“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің жаршысы» республикалық журнал

 

ҚМИУ Жаршысы журналына құттықтау мекен-жайы

ҚМИУ Жаршысы журналына кұттықтау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласына арналған негізгі металлургиялық, машинажасау, химия, құрылыс және басқа қосалқы металлургиялық бағыттағы жоғарғы кәсіби білімді жоғарғы білікті мамандарды дайындауға арналған Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі.

1991 жылы «Металдар және қайтарымды материалдар өндірісінің технологиясы» республикалық ғылыми журналы жарық көрді. 2013 жылы оның атауы «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысы» болып өзгертілді, бұл журналда ғылыми жаңашыл және іс жүзінде қолдануға жарамды маңызды, зерттеу сипатындағы өзекті ғылыми жұмыстар жарияланады.

Журнал бөлімдері:

1 Бөлім. Металлургия. Жаңа материалдар технологиясы

2 Бөлім. Машинажасау. Технологиялық машиналар және көлік

3 Бөлім. Құрылыс

4 Бөлім. Энергетика. Автоматтандыру және есептеу техникасы.

5 Бөлім. Химиялық технологиялар. Тіршілік қауіпсіздігі.

6 Бөлім. Экономика. Жалпыбілімдік және фундаментальды пәндер

Жариялау этикасы

Редакторлардың міндеттері

Редакторлар журналдың Халықаралық редакциялық алқаның саясатын басшылыққа алады және қолданыстағы заңнамамен шектеледі.

Журналда авторлар ұсынған материалдарды (қолжазбаларды) жариялау туралы шешім қабылдау үшін редакторлар жауапты.

Редакторлар қолжазбаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни нанымына, этникалық шығу тегіне, азаматтығына, саяси бағдарға, коммерциялық көзқарастарға қарамастан, олардың зияткерлік мазмұны бойынша бағалайды.

Редакторлар мен редакция ұсынылған қолжазбалар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден, ықтимал шолушылардан, редакция алқасының басқа мүшелерінен және баспагерден басқа ешкімге жарияламауы керек.

Жарияланбаған материалдар автордың жазбаша келісімінсіз журналдан тыс редакторлар пайдаланбауға тиіс.

Міндеттер жариялау этикасы жөніндегі Комитеті (COPE – CommitteeonPublicationEthics) әзірлеген нұсқаулықтар мен стандарттарға негізделген және қолжазбаны өңдеудің әр кезеңінде қолданылады.

Сын-пікір берушілердің міндеттері

Сараптамалық бағалау редакторларға редакциялық шешімдер қабылдауға және авторға қолжазбаны жетілдіруге көмектеседі.

Қарау үшін алынған кез-келген қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы тиіс. Қолжазбаларды редактордың рұқсатынсыз сыртқы тараптарға көрсетуге немесе талқылауға болмайды.

Сын – пікір жазу объективті түрде жүргізілуі тиіс. Автордың атына жеке сын орынсыз. Сын-пікір беруші өзінің ескертулеріне дәлел келтіруі тиіс.

Сын-пікір беруші редактордың назарын осы қолжазбаға елеулі ұқсастық немесе сәйкестікке, сондай-ақ кез-келген басылымға аударту керек.

Артық ақпарат немесе идея құпия болып табылады және жеке мүдделер үшін пайдаланылмауы керек.

Сын-пікір беруші ұсынылған материалдарды қарау кезінде шешім қабылдау үшін оның біліктілігі жеткіліксіз деп санаса бұл туралы редакторды дереу хабардар ету керек және қарау процесінен бас тартуы тиіс.

Сын-пікір беруші қажетті анықтамалардың жоқтығын анықтауға және сілтеме көрсетуге тиіс.

Сын-пікір беруші өзінің пікір жазуының мазмұнына қолжазбаның шығу тегі, ұлты, діни көзқарасы, авторларының саяси немесе өзге көзқарасынемесе коммерциялық ой-пікірлері әсер етпеуі керек.

