«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ X Президенттік олимпиаданың қатысушыларын қабылдайды

[жариялау күні: 08.11.2017, 14:02:57, жариялауды: Әкімшілік]

IMG_8035X Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағыттар бастауы 7 қараша күні кешке берілді. Еліміздің ең мықты 11-сынып оқушылары  қатысатын  зияткерлік шайқас Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін мерекелеу қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі.

 

Президенттік олимпиада жыл сайын көптеген оқушыларды тартуда. Тоғыз жыл ішінде оған 1410 адам қатысты, 285 жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік беделді жоо-да оқиды.

IMG_8025Биылғы мерейтойлық олимпиадаға Қазақстанның он төрт аймағынан және Алматы мен Астана –  республикалық маңызы бар екі қаладан 160-тан астам ең үздік түлектер қатысады. Әрбір 11-сынып оқушылары төрт пәннен күрделі тапсырмаларды шешеді.IMG_8029

– Теміртау – біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек және саяси қызметі басталған қала, ал ҚМИУ – онда мемлекет басшысы оқыған және жоғары білім алған жоғары оқу орны. Және мұны балалардың көргенін және білгенін қалаймыз, – дейді ҚР білім және ғылым Министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық  орталығының директоры Шолпан Қирабаева. – Олимпиаданың әр қатысушысы өзінің аймағын – оның салт-дәстүрлерін және киелі орындарын ұсынады. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары ҚМИУ базасында өтіп жатқан теориялық және практикалық – екі кезеңге қатысып, олар ҚР Тұңғыш Президенті мұражайына, атақты теміртау қысқы бағына барады, сондай-ақ қала көшелерін жүріп өтеді.

IMG_8031Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының академиктері, доценттері, магистрлер мен докторанттарынан тұратын әділ қазылар алқасы 10 қараша күні  жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, сондай-ақ ҚР БҒМ 1, 2 және 3 дәрежелі диплом иегерлерін анықтайды. Қазылар алқасын академик Мұхтарбай Өтелбаев басқарады.

Барлық жеңімпаздар, жүлдегерлер мен үш дәрежелі диплом иегерлері, республиканың жоғары оқу орындарына түскен кезде білім беру гранттарын алуға құқығы басым болады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

08.11.2017, 14:02:57, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар