“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 11.04.2018: Метод Филатова

    по материалам публикации в газете “Индустриальная Караганда”   ...
  • 11.04.2018: Жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізуге арналған БАҒДАРЛАМА

       Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Қарағанды мемлекеттік индустриалық университеті – 5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша «Металлургиялық процестер теориясы»...
  • 11.04.2018: ХАБАРЛАНДЫРУ

      ХАБАРЛАНДЫРУ!    2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен бірге профессорлы-оқытуш...
  • 10.04.2018: Фибоначчи схемасы бойынша күн батареялары

    ЭЭ-17қ тобының студенті Дмитрий Тарба ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалардың халықаралық байқауында ІІІ орынды иеленді. Байқау 4-5 сә...
  • 09.04.2018: Зияткерлік ойын

    Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университе...
  • 06.04.2018: ҚМИУ студенттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    6 сәуірде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 100 студенті Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь...
  • 06.04.2018: «Жұлдызды журналист»

    Жас теміртаулықтар жаңадан бастаған журналистердің байқауына қатысты. Жұмысты бағалайтын қазылар алқасының бірі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова б...
  • 05.04.2018: «Группа крови» финалда

    2017-2018 маусымының “Магнитка” ашық лигасының соңғы финалисті белгілі болды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 4 сәуір күні КТК көктемгі Кубогы өтті.   “Аяулы ха...
  • 03.04.2018: “Бөкетов оқулары-2018” екінші орын – ҚМИУ студентінде

    ҚМИУ-дің үшінші курс студенті, болашақ экономист Карина Смағұлова «Бөкетов оқулары-2018» атты магистранттар мен студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының «Экономика және құқықтың ...
  • 03.04.2018: Қоғамдық сананы жаңғырту

    ҚМИУ делегациясы 29 наурызда Достық үйінде (Қарағанды қ.) өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» атты облыстық ғылыми-практикал...

Конференциялар

Архив

Тарих

Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасы

 «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының тарихы 1961 жылдан басталады, бұл кафедра осы уақытқа дейін  бірнеше рет қайта құрылды. 1963 жылы Зауыт-ЖТОО өз жұмысын бастаған кезде «Шетел тілдері» кафедрасы ашылып, Ұлы Отан соғысының ардагері И.И. Дядюкова кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 1969-1976 жылдары кафедраны Залесский Иосиф Иосифович, Татьяна Николаевна Муканова, Ольга Николаевна Станович, Меделхан Садыкович Садыков басқарды. Кафедрада ағылшын, неміс, француз және орыс тілдері оқытылды.

Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігі жарияланып, мемлекеттік тілдің мәртебесі бекітілген жылдары ЖОО-да қазақ тілі оқытыла бастады. Осыған байланысты  аталған кафедра «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы (каф. меңгерушісі Макпал Жолдасовна Айтбаева) және «Шетел тілдері» кафедрасы (каф. меңгерушісі Людмила Сергеевна Черемных) деген екі кафедарға бөлінді.

Тоқсаныншы жылдардың соңында студенттер санының азаюы себебінен аталған екі кафедра біріктіріліп, «Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасы» деп аталды, 1997-2001 жылдар аралығында  кафедра меңгерушісі ретінде  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнеп Есбосыновна  Байбусанова  жұмыс істеді, 2001-2011 жылдары аға оқытушы Майра Конаковна Баймбетова кафедра меңгерушісінің міндетін атқарып келді. Жоғары оқу орнына түсетін талапкерлердің санының күрт төмендеуіне байланысты 2011-2012 оқу жылында біздің кафедра «Философия және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» кафедрасымен біріктіріліп, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды және оның  меңгерушісі ретінде саясат ғылымдарының кандидаты доцент О.Н. Гуменчук тағайындалды. Бұл кафедра соңынан «Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы деген атауға ие болды, 2014-2015 оқу жылынан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Сапар Багдатович Хамитов кафедра меңгерушісінің қызметін атқарды.

«Мәңгілік Ел жастары индустрияға» әлеуметтік жобасы бойынша еліміздің оңтүстік өңірлерінен «Серпін» бағдарламасының аясында оқуға түскен студенттердің есебінен және демографиялық ахуалдың жақсаруына орай студенттер контингенті артып, оқытушылар санының көбеюіне байланысты «Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының құрамынан шығып, …. ректордың бұйрығымен қайтадан «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы ретінде дербес жұмыс істей бастады. Кафедра меңгерушісінің міндетін филология ғылымының кандидаты, доцент Нұрзия Әбдікәрімқызы атқаруда.

Кафедраның жарты ғасырдан артық тарихында жоғарыда аталған кафедра меңгерушілерімен қатар Неежкаша Владимир Ильич, Мусина Сауле Аменовна, Приходько Валентина Николаевна, Аманжолова Гуля Калыковна, Садыкова Шарбат Тулегеновна, Карасик Анна Леонтьевна, Романова Тамара Ивановна, Поплавская Галина Антоновна, Эсауленко Альбина Кирилловна, Жунусова Айнагуль Куановна, Шакиржан Сауле Нуркановна, Асанова Қарлығаш Абдуалиовна және т.б. тәжірибелі ұстаздар еңбек етті.

Қазіргі кезде кафедраның профессорлық-оқытушылық  құрамында филология ғылымының кандидаттары Н.А. Абдикарим, Ш.А. Кенен,  гуманитарлық ғылымдар магистрлері Ж.К. Капашева, Г.Б. Омарова, А.Б.Мұқатай және  педагогика ғылымдарының магистрлері  А.К. Жунусова, А.А. Бабашаикова, С.Б. Хамитов, техника ғылымының магистрі А.А.Смаилова, заң ғылымының магистрі М.М. Салпенова, орыс филологиясының маманы А.Т. Мырзаханова жұмыс істейді. Оқытушылар Д.Ж. Ыбрай, Н.Б. Кан, Ю.Ф. Шариповалар магистр дәрежесін алу үшін Ресей Федерациясында және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУда магистратурада оқып жатыр.

Қазақстан Республикасының үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы жаңа технологияларды енгізудің маңызы орасан зор екендігі белгілі. Кафедра Англияда жасалып, Macmillan баспасында басылып шыққан, құрамында оқытушыға арналған кітабы, видео-практикалық кітабы, үлестіру материалдық пакеті бар ағылшын тілін үйрететін Reward жинағына ие болды. Бұл курс коммуникативтік мақсаттың сөйлеу, жазу, дыбыстау, грамматика, лексика сияқты барлық сатысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дыбыстау және бейне материалдармен жұмыс істеу студенттердің орфоэпиялық нормаға сай сөйлеу дағдыларын арттырады. 2002-2003 оқу жылында «Tell me more» бағдарламасы, 2003-2004 оқу жылында «Ағылшын тілін оқытудың интенсивтік курсы» «English for Communication» оқытылды. Қазақ тілі бойынша жоғары деңгейге арналған электрондық оқулықтар студенттердің мектепте, колледжде алған білімдерін реттеп, тілдік дағдыларын жетілдіруге көмектеседі және тілдерді үйретудің тиімділігін арттырады. Соңғы жылдары кафедрада оқылатын барлық пәндер бойынша арнайы жабдықталған компьютер сыныптарында қолдануға болатыни инновациялық электрондық оқулықтар дайындалып, тіл пәндерін оқытудың озық технологияларын оқу үдерісіне пайдалану мәселесі оң шешімін табуда.

Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша өз біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін алыс, жақын шетелдің ғылыми журналдарында, халықаралық, республикалық ғылыми теориялық және әдістемелік конференциялар материалдарында жариялап тұрады. Кафедрада ф.ғ.к., доцент Ш.А. Кененнің жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының көптілділік жағдайында оқу-тәрбие үдерісін қарқындату мәселесі» деген тақырыпта мембюджеттік ғылыми зерттеу жұмысы орындалуда. Осы тақырыптың аясында оқытушыларымыз кафедрааралық және қалалық семинарлар ұйымдастырып, халықаралық онлайн семинарларға белсенді түрде қатысып отырады. 2016-2017 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы «Қазақ тіл білімі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ана тілі аясы: оқытуы, зерттеу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар жұмысына (72 сағат) қатысып, бес оқытушы (Н.А. Абдикарим, Д.Ж. Ыбрай, Н.Б.Кан, К.А. Асанова, Ш.А. Хамитова)  сертификатқа ие болды.

Білім мен тәрбиені тиімді ұштастыру мақсатында кафедра оқытушылары университетте және қалада, облыста  өтетін түрлі іс-шараларға студенттерді дайындап, бағыт беруде белсенділік танытып келеді.  Облыстық үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткен «Тілдарын» байқауында  ЭЭ-15к тобының студенті Есімханова Айдын (жетекшілері доц. Н.А.Абдикарим, оқытушы Д.Ж. Ыбрай) жүлделі І орынды жеңіп алды.  Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына орай кафедра оқытушылары ақынның қыздарының, облыстық және қалалық ақындардың қатысуымен, қалалық «Құрыш қала kz» газетінің ақпараттық қолдауымен «Сағыныштардың керуеніндегі саз қандай!» атты әдеби-сазды жыр кешін жоғары деңгейде (доц. Н.А. Абдикарим, аға оқытушы Ж.К.Капашева) ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар қаламыздағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен Меморандум жасалып, аталған орталықтың жанында біздің университетіміздің студент-жастарының «Парасат» танымдық-мәдени клубы жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылынан бастап, үш тілді еркін меңгеруге ынталы студенттердің басын қосқан «Speaking club kz» клубы өз жұмысын бастады.

Кафедра оқытушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды «Болашақ» университетінің тіл кафедраларымен тығыз байланыс жасайды. Осы университеттердің Ж.А. Жакупов, Н.И. Букетова, А.С. Адилова, М.А. Тұрсынова, Б.М. Айтбаева, И.С. Утебаев т.б. профессор-ғалымдары кафедраның ғылыми мақалаларына, оқу әдістемелік құралдарына сыни пікірлерін білдіріп, кафедра жұмыына теориялық және практикалық тұрғыдан көмектесіп тұрады.