“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Басшылығы

Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы

Жабалова Гүлнар Ғазизқызы –  доцент, техника ғылымының кандидаты.

Білімі:

1994 жылы Қарағанды металлургиялық институтының 220440 «Өндірістік жылуэнергетика» мамандығы бойынша оқу бітірген.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Техника  ғылымының кандидаты, доцент.

Басылымдары:

50 артық ғылыми-әдістемелік еңбектер авторы, оның ішінде © индексті,  ISBN индексті 6 әдістемелік құрал, 2 өнертапқыштық куәлік авторы.

ӨМІРБАЯНЫ

  • 1994 жылдың 1 маусымында «Өндірістік жылуэнергетика және металлургиялық жылутехника» (ӨЖЭ жМЖТ) кафедрасына стажер-оқытушы лауазымына қабылданды.
  • 2004 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін «Қара, т.сті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
  • 2008 жылы «Энергетика» мамандығы бойынша доцент деген ғылыми атақ алды.

Соңғы уақыт ішінде ол «Өндірісті кәсіпорындардағы қазандықты қондырғылар», «Жоғары температуралы үрдістер және қондырғылар», «Қыздыру және қыздыратын қондырғылар», «Металлургиялық жылутехника» және т.б.,  оның ішінде күндізгі және сыртқы оқу түрінде оқитын студенттерге арналған курстық жобалау бойынша әдістемелік құралдар әзірлеген.

Жыл сайын Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен 3-6 дипломдық жобалар орындалады. Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен бітіруші-студенттер күшімен әртүрлі пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған 4 зертханалық қондырғылар жасалған.

Жыл сайын университетте және т.б. ғылыми-техникғалық конференциялар жұмысына белсене қатысады, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.

Г.Г. Жабалова 2D, 3D, DEFORM 2D, 3D сызба-графикалық құжаттарды дайындауға арналған КОМПАС-График автоматтандырылған жобалау бағдарламасының қолданушысы, металлургиядағы термодинамикалық үрдістер, болатты үздіксіз құю, болондық үрдісті жүзеге асыруға арналған кредитті технология бойынша оқыту, біліктілікті арттыру курсынан, «МитталСтил Теміртау» 2-ЖЭЦ өндірістік іс-тәжірибеден өткен.

Байланыс телефоны: 8 (7213) 91-42-64. Email: .

 


Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің декан орынбасары

Жанабергенова Динара Кенесовна– гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы

Білімі: 1996 ж. Теміртау педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып оқытушысы, ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырушы» мамандығы бойынша оқып тамамдаған.

2004 ж. – Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ 6МО20300 «Тарих» мамандығында оқып, магистрлік диссертация қорғап, «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі берілді.

Академиялық тәжрибесі: 1996-2005 жж. №7 ОМ тарих оқытушысы;

2006-2011 жж. ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде тарих оқытушысы, күндізгі техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2015 жж. ЖМ Теміртау  техникалық колледжінде қоғамдық пәндер оқытушысы;

2015 жылдан бастап ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы;

Оқытатын пәндері: Әлеуметтану, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, саясаттану.

Куәліктері мен кәсіби тіркеулері:

2013 ж. «Демократиялық қоғамды дамыту тарихы» (Шығыс Европа мысалында) курсын тыңдаушы сертификаты. Прага 15.04.-29.04.2013 ж.

2015 ж. – Облыстық әдістемелік бірлестіктің «Студенттердің зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысушы сертификаты (Қарағанды обылысының оқу-әдістемесін дамыту орталығы);

2015 ж. біліктілікті көтеру тақырыбындағы «Техникалық және кәсіби білім беруде жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» курсын тыңдаушы сертификаты.

2015 ж. ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты талабына сәйкес «Сапа менеджменті жүйесін енгізу» семинар-тренингіне қатысушы сертификаты (ЖШС «ВЦ Консалитинг-Сертифик»),

Марапаттары мен сыйақылары:

2002 ж. облыстық білім беру Департаментінің грамотасы;

2007 ж. – ҚМИУ ректорының алғыс хаты;

2008 ж. Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының алғыс хаты

2010 ж. ҚМИУ ректорының грамотасы

2014 ж. Қарағанды облстық оқу – әдістемелік орталығының үздік әзірлеме үшін ІІІ дәрежелі дипломы.


Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің декан орынбасары

Капашева Жания Кудайбергеновна – гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы

Білімі   жоғары 

Мамандығы  1990-1995 ж.ж.  Жезқазған  педагогикалық  институты 5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті

2014-2016 ж.ж. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 6М020500 – Филология

Біліктілігі    Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Академиялық жұмыс тәжірибесі 

1995-2003 ж.ж. орта білім саласында жоғары біліктіліктің жоғары санатты мұғалімі

2004-2013ж.ж.ҚМИУ жанындағы ТЖКББ жүйесінде (бөлім меңгерушісі)

2013ж.- қазіргі уақытқа дейін жоғары білім саласында ҚМИУ -дың  «ҚОжШТ» кафедрасының аға  оқытушысы

ҚМИУ   Көптілді білім беру орталығының директоры

«ЭжҚ» факультеті деканы орынбасары

Оқытатын пәндері  Қазақ тілі.  Кәсіби қазақ тілі.  Орыс тілі. Кәсіби орыс тілі

Куәлігі  мен сертификаттары 

Словакия Республикасында Еуразиялық Академия базасында филология, лингвистика және Еуропадағы тілдер технологиясы мәселелері бойынша ғылыми тағылымдама Братислава қ., 2015ж.

Назарбаев Университеті базасында Жоғары  білім көшбасшыларының 5-Еуразиялық Форумында оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар қатысушысы Астана қ., 2016ж.

Назарбаев Университеті базасында Жоғары  білім көшбасшыларының 6-Еуразиялық Форумында «Қазақ тілі Кафедрасында бірлескен басқару принциптерін енгізу» семинарының қатысушысы Астана қ., 2016ж.

«Әлемді өзгертетін идеялар» «Ұлт жоспары – Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» семинар-тренинг қатысушысы Астана қ., 2016ж.

АрселорМиттал Университет Қазақстан Кампусы базасында  «Кері байланыс тиімді, тәлімгерлік, және мониторинг» Теміртау қ., 2016ж.

«Әлемді өзгертетін идеялар» «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» семинар-тренинг қатысушысы Астана қ., 2017ж.

«Мәңгілік ел жастары –индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың  I Республикалық Форумының қатысушысы Семей қ., 2017ж.

Қосымша ақпарат 

Теміртау қ. Әкімінің  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН   марапатталған 2015ж.

ҚР БҒМ  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталған 2017ж.

ҚР БҒМ  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталған Астана қ., 2017ж.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы директорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталған Астана  қ., 2017ж.

ҚМИУ ректоры Б.Жаутиковтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталған Теміртау қ., 2017ж.