“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Материалды-техникалық базасы

«Технологиялық машина және көлік» кафедрасында оқу үрдісін жүзеге асыру және кәсіптік дайындау үшін 4 пәндік дәрісхана, 4 зертхана, 1 компьютерлік клас, 1 шеберхана бар.

Кафедреның зертханаларында келесі жұмыс істеп тұрған стендтер орнатылған: көтеріп тасымалдаушы машиналар (консольді және көпір краны, таспалы конвейер); ұнтақтағыш-сұрыптағыш құрылғылар (жақтық, конустық, біліктік, балғалы ұсатқыштар, вирациялық елегіш); құрылыс машиналары

(араластырғыш, қоректендіргіш, классификатор, вибрациялы алаңшалар); металлургиялық құрылғылар (конвертер, прокаттау клеттері); гидравликалық жетек, метал кескіш станоктар және т.б.

Кафедрада зертханада бар стендтерді жетілдіру және оны жаңалау жұмыстары жиі жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған стендерді жетілдіру және құру үшін кафедраның профессорлық –оқытушылар құрамы,  оқу-көмекші персонал  және дипломдық жоба тапсырмалары сәйкес келетін бітіретін курс студенттері белсенді қатысады. Кафедраның бітіретін курс студенттері электрлік консольді және көпірлік кранды, таспалы конвейерді, ұсатқыш-сұрыптағыш  құрылғыларды жетілдірді.

Кафедраның оқу-эксперименттік техникалық базасының толықтығы  5В071300 – «көлік, көліктік техника және технологии» және  5В072400 – «Технологиялық  машина және жабдықтар» мамандықтары бойынша оқу жоспарына сәйкес зертханалық сабақтар жүргізуге мүмкіндік береді.