық университет жанындағы колледжде оқытушы болып жұмыс істеген.

2017 ж. бері Қарағанды Мемлекеттік индустриялық университет ЭАжЕТ кафедрасының аға оқытушысы.