Сын-пікір беруші мақалаға қатысы бар авторлардың, компаниялар мен мекемелердің кез-келгенімен бәсекелестіктен, ынтымақтастықтан немесе басқа қатынастардан туындайтын мүдделер қайшылығының себебі бола алатын қолжазбаларды қарастырмауы керек.

Авторлардың міндеттері

Түпнұсқалық зерттеу баяндама авторлары мақалада оның нәтижелерін объективті талқылауын ұсынуы тиіс. Егер авторлар басқа авторлардың мәтіндерінің жұмысын және / немесе фрагменттерін қолданса, онда жарияланған жұмыстарға тиісті сілтемелер болуы керек. Алаяқтық немесе түсініксіз өтініштер қабылданбайды.

Әдетте авторлар бірдей зерттеулермен мақалаларды бірнеше журналда жарияламауы керек, олар жазған зерттеулерінің түпнұсқалық жұмыс екендігіне кепілдік беруі тиіс

Зерттеуге едәуір үлес қосқан адамдар авторлар  ретінде көрсетілуге тиіс (авторлық құқық анықтылығын қамтамасыз ету).

Ғылыми жобаның маңызды аспектілеріне қатысқан адамдарға  алғыс білдіруі тиіс, немесе авторластырушылар тізіміне енгізілуі керек.

Тиісті автор барлық авторлардың мақалаға енгізілгенін және мақаланың соңғы нұсқасын мақұлдауын, оның журналға жариялануын қамтамасыз етуі тиіс.

Автор оның жарияланған жұмысында табылған қате немесе түзетілгені немесе теріске шығару туралы тез арада редакторды немесе баспагерді хабардар етуі тиіс.

Қолжазбаларды қарау және жариялау тәртібі

1. Сын – пікір жазу – авторлар жалпы ғылыми және ғылыми саладағы мақаланың тиісті тақырыбы бойынша қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында жарияланғанға дейін Жаршыда жариялау үшін ұсынылған ғылыми мақалаларды ғалымдар мен мамандардың қарау рәсімі.

2. «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысы» ғылыми журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде сын – пікір жазуға жіберіледі. Сын – пікір жазу құпия түрде жүргізіледі.

3. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысында жариялауға ұсынылған мақалаларға сын – пікір жазу екі кезеңмен жүзеге асырылады: сыртқы және ішкі

  • Сыртқы сын – пікір жазу сын – пікір жазылатын материалдар тақырыбы бойынша ғылыми дәрежесі бар деп танылған, тиісті бейіндегі мамандармен жүзеге асырылады. Сын – пікір берушілердің қолтаңбалары сын – пікір жазуда белгіленген тәртіпте олардың жұмыс орны бойынша куәландырылуы тиіс.
  • Ішкі сын – пікір берушілер кафедра қызметкерлері болуы мүмкін (кандидаттың немесе ғылым докторының ғылыми дәрежесі бар), қолтаңба ЖОО немесе автор жұмыс істейтін немесе оқитын мекемемен куәландырады.

4. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысының редакциялық алқаның мүшелері сын-пікір беруші бола алмайды.

5. Сын – пікір жазудан өтпеген мақалалар Жаршыда жариялануына жол берілмейді.

6. Зерттеу нәтижелері бойынша түпкілікті нәтижелерді талап ететін мақала материалдары авторларға әрі қарай жұмыс істеу үшін жіберіледі.

7. Редакциялық алқа, егер қажет болса, авторға сілтеме жасамай және алған көзін көрсетпей материалды пайдаланса қолжазбаның түпнұсқалығына тексеріс жүргізеді. Мәтіннің түпнұсқалығы кем дегенде 80% тиіс. Бұл көрсеткіш кейбір жағдайларда редакция алқасымен қаралып қолжазбаның құнын ресми бағалауды болдырмау үшін қаралуы мүмкін.

8. «ҚМИУ Жаршысы» ғылыми журналына жариялануға жіберілмейтіндер:

  • бұрын жарияланған материалдан тұратын мақалалар;
  • мақалаларды дайындау ережелерін сақтамай жасалған мақалалар;
  • мақала авторлары мақалаларды техникалық қайта қараудан бас тартқан мақалалар;
  • мақала авторларымен сын-пікір берушінің сынды ескертулері орындалмаған мақалалар.

9. Сын – пікір жазу сын – пікір жазуға жататын мақалаларды алған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

10. Тексеру нәтижелері бойынша редакциялық алқа қабылдамаған мақалалардың материалдары авторларға қайтарылмайды.

11. Редакциялық алқа мақұлдаған мақалалардың қолжазбалары жауапты хатшыға шығарылуын қалыптастыру үшін беріледі.

12. Қолжазба пікірі 3 жыл бойы сақталады.

 


«Қарағанды мемлекеттік индустриялық

университетінің Жаршысы» ғылыми журналының

редакциялық алқасы

 

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • ұсынылған ғылыми материалдар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» 7.5-98 МЕМСТ,  мақаланың жанындағы библиографиялық тізімдер, «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесі» 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес мақалаларды рәсімдеу бойынша негізгі баспалық стандарттарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
  • мақала көлемі (әдебиеттер тізімін, кестелерді, суреттер мен суреттердің анықтамаларын, аңдатпаларды қоса есептегенде) 10 парақтан артық болмауы керек;
  •  мәтін Times New Roman қаріпімен MS WORD (6.0-7.0) редакторында жазылу керек, қаріп өлшемі (кегль) – 12, жол аралығы – дара; азат жолдың басындағы бос жер – 0,8 см;
  • қағаз форматы А4, өрісі: жоғарғы– 3 см, төменгі – 2,5 см, оң – 2 см, сол – 2 см;
  • сол жақтағы бұрышта – ҒТАМР (Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы), бір аралықтан кейін ортада – бас әріптермен автордың тегі, аты-жөні бас әріптермен, жақша ішінде жұмыс орны (РМК, АҚ, т.б. сияқты жалпылама қысқартуларынсыз), қала атауы және мемлекет атауы жазылады, әрі қарай бір аралықтан кейін ортада мақала атауы (қалың қаріппен ерекшелемеу керек), әрі қарай бір аралықтан кейін мақала жазылған тілде аңдатпа және түйін сөздер келтіріледі, әрі қарай бір аралықтан кейін мәтін жазылады, мақала мәтіні толық аяқталғаннан соң, бір аралықтан кейін пайдаланылған ідебиеттер тізімі (5-10 жыл аралықтағы, 7-10 атайдан кем емес)келтіріледі, әрі қарай бір аралықтан кейін қалған екі тілдегі аңдатпалар мен түйін сөздер келтіріледі;
  • мақала аңдатпадан (бос жерлерімен қоса 800-1000 белгі, 7-8 жолдан аспайтын) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі сөздерден тұруы керек.  Аңдатпа оның тақырыбы және құрылымы туралы жинақталған ұғымды беретін, ғылыми шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы болып табылады. Аңдатпа мәтіннен басқа, жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес рәсімделген, тақырыпты, авторлардың тегін, атын, әкесінің атынан, мекемені, қаланы қамтуы керек.  Негізгі  сөздер  мақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтамасыз етуі керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Тізімді салдыр-салақ немесе дұрыс жасамау, бұл сұраныстар бойынша, сайтқа сіздің жұмысыңызға қызықпайтын, бөгде адамдардың кіруіне алып келеді.  Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words),  көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract-қа қосу керек.
  • автордың қолы қойылған мақаланың мәтініне ішкі және сыртқы рецензияларды, автор (авторлар) туралы мәліметтер қосылуы тиіс;
  •  материалдар электронды тасымалдағышта (CD-R/RW диск) және салыстырып тексеру үшін қағазда басылған  нұсқа түрінде жіберіледі;
  • парақтар рет санымен белгіленеді.
  • Суреттер өте сапалы болу керек және міндетті түрде атаулары болуы тиіс. Суретте келтірілген әріпті белгілеуге сурет астындағы мәтінде түсініктеме беріледі.
  • Формулалар MathType формуляторында 12 – қаріппен  (кегль) жазылуы тиіс. Формуладағы барлық қысқартылған сөздер және шартты белгілер физикалық мәндер өлшемділігі ӨБ жүйесінде ұсынылады. Мәтінде сілтемемен келтірілген формулалар және теңдеулер реттік санмен белгіленеді.
  • Мәтіндегі әдебиетті сілтемелер мақала соңында келтірілген әдебиеттер тізімінің реттік санына сәйкес белгіленеді. Мәтіндегі әдебитетті сілтемелер квадратты жақша ішінде реттік санмен белгіленеді.  Егер де бір сілтеме бірнеше рет қарастырылған жағдайда, бұл сілтеме әдебиеттер тізімінде бір рет ғана жазылады; егер де бір жинақтағы әртүрлі авторларға сілтеме жасалған жағдайда, әр автор жеке жазылады. Авторлар саны 4 адамнан артық емес болған жағдайда барлық авторлардың тегі жазылады; авторлар саны көп болған жағдайда, алғашқы үш автордың тегі жазылады және әрі қарай «және т.б.» жазылады. Әдебиеттер тізімі «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесі» 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес рәсімделуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі түпнұсқа тілінде жазылады. 

Журналдар 

1 Третьяков Ю.Д. Процессы самоорганизации в химии материалов // Успехи химии. – 2003. – Т. 72, № 4. – С. 731-763.

2 Пак Н.С. Социологические проблемы языковых контактов // Вестник КазУМОиМЯ им. Абылай хана. Серия «Филология». – Алматы, 2007. – № 2(10). – С. 270-278.

Кітаптар

1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 с.

2 Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы: в 5 т. – Алматы: Ғылым, 2001. – Т. 4. – 369 с.

3 Гембицкий Е.В. Нейроциркуляторная гипотония и гипотонические (гипотензивные) состояния: руководство по кардиологии: в 5 т. / под ред. Е.И. Чазова. – М.: Изд-во Медицина, 1982. – Т. 4. – С. 101-117.

4 Портер М.Е. Международная конкуренция / пер. с англ.; под ред. В.Д. Щепина. – М.: Международные отношения, 1993. – 140 с.

5 Павлов Б.П. Батуев С.П. Подготовка водомазутных эмульсий для сжигания в топочных устройствах // В кн.: Повышение эффективности использования газообразного и жидкого топлива в печах и отопительных котлах. – Л.: Недра, 1983. – 216 с.

Жинақтар

1 Зимин А.И. Влияние состава топливных эмульсий на концентрацию оксидов азота и серы в выбросах промышленных котельных // Экологическая защита городов: тез. докл. науч.-техн. конф. – М.: Наука, 1996. – С. 77-79.

2 Паржанов Ж.А., Моминов Х., Жигитеков Т.А. Товарные свойства каракуля при разном способе консервирования // Научно-технический прогресс в пустынном животноводстве и аридном кормопроизводстве: матер. междунар. науч.-практ. конф., посв. 1500-летию г. Туркестан. – Шымкент, 2000. – С.115-120.

Заңнамалық ақпараттар

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Аграрлық саланы несиелеу мәселелері бойынша: бек. 25 қаңтар 2001 жыл, № 137.

2 Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года: утв. Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2001 года, № 735 // www.minplan.kz. 28.12.2001.

3 План первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан: утв. Постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года, №1039//www.kdb.kz.

4 Қазақстан Республикасы. ҚР Заңы. Мемлекеттік сатып алулар туралы: 2007 жылы 21 маусымда қабылданған.

5 Стратегический план Агентства РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства на 2010-2014 годы: утв. постановлением Правительства РК от 3 марта 2010 года, № 17.

