«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Встреча с зарубежной делегацией – академиками и членами-корреспондентами Российской Академии наук.

[жариялау күні: 20.08.2017, 11:16:31, жариялауды: Әкімшілік]

16 тамыз күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ғылыми-зерттеу жұмысы барысында іскерлік халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында шетелдік делегациямен – Ресей ғылым Академиясының академиктері мен корреспондент мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге Ресей және Қазақстан ғалымдары қатысты:

  • Малышев Юрий Николаевич – В. И. Вернадский РҒА атындағы Мемлекеттік геологиялық мұражайының президенті, Тау-кен ғылымдары Академиясының президенті, РҒА Академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т. ғ. д., профессор;
  • Захаров Валерий Николаевич – Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесінің «РҒА Жер қойнауын кешенді игеру Институты» Директоры, РҒА корреспондент мүшесі, Н. В. Мельников атындағы сыйлықтың лауреаты, , т. ғ. д., профессор;
  • Зайденварг Валерий Евгеньевич – «РосУголь» компаниясының Вице-президенті, «Көмір нарығының конъюнктурасының институтының» директорлар Кеңесінің төрағасы, Тау-кен ғылымдары Академиясының Төралқасының мүшесі, ғылым мен техника саласындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т. ғ. д., профессор;
  • Алиев Самат Бикитаевич – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті директорының орынбасары, ақпараттандырудың Халықаралық академиясының, тау-кен ғылымдары Академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, т. ғ. д., профессор;
  • Кенжин Болат Маулетович – «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС Директоры, Ресей тау-кен Академиясының шетелдік мүшесі, ҚР көмір өнеркәсібінің Құрметті қызметкері, т. ғ. д., профессор;
  • Смирнов Юрий Михайлович – Ресей тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, Ресей Федерациясының КСРО ХШЖК мен КазКСР қатысушысы және лауреаты, ҚарМТУ физика кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. д., профессор.

Қонақтар ҚМИУ мұражайын тамашалады. Экскурсия барысында мұражай қызметкері ресейлік ғалымдарын университет тарихымен  таныстырды. ҚМИУ үшін бұл жыл елеулі болмақ: 1967 жылғы түлектерге 50-жыл – түлектердің бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Делегаиция аса қызығушылықпен Елбасының, сонымен қатар, басқа  да  танымал түлектердің: Назарбаева С.А., Сосковец О.Н., Сарекенов К.З., Сулейменов Т.С.,   биографиясы мен жетістіктерімен танысты.

Сонымен қатар, шетел қонақтарына университеттің материалды-техникалық базасымен танысу жұмыстары жүргізілді. Экскурсия барысында қонақтар электроэнергетика және техникалық жүйелерді автоматтандыру лабораториясы, «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейінді лабораториясы, тәжірбиелік-өндірістік аймақтар және т.б. көрсетілді.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу бағытындағы көптеген мәселелер талқыланып, соңында ҚМИУ-нің «Тау-кен ғылымдары Академиясы» ЖҚБ, «Академик Н.В. Мельников атындағы жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» РҒА, «РосУголь Компаниясы» ААҚ, «Көмір нарығының конъюнктурасының институты» ААҚ және «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС-мен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Бұл іс-шара ғылыми зерттеу саласында ынтымақтастықты дамыту, бәсеге қабілетті мамандарды даярлау, сонымен қатар технологиялық мәселелерді бірлесу шешу мақсатында жүргізілді.

20.08.2017, 11:16:31, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар