“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

  • 03.10.2019: Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі

    2019 жылдың 1 қазанында ҚМИУ студенттері мен профессорлық – оқытушылар құрамы Теміртау қалалық тарихи — өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында ...
  • 12.04.2019: ҚМИУ-де XLIХ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    11-12 сәуір аралығында «XXI ғасыр жастары – қазіргі әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» атты XLIХ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы М.Остоградский атындағы ...
  • 31.05.2018: Форум жалғасуда 

    Филадельфияда екінші қазақстан-американдық университетінің ректорларының форумы жалғауда. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР БҒМ вице-министрі А. Аймағамбетов, «Халықаралық бағдарламалар орталы...
  • 30.05.2018: АҚШ ректорлар форумы

    Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда. Кеше 29 мамыр күні Пенсильвания...
  • 21.05.2018: Астанада Global Challenges Summit-2018 өтті

    Қазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы  өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: эконом...
  • 17.04.2018: Польшадағы кездесу

    Варшава қаласында қазақстандық университеттердің ректорларының  поляк әріптестерімен кездесулері өтуде. Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары бірінші күні Perspektywy-2018 инженерлік білім...
  • 16.04.2018: Жастардың Төртінші өнеркәсіптік  революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы

    2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) бірге «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік ...
  • 11.04.2018: ХАБАРЛАНДЫРУ

      ХАБАРЛАНДЫРУ!    2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен бірге профессорлы-оқытуш...
  • 05.03.2018: ҚМИУ мен венгриялық жоғарғы оқу орындары арасындағы меморандумдарға қол қойылды

    Төрт венгриялық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (Теміртау қ.) ректоры Б.А.Жәутіковтің Будапештте өткен...
  • 27.02.2018: Уважаемые студенты ВУЗов!

    Мы рады сообщить вам, что прием заявок на публикацию в  первом номере  студенческой книжной коллекции «Жас Қыран», запущенной в рамках республиканского проекта «Лучший студент», организованного Общест...

Кафедра туралы

Кафедраның қалыптасу тарихы Қарағанды металлургия комбинатының дамуымен тығыз байланысты. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы 1964 жылы құрылған. 1965 жылы күндізгі оқу бөліміне «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша студенттердің алғашқы легі қабылданды. Көп уақыт бойы «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы «Металдарды қысыммен өңдеу» (таптау өндірісіне мамандандырылған) және «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары және технологиялары» (ұсталық-штамптау өндірісіне мамандандырылған) мамандықтары бойынша инженер мамандар даярлады. Кафедрада барлығы 1700-ден астам инженерлер даярланды. Олардың көпшілігі танымал ғалымдар, мамандар, өндіріс басшылары, әскерилер, кәсіпкерлер болып шықты.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Бурыкин А.А. болды. Одан соң кафедраны Давильбеков Н.Х., Мирный А.И., Дикалов Б.А., Дылюк А.Г., Машеков С.А., Талмазан В.А., Лежнев С.Н., Ашкеев Ж.А., Кривцова О.Н. басқарды.

Қазіргі таңда «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасыы 5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» және 5В071200 «Машина жасау» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Кафедрада 2001 жылдан бастап 6М071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша магистратура ашылды. 2002 жылы алғашқы техника және технология магистрлері түлеп шықты. 2010 жылдан бастап «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша докторантура ашылды.

Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Бурыкин А.А., Давильбеков Н.Х., Быхин Б.Б., Чуманов Ю.М., Обернихин С.А., Гужин С.С., Зайцев В.С., Найзабеков А.Б., Талмазан В.А., Исаенко В.В., Ашкеев Ж.А., Лежнев С.Н., Панин Е.А. зор үлес қосты.

Кафедра күндізгі, сырттай, кешкі оқу түрлері, мемлекеттік гранттар бойынша, сондай-ақ ақылы оқу түрі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытуды іске асырады. 2000 жылы және 2001 жылы қазақ бөлімінің алғашқы инженерлері бітіріп шықты.

Кафедрада ҚМИУ РМК экс-ректоры, т.ғ.д., профессор Найзабеков А.Б., оқу ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі экс-проректор, т.ғ.к., доцент Лежнев С.Н. оқуын үздік тәмамдап шықты.  ҚМИУ РМК бұрынғы ректоры Дылюк А.Г., Ресей қаржы-өнеркәсіптік топтары қауымдастығының Президенті, т.ғ.д., профессор Сосковец О.Н., ресейлік армия полковнигі, әскери ғылымдар кандидаты Алимов М.К. – кафедра түлектері.

Кафедраның көптеген түлектері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызмет істейді: Сейсимбинов Т.С., Куликов В.И., Евтушенко И.Ю., Стринжа С.В., Васькин А.М., Ильясов Н.Р., Зубков С., Кириллов А.Я. , Каскин Б.К., Голкин Ю.Е., Блинов В.А., Раимбеков А,М., Мантуров В.В., Вдовин С.В., Коноваленко М.В., Сорокин А.С., Хицко Е.П. Борисов А.С., Игнатов А., Берг А.А., Курносов А., Ганшу М.В., Долженко А.В. және басқалар.

Кафедраның бірқатар түлектері қазіргі таңда кафедрада оқытушылық қызмет атқаруда: т.ғ.к. Ашкеев Ж.А., т.ғ.к. Ержанов А.С., PhD Панин Е.А., т.ғ.м. Айнабекова С.С., т.ғ.м. Волокитин А.В.