Түлектерді жұмыспен қамту – университеттің басты басымдылығы
[жариялау күні: 07.04.2021, 16:28:10, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды индустриялық университетінде түлектердің қалалық Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерімен кездесуі өткізілді. Кездесуде жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Бахыт Чакар және Екатерина Малеева 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтты. Сонымен қатар, университет түлектері Теміртау қаласы мен облыстың еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен таныстырылды. Мемлекет тарапынан жас мамандарды қолдау, өз кәсібін ашу мүмкіндігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету – түлектер арасында ең көп қойылған сұрақтар болды.
Cондай-ақ, кездесуде «Мансап» орталығының басшысы мемлекеттік білім гранты бойынша оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Қарағанды индустриялық университеті түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Просмотров: 53