“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Мансап және жұмысқа орналастыру

ҚМИУ РМК 18 бакалавриат, 8 магистратура, 2 докторантура мамандықтары  бойынша мамандар дайындайды. Олардың ішінде «Әлеуметтікғылымдар, экономика және бизнес» – 4 мамандық, «техникалық ғылымдар және технологиялар» – 13 мамандық қамтылған. Сонымен қатар ҚМИУ «Қызмет көрсету» бағытындағы «Бағалау»  мамандығы бойынша да мамандар дайындалады.

Жыл сайын университет қабырғасында жұмысқа орналастыру мәселесін шешу және жүйелі тиімділігін жоғарлату мақсатында түлектердің тікелей жұмыс берушілермен кездесуіне арналған бос  жұмыс орындар жәрменкесі өткізіледі. Жәрменке жұмысына әртүрлі салаларда жұмыс жасайтын компаниялар қатысады. Барлық ұсыныстарға жасалған талдау еңбек нарығы жайын анықтауға және ондағы оңтайлы бағыттарды таңдауға мүмкіндік беореді. Тәжірибеден байқағанымыздай,  команиялар тәжірибесіз жас маманармен қатар жоғары білікті мамандарға да ұсыныс жасайды.

Біздің порталда жұмыс берушілер студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне, жас түлек-мамандарды бос жұмыс орнына және студенттердің оқудан бос уақыттарында жұмыс жасауға шақыруға арналған өтініштерін орналастыра алады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жұмыс берушілермен бірге жоғары білікті мамандарды дайындауда озық тәжірибе жинақталған және бұл мәселе бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тығыз байланыс орнатылған.

АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясымен университетте оқитын 20 студентке грант бөлінеді. 10 грантты ата –аналары осы компанияда жұмыс жасайтын күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне және 10 грант осы компанияда жұмыс жасайтын кешкі оқу бөлімінде оқитын студенттерге беріледі. Грантты алуға қатысты негізгі шарт студент тек ғана «4» пен «5»  оқу керек.

Сонымен қатар оқу гранттарынан басқа «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2010 жылдан бастап «Талантты жастар» бағдарламасы бойынша үшінші курстан бастап студенттерге арналған шәкірақы тағайындады. Осы бағдарлама шеңберінде  үшінші курс студенттері қосымша оқу курстарынан өтеді, оның ішінде кәсіби ағылшын тілі курсы қарастырылған, сонымен қатар жазғы өндірістік іс-тәжірибе кезінде комания осы студенттерге жұмыс орнын ұсынады. Өндірістік іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін студент жұмысшы мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсырады. Төртінші курста ол әрі қарай қосымша бағдарламалар бойынша оқуын жалғастырады. Осы бағдарламаға қатыстатын студент өзінің дипломдық жұмысын іс-тәжірибеден өткен цехтағы қолданыстағы технологиялық мәселелерге қатысты тақырыпта қорғайды. Сонымен қатар атап өту керек, «Талантты жастар» бағдарламасы бойынша барлық оқу мерзімінде студент ай сайын 10 мың теңге мөлшерінде шәкіртақы алады. Кәзіргі уақытта университеттің 20 студенті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясынан шәкірақы алып оқиды. Сонымен бірге жыл сайын университет студенттеріне «ТЭМК» ЖШС, «Қарцемент» АҚ, «REN-MILK» ЖШС, “Қазақмыс» ЖШС, «Рэмэкология» ЖШС және т.б. кәсіпорындар грант береді.

Мұндай кәсіпорындардың мамандарды дайындау үрдісіне қатысулары студенттер үшін терең білім алуға және дағыдары мен біліктіліктерін қалыптастыруға үлкен құлшыныш береді.

5 жылға арналған талдау нәтижелерінен байқағанымыздай, жоғары білім алған түлекетрдің 85-90% бірінші жылы жұмысқа орналасады. Екінші жылдың соңында барлық түлектер жұмыс жасайды. Ең қажет техникалық мамандықтар «Металлургия», «Автоматтандыру және басқару», «Электрэнергетика», «Машинажасау», «Технологиялық машиналар және жабдықтар».

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ осы кезең ішінде біздің 230 түлегімізді жұмысқа орналасты. Сонымен қатар «Құрылыс» және «Жылуэнергетика» мамандықтарына деген сұраныс көп. Осы мамандықты бітірген түлектер жылдам жұмысқа орналасады. Экономикалық мамандықтарды бітірген түлектерге жұмысқа орналасуларына көп уақыт қажет. Бұл осы мамандықтар бойынша жұмыс орнының жоқ болуына байланысты емес, ол осы мамандықты бітірген түлектердің психологиясына, жұмыс берушілердің ұсынған жұмыс жасау жағайлары мен еңбекақы мөлшері олардың талаптарына сай келмеуіне қатысты туындайды. Бірақта оқу бітірген түлектер бірінші жылдың соңында өздерінің алған білімдерін әртүрлі банктер, сауда кәсіпорындары және экономикалық және қаржылық мекемелерге, шағын және жеке бизнес салаларында жұмысқа орналасып, іске асыра бастайды.

ҚМИУ түлектері оқуларын бітіргеннен кейін олардың шамамен 50% магистратураға оқуға түседі және магистратураны бітіргеннен кейін университетте әрі қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Біздің серіктестеріміз:

  • «АрселорМиттал Теміртау» АҚ;
  • «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС;
  • «Темиртауй электр-металлургиялық комбинаты» ЖШС;
  • «Bassel group LLS» ЖШС;
  • «ЦентралАзияЦемент» АҚ;
  • «Коксхиммонтаж» АҚ;
  • «Уралдомнаремонт-Т» АҚ;
  • «Қазақтелеком» АҚ;
  • “ТемиртауЭлектроМонтаж” ЖШС;
  • “ГНИДИН” ЖК;
  • «СпецПромСтрой” ЖШС;
  • “СТЭКА”ҚБ;
  • “АжК” ферросиликоалюминий зауыты» АҚ;
  • “Окжетпес” ЖШС;
  • “Темир авто” ЖШС;
  • “Мозаика” жек тұлғаның даму орталығы;
  • “Қазақстан Халық Банкі”АҚ;
  • «Қазкоммерцбанк» АҚ;
  • «ҚР Тәуелсіздігіне 15 жыл атындағы №1 кірпіш зауыты» АҚ;
  •  «Эргономика» ЖШС.