“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Басшылығы

Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы

Жабалова Гүлнар Ғазизқызы –  доцент, техника ғылымының кандидаты.

Білімі:

1994 жылы Қарағанды металлургиялық институтының 220440 «Өндірістік жылуэнергетика» мамандығы бойынша оқу бітірген.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Техника  ғылымының кандидаты, доцент.

Басылымдары:

50 артық ғылыми-әдістемелік еңбектер авторы, оның ішінде © индексті,  ISBN индексті 6 әдістемелік құрал, 2 өнертапқыштық куәлік авторы.

ӨМІРБАЯНЫ

  • 1994 жылдың 1 маусымында «Өндірістік жылуэнергетика және металлургиялық жылутехника» (ӨЖЭ жМЖТ) кафедрасына стажер-оқытушы лауазымына қабылданды.
  • 2004 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін «Қара, т.сті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
  • 2008 жылы «Энергетика» мамандығы бойынша доцент деген ғылыми атақ алды.

Соңғы уақыт ішінде ол «Өндірісті кәсіпорындардағы қазандықты қондырғылар», «Жоғары температуралы үрдістер және қондырғылар», «Қыздыру және қыздыратын қондырғылар», «Металлургиялық жылутехника» және т.б.,  оның ішінде күндізгі және сыртқы оқу түрінде оқитын студенттерге арналған курстық жобалау бойынша әдістемелік құралдар әзірлеген.

Жыл сайын Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен 3-6 дипломдық жобалар орындалады. Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен бітіруші-студенттер күшімен әртүрлі пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған 4 зертханалық қондырғылар жасалған.

Жыл сайын университетте және т.б. ғылыми-техникғалық конференциялар жұмысына белсене қатысады, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.

Г.Г. Жабалова 2D, 3D, DEFORM 2D, 3D сызба-графикалық құжаттарды дайындауға арналған КОМПАС-График автоматтандырылған жобалау бағдарламасының қолданушысы, металлургиядағы термодинамикалық үрдістер, болатты үздіксіз құю, болондық үрдісті жүзеге асыруға арналған кредитті технология бойынша оқыту, біліктілікті арттыру курсынан, «МитталСтил Теміртау» 2-ЖЭЦ өндірістік іс-тәжірибеден өткен.

Байланыс телефоны: 8 (7213) 91-42-64. Email: .

 


Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің декан орынбасары

Жанабергенова Динара Кенесовна– гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы

Білімі: 1996 ж. Теміртау педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып оқытушысы, ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырушы» мамандығы бойынша оқып тамамдаған.

2004 ж. – Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ 6МО20300 «Тарих» мамандығында оқып, магистрлік диссертация қорғап, «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі берілді.

Академиялық тәжрибесі: 1996-2005 жж. №7 ОМ тарих оқытушысы;

2006-2011 жж. ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде тарих оқытушысы, күндізгі техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2015 жж. ЖМ Теміртау  техникалық колледжінде қоғамдық пәндер оқытушысы;

2015 жылдан бастап ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы;

Оқытатын пәндері: Әлеуметтану, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, саясаттану.

Куәліктері мен кәсіби тіркеулері:

2013 ж. «Демократиялық қоғамды дамыту тарихы» (Шығыс Европа мысалында) курсын тыңдаушы сертификаты. Прага 15.04.-29.04.2013 ж.

2015 ж. – Облыстық әдістемелік бірлестіктің «Студенттердің зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысушы сертификаты (Қарағанды обылысының оқу-әдістемесін дамыту орталығы);

2015 ж. біліктілікті көтеру тақырыбындағы «Техникалық және кәсіби білім беруде жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» курсын тыңдаушы сертификаты.

2015 ж. ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты талабына сәйкес «Сапа менеджменті жүйесін енгізу» семинар-тренингіне қатысушы сертификаты (ЖШС «ВЦ Консалитинг-Сертифик»),

Марапаттары мен сыйақылары:

2002 ж. облыстық білім беру Департаментінің грамотасы;

2007 ж. – ҚМИУ ректорының алғыс хаты;

2008 ж. Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының алғыс хаты

2010 ж. ҚМИУ ректорының грамотасы

2014 ж. Қарағанды облстық оқу – әдістемелік орталығының үздік әзірлеме үшін ІІІ дәрежелі дипломы.