“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Техника-экономикалық колледжі

«Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» РМК жанындағы

ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

             Техника-экономикалық колледжі «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің» құрылымдық бөлімі болып табылады және өзінің қызметін үздіксіз колледж-ЖОО білім жүйесі бойынша жүзеге асырады.

ҚМИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйек айынан бері техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік жалпыбілім стандарттарының негізінде жұмыс жасайтын заманауи, көш бастап келе жатқан колледж болып табылып қана қоймай, сонымен қатар, техникалық және кәсіби оқу орындарына негізделетін ең жоғарғы талаптарға сай.

Колледж директоры педагогика ғылымдарының магистрі Хамитов Сапар Бағдатұлы.

Колледж мемлекеттік лицензияға сәйкес білім әрекетін 9 мамандық бойынша жүзеге асырады:

Соның ішінде 2 экономикалық мамандық:

  • 0515000 “Менеджмент” – біліктілігі: менеджер;
  • 0518000 “Есеп және аудит” – біліктілігі: экономист-бухгалтер.

7 техникалық мамандық:

  • 0907000 “Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері” – біліктілігі: техник-жылу технигі;
  • 0911000 “Электр және электромеханикалық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету, техникалық пайдалану” – біліктілігі: электромеханик;
  • 1201000 “Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу мен пайдалану ” – біліктілігі: техник-механик;
  • 1002000 “ Қара металл металлургиясы” – біліктілігі: техник-металлург;
  • 1304000 “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” – біліктілігі: техник-программист;
  • 1401000 “ Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану” – біліктілігі техник-құрылысшы;
  • 1112000 “ Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану” – біліктілігі: техник-механик.

«Біздің мамандарымыз – жарқын болашағымыздың кепілі!»

Колледжде білім беру 9-11 –сыныптар базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылып, күндізгі және сырттай білім беру үлгісі бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында студенттермен оқудан тыс жұмыстарға арналған барлық жағдай мен белгілі материалды-техникалық жағдай жасалған.

Студенттерге техникалық және кәсіптік білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.

Колледждің білім беру мекемесінде студенттер тәрбиесінің басты міндеті әлеуметтік-тәрбиелік орта құру, рухани құндылықтар негізінде адамгершілік пен ұлт жандылықты орнықтыру, салауатты өмір салтын ұстануға жігерлендіру, әлеуметтік емес құбылыстарды қабылдамау, оқудан тыс жұмыс жүйесін тиімді іске асыру үшін ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.

Колледж студенттері университеттің кітапхана, оқу залы, компьютер сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін қолданады.

Колледжді бітірген соң студенттер өз мамандықтары бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті мен басқа да ЖОО-да қысқартылған оқу үлгісі бойынша оқуын жалғастыра алады – күндізгі бөлімде 2,5 жыл және сырттай бөлімде 3,5 жыл.

Колледж студенттері түрлі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдарға, көрмелерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға, сондай-ақ спорттық шараларға белсене қатысады.