Патенттік құжаттар 

1 А.с. 549473. Способ первичной обработки кожевенного сырья / Р.И. Лаупакас, А.А. Скородянис; опубл. 30.09.1989, Бюл. № 34. – 2 с.

2 Пат. 2187888 Российская Федерация, МПК 7 Н 04 В 1/38, Н 04 J 13/00. Приемопередающие устройства / Чугаева В.И.; заявитель и патентообладатель Воронеж. науч.-исслед. ин-т связи. – № 200131736/09; заявл. 18.12.00; опубл. 22.08.02, Бюл. № 23 (II ч.). – 3 с.

Газеттер

1 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269.

2 На реализацию проекта «Актау-Сити» будет направлено 36 млрд. тг // Панорама – 2009, октябрь – 16.

3 Кузьмин Николай. Универсальный солдат. «Эксперт Online» http://www.nomad.su 13.10.2009.

Internet көздері

1 Образование : исследовано в мире [Электронный ресурс] : междунар. науч. пед. интернет журнал с библиотекой депозитарием / Рос. акад. Образования ; Гос. науч. пед. б-ка им. К. Д. Ушинского. – Электрон. журн. – М., 2000. – Режим доступа к журн. : http : // www.oim.ru, свободный.

2 Шпринц, Лев. Книга художника: от миллионных тиражей – к единичным экземплярам [Электронный ресурс] / Л. Шпринц. – Электрон. текстовые дан. – Москва: [б.и.], 2000. – Режим доступа:  http://atbook.km.ru/news/000525.html, свободный.

Басылып шығарылмаған құжаттар

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептері

1 Формирование и анализ фондов непубликуемых документов, отражающих состояние науки Республики Казахстан: отчет о НИР (заключительный) / АО «Нац. центр научно-техн. информ.»: рук. Сулейменов Е. З.; исполн.: Кульевская Ю. Г. – Алматы, 2008. – 166 с. – № ГР 0107РК00472. – Инв . № 0208РК01670.

Диссертациялар

1 Хамидбаев К.Я. Каракульские смушки Казахстана и некоторые факторы, обуславливающие их изменчивость: автореф. … канд. с.-х. наук: 06.02.01. – Алма-Ата: Атамура, 1968. – 21 с.

2 Избаиров А.К. Нетрадиционные исламские направления в независимых государствах Центральной Азии: дис. … док. ист. наук: 07.00.03 / Институт востоковедения им.Р.Б. Сулейменова. – Алматы, 2009. – 270 с. – Инв. № 0509РК00125.

Сақтауға тапсырылған қолжазбалар

1 Разумовский В.А. Управление маркетинговыми исследованиями в регионе / Институт экономики. – Алматы, 2000. – 116 с. – Деп. в КазгосИНТИ 13.06.2000. – № Ка00144

Басылым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Журналға жарияланатын мақала бағасы 1500 теңге.

«Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысы» Республикалық ғылыми журналға жарияланатын мақала үшін төлем» деген жазуымен жарнаны мына мекен-жайға жіберу керек: 101400 Теміртау қ., Республики даңғылы, 30; Қарағанды мемлекеттік индустриалық университеті, БИН 060940005033; ИИК   KZ89826M0KZTD2999686, «АТФБанк» АҚ, БИК ALMNKZKA,  БИН 980541000035.

Мәтін тексерілмейді, сондықтан барлық материалдар талаптарға сәйкес рәсімделуі керек. Жоғарғыдағы талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды және қайтарылмайды.

Мақалалар және ілеспе құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:

101400, Қарағанды обл.,  Теміртау қ., Республика даң., 30, Қарағанды мемлекеттік индустриальды университеті, Ғылым, инновация және халықаралық серіктестік департаменті. e-mail: info@kgiu.kz

Редакциалық алқа

Ақпараттық хат/Мақаланы рәсімдеу үлгісі

Мақаланы  көрнекті рәсімдеу үлгісі

Анкета/Рецензия