«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Студенттерге арналған онлайн-лекция

[жариялау күні: 09.11.2017, 15:42:58, жариялауды: Әкімшілік]

IMG_8089Ағымдағы жылдың қараша айының 8-нде ҚМИУ-дың Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының бастамасымен Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Стратегиялық даму және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру ісі бойынша проректоры, филология ғылымының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы университіміздің оқытушылары мен студенттеріне онлайн дәрісбаян оқыды.

IMG_8082

 

Елімізде ғана емес, шетелде де алаштанушы ретінде белгілі  қоғам қайраткері   Д.Қамзабекұлының оқыған дәрісбаяны қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің тамырын дөп басып, оны Алаш Орда көсемдерінің шығармашылығы мен іс-әрекеттерінен нақты мысалдар келтіру арқылы талдап бергені тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

IMG_8070

 

 

Д. Қамзабекұлының дәрісібаянында Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар тың дәйектермен уәжделіп, терең ой айтылғандығымен маңызды болды. Сонымен қатар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты, дәлірек айтсақ, латын алфавитін қабылдау мәселесі, ұлттық құндылық – отбасылық құндылық  туралы қазіргі заманғы өзекті мәселелер де тақырыптан тыс қалған жоқ. Дәрісбаянның соңында Дихан Қамзабекұлы оқытушылар мен студенттердің қойған сұрағына жауап берді.

IMG_8080

 

Соңында ҚМИУ ректоратының атынан университетіміздің Оқу ісі жөніндегі проректор м.а. Сивякова Г.А. алтын уақытын бөліп, мазмұнды онлайын дәрісбаян оқып берген Д.Қамзабекұлына  алғыс сөз айтты.  Осындай іс-шараларды өткізіп тұруға және алдағы уақытта іскерлік қарым-қатынастарын одан әрі жалғастыруға екі университет те ниетті екендігін білдірді.

 

Қазақ, орыс және

шетел  тілдер кафедрасы

 

 

09.11.2017, 15:42:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар