“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Иванов Николай Григорьевич

Білімі: Жоғары, 1979 жылы Қарағанды Политехникалық Институтын «Жер асты таукен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибем:

04.1969 ­– 11.1970: ЖПЦ-1 электр жабдықтарын жөндеу бойынша электромонтаждаушы, КМК конверторлық цехының электр жабдықтарын реттеу бойынша электр жабдықтарының маманы.

12.1972 – 1990: Теміртау учаскесінде «ҚазЭлектроМонтаж» тресін пайдалануға беру және іске қосу. 1 санатты инженер-реттеуші.

03.1990 – 04.1992: Шетелге іссапар. Нигерия. Аджаакута. Металлургия комбинатында электрлік құрал-жабдықтарын реттеу

09.1992 –1994: Электротехникалық бөлімнің бас маманы. «ҚазГИПРОМЗ» жобалау институты, Теміртау қаласы.

01.1996 – 31.2010: Теміртау қаласының «Испат-Кармет» АҚ ЖПЦ-3 Автоматика учаскесінің жылжымалы бөлімшесінің электр жетегі техникалық қызмет көрсету және жөндеу” бойынша аға мастер

Жұмыстар орындалды.

ПТС-01 телемеханикалы құрылғыларын түзету. Ағындық тасымалдау жүйесі. Әктас күйдіру цехы. KMК. Теміртау қаласы.

Электр жабдығын түзету: ыстық прокат цехын қайта жаңарту, №1,2 кесу агрегаттары, ҚПЦ – 1,2,3 прокат орнақтары; №2 листопрокат цехының агрегаты;  №№ 1,2. қалайылау агрегаттары; КМК Теміртау қаласы; Балқаш кен-металлургия комбинатының мыс бойынша стан прокаты. Балқаш қаласы.

Тұрақты тоқ жетегін түзету: ҚПЦ – 1 ыстық прокат орнағы – бас жетегі, ұшпа қайшылар, тік жасушалары, кесу агрегаты; 1400 бас жетегі орнағы; прокатты-үйретушілерге арналған орнақ – ҚПЦ -3 созылмалы роликтері; үздіксіз күйдіру агрегаты – созылмалы роликтер, моталкалар; ҚПЦ -3 суық прокаттау орнақтарының баспалы бұрандалары; буып-түю және орау орамасының агрегаттары. ҚПЦ-2; №1, КМК. Теміртау қаласының №1 аглофабрикасының синхронды қозғалтқыштарының статистикалық түрлендіргіштері, түтін сорғылары, компрессорлары;

КМК, ҚарГРЭС, зСК және өзге де кәсіпорындарының қосалқы құрылғыларының жобалау механизмдерінің электр жетектері.

1993 – 2008  –  Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде сырттай оқу бөлімі, «ЭҮ және ТҚК» кафедра доценті қызметін атқарады

2011-2014:  Теміртау қаласы, Гранит ӨК  Электр жабдықтары мен электр механизмдері бойынша кеңесші

09.2014 –­­ 06.2016 Теміртау политехникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы: электр жетегі негізі, станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдығы, электр жабдықтарын жөндеу.

09.1996 – 2017 – Теміртау қаласы «Испат-Кармет» АҚ ОРОП оқытушысы.

01.2013 жылдан бастап зейнетте.