“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Еуразиялық экономикалық интеграция

2014 жылдың 29 мамыр айында Еуразиялық экономикалық Одақты ұйымдастыру туралы келісім жасалды. ЕАЭО келісімі Қазақстан, Ресей, Белорус елдерінің тең құқықты экономикалық дамуына қосымша, оның ішінде көлік, энергетика, агроөндіріс кешені салаларында, сонымен қатар, жалпы нарықта адал бәсекелестікті дамытуға әсер етеді.

EvrAzEs1

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко ресми түрде жаңа ұйым құрды, бұл ұйым ұйымғм қатысушылардың әрқайысының экономикалық әл-ауқатының жақсарту бағытында жұмыс жасайды.

EvrAzEs2

1000  астам парақтан тұратын құжатқа қол қойылғаннан кейін, бұл құжат әр мемлекеттің парламентінде ратификацияланады.

«Біздің депутаттарға үлкен жұмысты атқару керек. Мен үш мемлекетке 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйым өз жұмысын бастау үшін бір уақытта үйлесімді жұмыс жасауды ұсынамын» – деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жаңадан құрылған ұйым жайлы осы жылдың қазан айында Минск қаласында өтетін ТМД елдерінің саммитінде талқыланады. Келесі кездесу желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтеді.

«Құжатқа қол қойылды» – деді кездесу соңында ҚР Президенті, – Әріптестер, барлығыңызға рахмет!».

Қазіргі кезде Еуразиялық интеграция тақырыбы Казақстан үшін ең маңызды тақырыптардың бірі.

Казақстан үшін еуразиялық интеграциялық идея және практика – мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі.

Казақстан бұрынғы КСРО кеңестігіндегі мемлекеттер ішінде кооперациялық байланысты, жаңа негізде экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру идеясын белсенді ұсынған бірінші мемлекет.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭҚ) орнына Еуразиялық экономикалық Одақ құрылды, ол өз жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бұл тек ғана экономикалық интеграциялану жайлы. Бұл жайлы бірінші рет 1994 жылы Қазақстандық Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономикалық одақ құру идеясын ұсынды, 170 миллион халқы бар үш елге ортақ жалпы нарықты құру идеясы еді. Тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмысшы күштің еркін қозғалысына арналған жағдай жасалады.
EvrAzEs3

Еуразиялық интеграциялануды құруға жасалған бірінші қадам, бұл 1995 жылы ЕврАзЭҚ құрылды, бұл Қауымдастық осы мемлекеттердің жалпы сыртқы кедендік шекараларын қалыптастыру, бір сыртқы экономикалық саясатты, тарифтер, баға және жалпы нарықты құраушы басқада жағдайларды әзірлеу қалыптасыру мақсатында құрылды.  2000 жылдың мамыр айында Ресей Президенті Владимир Путин осы Қауымдастықты қайта құру жөнінде ұсыныс жасады. Жыл өткен соң ЕврАзЭҚ жаңа құрамына РФ, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, және Тәжікстан кірді.

Екінші кезеңде Ресей, Беларус және Қазақстан мемлекеттерінің шегінде Кедендік Одақ (КО) құрылды, осы мемлекеттер арасында бірлі кедендік тариф қолданылады, кедендік баж салығы қолданылмайды және экономикалық сипатты шектеуліктер, сонымен қатар арнайы қорғанысты, қарсы демпингті және толықтыру шаралары қарастырылған. 2007 жылдың 6 қазанында Кедендік Одақтың құрылғаны жайлы келісімге қол қойылды. Бірақта Кедендік Одақ өз жұмысын 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастады.
EvrAzEs4

Үшінші кезеңде Бірлік экономикалық кеңестік (БЭК) құрылды. Бұл жайлы шешім Ресей, Беларус және Қазақстан мемлекеттерінің басшыларымен 2009 жылы 27 қарашада Мәскеу қаласында қабылданды. БЭК мақсаты өзара сауда жасау саласындағы кедергіліктерді жою, тауарлар, қызмет көрсету, капиталдар және жұмысшы күшінің  жалпы нарығын құру, сонымен қатар валюталық саясатты үйлестіру.

Еуразиялық интеграцияны жүзеге асыру үшін Президент Н.Ә. Назарбаев мынандай бағыттарды атап өтті:

Сонымен, бірінші бағыт, сауда және шекара ашықтығы. Нарықтың кеңейуі қазақстандық тауарлардың сапасына оң әсерін тигізеді, олардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру бағытында отандық бизнесмендер жұмыс жасауға мәжбүрлі болады.

Екінші бағыт – көліктік инфроқұрылымды дамтыу, қарапайым тілмен айтқанда, континент елдері арасындағы сауда қатынасын дамытуға арналған қажетті сапалы жолдарды салу. Қазақстанның географиялық орналасуы елдің транзитті мүмкіндігін тиімді пайдалануға өте тиімді.

Еуропа және Азияны қосатын жалпы көлікті және коммуникационды инфроқұрылымды дамыту қажет.

Бұл тақырып Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Көлік және коммуникация министрлігіне арналған үндеуінде өө жалғасын тапты.

Біз жемқорлықтан еркін, қауіпсіз және жайлы жаңа Жібек жолын қалыптастыруымыз керек. 2016 жылы Қазақстан аймақтың сауда, логистикалық, іскерлік орталығы болуы тиіс.

Интеграциялануға қатысты үшінші жол – инвестициялау және технологиялық айналымдарды ынталандыру қажет. Әрі қарай, төртінші қадам, жалпы капитал нарығын жасау қажет.

Еуропалық және азиялық қаржылық нарықтарды интеграциялау, сонымен қатар, қаржылық реттеуді жетілдіру және үйлестіру.

Президент атап өткен үшінші соңғы бағыт тұрақты және жаңа энергия көздері, адам қорын дамыту және алмасу және азық-түлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл жерде де қайтадан Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Энергиямен қамтамасыз ету 2008 жылғы Кавказдық дағдарыстан кейін еуропалық елдер үшін күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Еуропа баламалы мұнай құбыржолдарын салуда, ал Қазақстандық энергиялық қорлар көзі Батыс үшін үлкен қызығушылық тудырады.